Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы №1016 «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы от 12.02.2007 г. № 223 (Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері бекітілсін.
2. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі,
2007 жылғы 12 ақпандағы № 223
Кентау қалалық мәслихатының
шешімімен бекітілген
Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері
р/с
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
50
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электронды рулетканы қоспағанда)
80
3.
Букмекер кеңсе кассасы
240
4.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
18
5.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы
25
6.
Бильярд үстелі
30
* тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға белгіленген