Қолданыстағы ред. 05.02.2007

Жұмыссыз азаматтар үшін ақылы жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 05.02.2007 г. № 29 (Жұмыссыз азаматтар үшін ақылы жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

Жұмыссыз азаматтар үшін ақылы жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-шы бабына сәйкес 2007 жылы Ескелді ауданының халқын жұмыспен қамту және ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру мақсатында аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Жұмыссыз азаматтар үшін жұмыс ұйымдастырушылар және қоғамдық жұмыстардын, түрлерінің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М .Б. Тілеуберген) :

1

1)қоғамдық жұмысқа жіберілуге келісім білдірген жұмыссыз азаматтар мен жұмыс берушілер арасындағы келісім-шарттардың дер кезінде жасалып, орындалуын қамтамасыз етсін;

2

2)белгіленген мерзімде қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілерге жіберсін;

3

3)ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды өткізу, жұмыс түрлері, еңбек және ақы төлеу жағдайлары туралы халық арасында кең көлемде түсінік жұмыстарын ұйымдастырып өткізсін;

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін

4

4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.