Жұмыссыз азаматтар үшін ақылы жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыссыз азаматтар үшін ақылы жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-шы бабына сәйкес 2007 жылы Ескелді ауданының халқын жұмыспен қамту және ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру мақсатында аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтар үшін жұмыс ұйымдастырушылар және қоғамдық жұмыстардын, түрлерінің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М .Б. Тілеуберген) :
Тармақша 1
1)қоғамдық жұмысқа жіберілуге келісім білдірген жұмыссыз азаматтар мен жұмыс берушілер арасындағы келісім-шарттардың дер кезінде жасалып, орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2)белгіленген мерзімде қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілерге жіберсін;
Тармақша 3
3)ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды өткізу, жұмыс түрлері, еңбек және ақы төлеу жағдайлары туралы халық арасында кең көлемде түсінік жұмыстарын ұйымдастырып өткізсін;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.