Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы №1016 «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі,
Басқа 3
2007 жылғы 12 ақпандағы № 223 Кентау қалалық мәслихатының шешімімен бекітілген Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері р/с № Салық салу объектісінің атауы Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен) 1. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы 50 2. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электронды рулетканы қоспағанда) 80 3. Букмекер кеңсе кассасы 240 4. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы 18 5. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы 25 6. Бильярд үстелі 30 * тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға белгіленген