Қолданыстағы ред. 05.02.2007 (Редакция 32257_350262.kaz)

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртіптері туралы от 05.02.2007 г. № 19 (Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртіптері туралы)

0

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен
қаржыландыру тәртіптері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес аудан көлемінде ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру мақсатында аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі (бұдан әрі-Тәртіп) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы мекемелер мен кәсіпорындар тізімі 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. Селолық округ әкімдеріне, кәсіпорындар мен мекеме басшыларына ақылы қоғамдық жұмысты бекітілген қосымшаларға сәйкес ұйымдастыру міндеттелсін.

5

5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Тәртіптің тиесінше орындалуын қамтамасыз етсін.

6

6. Аудандық қаржы бөлімі Тәртіпке сәйкес уақытылы қаржыландыруды жүргізсін.

7

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н. Иманғалиевке жүктелсін.

8

8. Осы қаулы ресми жарияланған кейін күшіне енеді.
Қаулы ескерусіз келісілді:
Атырау облысы бойынша «Жылжымайтын
мүлік жөніндегі орталығы» РМК
Махамбет филиалының бастығы
Н. Жұмашев
06.02.2007 ж.
Аудандық пошта байланыс
мекемесінің бастығы Ұ. Оспанова
06.02.2007 ж.
Аудандық зейнетақы төлеу
бөлімшесінің бастығы
Қ. Мұхамбетова
08.02.2007 ж.
«Атыраусушар» РМК Төменгі
Жайық филиалының директоры
В. Розенов
07.02.2007 ж.
Атырау облысы орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемесің қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемесінің Махамбет орманшылығының
бастығы Ө. Қапанов
07.02.2007 ж.
«Махамбет» коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорынының бастығы С. Хайрушев
08.02.2007 ж.

9

Аудандық әкімиятының
2007 жылғы «5» ақпан № 19
қаулысына 1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру және тәртібі
Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес әзірленді.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен азаматтар орындайтын еңбек қызметінің түрлері «қоғамдық жұмыстар» деп түсініледі.

2

2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдері қолданылады.

3

3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жіберіледі.

2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

4

4. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды, комиссия қорытындысы өкілетті органға ұсынылады.
Өкілетті орган ұсынысты бекіткеннен кейін жергілікті атқарушы орган тізімге сай жұмысты ұйымдастырады.

5

5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыс берушілермен 1 айдан 6 айға дейін мерзімге қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға келісім – шарт жасасады.Кейбір жағдайларда, жұмыссыздың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, бір жылға дейін ұзартуға болады.

6

6. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынандай ерекшеліктері болады:

1

1) қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады, жұмыс орнының саны іс жүзінде шектелмейді және жұмыс уақытша сипатта болады, оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындарымен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;

2

2) толық емес жұмыс күні жағдайында, икемді кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі 6 сағат (толық жұмыс күні, мекеменің жағдайына қарай жұмыс беруші жұмыссыздың жалақысына үстемі еңбек ақы төлеген кезде);

3

3) аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;

4

4) арнаулы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

7

7. Қоғамдық жұмыстарды өзінің жеке қаражаты есебінен өзінде ұйымдастыруға тілек білдіретін жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органдарға өтінім береді.

3. 3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу

3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу

8

8. Жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған ең төменгі еңбек ақының санына, сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.

9

9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген салық салынады және жұмыспен қамту уәкілетті органдарының тапсырысына сәйкес жұмыссыздың жеке дербес шотына аударылады.

10

10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

4. 4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу

4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу

11

11. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.

12

12. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.

13

13. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.

14

14. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.

5. 5. Қаржыландыру, есепке алу, есептілік және бақылау тәртібі

5. Қаржыландыру, есепке алу, есептілік және бақылау тәртібі

15

15. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүргізіледі.

16

16. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып отырған кәсіпорын жергілікті уәкілетті органдарға әр айдың 25-күніне дейін өткен ай үшін белгіленген заңнама тәртібінде есеп береді (жұмыс уақыты есебінің табелі, атқарылған жұмыстардың актлері).

17

17. Жергілікті уәкілетті органдар арқылы қоғамдық жұмыстар жүргізетін кәсіпорындар есептерін тексеріп, қаржыландыруға қажетті қаржының көлемін анықтап, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырыс жолдайды.

18

18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті уәкілетті органдар тапсырысы негізінде жинақтап, қажетті қаражатының көлемін анықтап, әр айдың 10-күніне дейін жергілікті қаржы бөліміне тапсырыс береді.

19

19. Жергілікті қаржы бөлімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен түскен тапсырыс негізінде жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен қаржыландыру ашады.

20

20. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы шотқа қаржы түскеннен кейін, екі күннің ішінде жұмыссыздың дербес шотына аударады.

21

21. Жергілікті уәкілетті органдар әр ай сайын өткен айда жұмсалған қаржы туралы есепті заңнамаға сәйкес (пошта байланысы бөлімшесімен жасалған салыстыру актлері) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне, жергілікті қаржы бөліміне тапсырады.

22

22. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен оны қаржыландыру тәртібіне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, қаржы органдары және қаржыны бақылау органдары бақылауды жүзеге асырады.

23

23. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:

1

1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;

2

2) статистика жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;

3

3) белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.

45

Аудандық әкімиятының
2007 жылғы «5» ақпан № 19
қаулысына 2-қосымша
Рет саны
Мекемелер мен кәсіпорындар
1
Махамбет селолық округі
2
Ақжайық селолық округі
3
Ақтоғай селолық округі
4
Алға селолық округі
5
Алмалы селолық округі
6
Бақсай селолық округі
7
Чкалов селолық округі
8
Есбол селолық округі
9
Жалғансай селолық округі
10
Сарайшық селолық округі
11
Сарытоғай селолық округі
12
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
13
Атырау облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК Махамбет филиалы (келісім бойынша)
14
Аудандық пошта байланыс мекемесі (келісім бойынша)
15
Аудандық зейнетақы төлеу бөлімшесі орталығы (келісім бойынша)
16
«Махамбет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (келісім бойынша)
17
«Атыраусушар» РМК Төмендегі Жайық филиалы (келісім бойынша)
18
Атырау облысы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің махамбет орманшылығы (келісім бойынша)

46

Аудандық әкімиятының
2007 жылғы «5» ақпан № 19
қаулысына 3-қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстың түрлері
Р/с
Жұмыс түрлерінің атауы
Ең төменгі жалақы есебімен алғандағы жұмыссыздардың еңбекақысы
1
Су, газ құбырларына жөндеуге қатысу және өр суынан қорғану жұмыстарына қатысу
1,5
2
Әлеуметтік мәдени маңызы бар нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге қатысу, тал шауып, шетен тоқу, қамыс дайындап, маты тоқу
1,5
3
Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)
1,3
4
Суғару жұмыстары
1,3
5
Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді және қорықтарды қалпына келтіру
1,3
7
Республикалық және аймақтық санақ жұмыстарына қатысу
1,3
8
Селолық округтерде жүргізілетін жұмыс түрлері:
1,3
8.1
-санақ жұмыстарына, мал санағын жүргізуге, жұқпалы мал ауруларына қарсы алдын-ала егу, ұрықтандыру шараларын жүргізуге қатысу, мал қырқу
1,3
8.2
-жалғызбасты қарттарға отын түсіру, мал азығын дайындауға көмектесу, шөп шабу жұмыстары, тас басу
1,5
8.3
-селолық пошта бөлімшесіне көмек, газет тарату
1,3
8.4
-Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу
1,5
8.5
-Жастарды және жас мамандарды еңбекке баулу
1,5
8.6
-Хат тасушы
1,3
9
Тағы басқа жұмыстар түрлері, соның ішінде:
9.1
-әскери комитетінде санақ жүргізу жұмыстары
1,3
9.2
Ауылшаруашылығы өнімдерін сауда орындарында өткізуге көмектесу
1,5
9.3
Мәдени шараларды өткізуге көмектесу
1,3