Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О Медико-экологической программе области

Өзге акт · № 17 · қабылданған 19.01.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3229/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О Медико-экологической программе области Қолданыста 19.01.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О Медико-экологической программе области

Қолданыста Өзге акт № 17 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Медико-экологической программе области
Атауы (қаз.)
Облыстың медициналық - экологиялық бағдарламасы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17
Қабылданған күні
19.01.1999
Көрсетілген редакция
19.01.1999 3229_250620.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99P000114_
ЭКБ идентификаторы
3229
Редакция идентификаторы
3229_250620
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:22
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстың медициналық - экологиялық бағдарламасы туралы

Қолайсыз экологиялық факторлардың облыс тұрғындарының денсаулығына тигізетін әсерін азайту мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы ақпанның 19-дағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 - 2000 жылдарға арналған іс қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» № 119 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Облыстың 1999 - 2000 жылдарға арналған Медициналық – экологиялық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2. Медициналық – экологиялық бағдарламаны орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.

3 Облыстың 1999 - 2000 жылдарға арналған медициналық – экологиялық бағдарламасы

Облыс әкімінің 1999 жылғы
қаңтардың 19-дағы № 17
шешіміне қосымша
Облыстың 1999 - 2000 жылдарға арналған медициналық – экологиялық бағдарламасы
Соңғы жылдары облыс тұрғындары денсаулығының жағдайы нашарлай түсуде. «Сауықтыру», «Полигон» бағдарламалары бойынша, аудитпен өткізілген ғылыми зерттеулер Семей ядролық жарылыстары жиынтығының әсері, атмосфералық ауаның ластануы мен қоршаған ортаның басқа да қолайсыз фактілері облыс тұрғындары денсаулығының төмендей түсуін шешуші әсер еткендігін дәлелдеді.
Облыс тұрғындарының денсаулығына келтірілген зиянды шамамен 9 млрд. теңге көлемінде бағалауға болады.
Балалар арасындағы денсаулық индексі бар-жоғы 10 - 12 %, жүкті әйелдер арасында – 8 - 10 % құрайды. Жүкті әйелдердің 80 %-тен астамы анемиямен ауырады. Семей ядролық полигоны аймағы мен экологиялық ластанған аумақтардағы тұрғындарды зерттеу нәтижесінде тексеруден өткізілген бір сәбидің 3 - 4, бір ересек адамның 4 - 6, 4 ауру түрімен ауратындығы анықталады.
Уақытша еңбекке жарамсыздық және мүгедектікке шығу деңгейі жыл сайын өсуде, 40-тан 60-қа дейін кәсіби аурулардың пайда болу жағдайлары тіркелуде. Демографиялық жағдай соңғы 5 жылда күрт өсті: бала туу 1992 жылғы 1000 адамға шаққандағы 16,1-ден 1997 жылы 11, 4-ке кеміді. Жалпы өлім саны тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 7,8-ден 10,7-ге өсіп, табиғи өсу тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 8,3-тен 0,7-ге дейін қысқарды.
Аса қауыпты аурулар ошағы белең алуда, облысқа тырысқақ, оба, безгек ауруларының таралу қаупі бар. Жоғары деңгейде туберкулез, сифилис, онкологиялық аурулар түрлері тіркелуде, 10 адамнан ВИЧ жұқпалы ауруы табылады.
Тұрғындар арасындағы өлімнің 20 %-не нашар экологиялық жағдайы себеп болып отыр.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында ауа қорғау шараларының орындалуы, сонымен бірге өндіріс көрсеткіші көлемінің құлдырауы атмосфералық атмосфералық ауадағы қалдықтардың төмендеуіне себеп болды. 1997 жылы 1989 жылмен салыстырғанда стационарлық көздерден шығатын ластағыш заттар қалдықтары 2,5 есеге азайып, 514,0 мың тоннаны құрады. Бірақ та облыс бір адамға шаққанда зиянды қалдықтар шығарудан орташа республикалық деңгейден 4 есе дерлік өсіп, бірінші орында келеді.