Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах оплаты труда руководящих работников национальных компаний и акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству

Қаулы · № 183 · қабылданған 12.03.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32312/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах оплаты труда руководящих работников национальных компаний и акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству Күшін жойған Қаулы ·№ 183 ·12.03.2007
10.06.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах оплаты труда руководящих работников национальных компаний и акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству

Күшін жойған Қаулы ·№ 183 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах оплаты труда руководящих работников национальных компаний и акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству
Атауы (қаз.)
Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
183
Қабылданған күні
12.03.2007
Көрсетілген редакция
10.06.2008 AI32312_4.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000183_
ЭКБ идентификаторы
32312
Редакция идентификаторы
AI32312_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:58

0 Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шарттары туралы үлгi ереже (бұдан әрi - Үлгi ереже) бекiтiлсiн.

2

2. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар директорлар кеңестерiнiң басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн Үлгi ережеге сәйкес белгiлеуiн қамтамасыз етсiн.

3

3. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi", "ҚазАгро" ұлттық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарына акцияларының пакеттерiн мемлекет олардың жарғылық капиталына берген акционерлiк қоғамдарға қатысты Yлгi ережеге сәйкес басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн белгiленген тәртiппен айқындау ұсынылсын.

4 4. Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 Қаулысымен .

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шарттары туралы үлгi ереже

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 наурыздағы
N 183 қаулысымен
бекiтiлген
Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шарттары туралы үлгi ереже
Осы Yлгi ереже ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың (бұдан әрi - ұйымдар) басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және уәждеу мәселелерiнде бiрыңғай тәсiлдердi қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Үлгi ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

жалақы - басшы қызметкердiң функционалдық мiндеттерi мен жауапкершiлiк деңгейiн ескере отырып, белгiленетiн айлық лауазымдық жалақы;
бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы - қол жеткiзiлген табыстарын материалдық көтермелеу және жұмыс тиiмдiлiгiн арттыруды ынталандыру мақсатында жұмыс нәтижелерiне қарай жылына бiр рет төленетiн бiр жолғы сыйақы.

2 2. Ұйымның басшы қызметкерлерiне:

бiрiншi басшы (президент, Басқарма төрағасы және тағы басқалары);
басшының орынбасары (вице-президент, Басқарма төрағасының орынбасары және тағы басқалары);
атқарушы органның (Басқарманың) мүшесi жатады.

3 3. Ұйымның басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетiнде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.

4 4. Ұйымның басшы қызметкерi жалақысының мөлшерi, бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алуға құқығы заңнамада белгiленген тәртiппен жасалатын жеке еңбек шартында айқындалады.

5 5. Осы Үлгi ереже ұйымға белгiленген тәртiппен тартылатын шетелдiк мамандар - басшы қызметкерлерге қолданылмайды. Көрсетiлген шетелдiк мамандарға еңбекақы төлеу шарттары ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен айқындалады.

2 2. Еңбекақы төлеу шарттары

6

6. Ұйымның басшы қызметкерлерi жалақысының мөлшерi орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, атқарып отырған лауазымына, өндiрiстiң (бизнестiң) ерекшелiктерi мен ауқымына және оларға байланысты қатерлерге, еңбектiң салалық ерекшелiгiне, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы ұйымның рөлi мен орнына қарай сараланған түрде айқындалады және ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен белгiленедi.

7 7. Ұйымның басшы қызметкерлерiнiң өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық қызығушылығын күшейту үшiн бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу жүргiзiледi.

8 8. Бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының мөлшерi әрбiр басшы қызметкердiң қызметiн бағалауға деген жеке тәсiл негiзiнде айқындалады және ұйымның даму жоспарының (қаржы-шаруашылық қызметi жоспарының) сапалық және сандық көрсеткiштерiне байланысты.

9 9. Ұйымның басшы қызметкерлерiне бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеудiң тәртiбi мен шарттары ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен айқындалады.

10 10. Басшы қызметкерлерге бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудит жасалған қаржылық есептiлiк негiзiнде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн қаржы жылының нәтижелерi бойынша төленедi.

11

11. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi", "ҚазАгро" ұлттық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарының, сондай-ақ акцияларының пакеттерiн мемлекет жоғарыда айтылған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына берген акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiнiң жалақысы мен бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақысының шектi мөлшерi тиiстi Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мамандандырылған Кеңестердiң ұсынымдары негiзiнде ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен айқындалады.

12 12. Басшы қызметкердiң орташа жалақысын есептеу бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақыны есептемей Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

13 13. Басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн белгiлеу кезiнде ұйымның Директорлар кеңесi осы Үлгi ереженi басшылыққа алады.

Қолданыстағы