О некоторых вопросах акционерного общества "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарқа"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарқа"
- Атауы (қаз.)
- "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 19.03.2007
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2014 AI32394_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000212_
- ЭКБ идентификаторы
- 32394
- Редакция идентификаторы
- AI32394_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:57
0 "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы
"Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. Заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақмола және Қарағанды облыстарының коммуналдық меншiгiндегi акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi мемлекеттiк қатысу үлестерi республикалық меншiкке қабылдансын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Ақмола және Қарағанды облыстарының әкiмдiктерiмен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті заңнамада белгiленген тәртiппен "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Сарыарқа" ӘКК ҰК" АҚ) орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi (бұдан әрi - акционерлiк қоғамдар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) мемлекеттiк қатысу үлестерiне бағалау жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
4
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi мемлекеттiк қатысу үлестерiн беру жолымен "Сарыарқа" ӘКК ҰК" АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және орналастырылатын акцияларға ақы төлеудi қамтамасыз етсiн.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Қарағанды облысы" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 214-1, 214-10-жолдар алынып тасталсын;
2 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 20-1-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 286-жол алынып тасталсын;
3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
1 Акцияларының мемлекеттік пакетi және мемлекеттiк қатысу үлестерi республикалық меншiкке қабылданатын және "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 19 наурыздағы
N 212 қаулысына
1-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакетi және мемлекеттiк қатысу үлестерi республикалық меншiкке қабылданатын және "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер
Р/с
N
Ұйым атауы
Мемлекеттiк
қатысу
үлесі, %
1
"ҚарағандыЛифтМонтаж" акционерлiк қоғамы
77,69
2
"Темiртау қаласының Индустриялық паркi"
жауапкершiлiгi шектеулi ceрiктестiгi
100
3
"UniScien Tech технопаркi" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
25,77
4
"Жобалық-өндiрiстiк сәулет-жоспарлау бюросы"
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
100
5
"Сәулет-жоспарлау бюросы" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
100
6
"Ауруханааралық дәрiхана" жауапкершiлiгi
шектеулi серіктестiгi
100
7
"Көкшетауқалаауылжоба" жауапкершiлiгi
шектеулi ceрiктестiгi
100
2 Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi және мемлекеттiк қатысу үлестерi "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам және жауапкершілiгi шектеулi серiктестiк
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2007 жылғы 19 наурыздағы
N 212 қаулысына
2-қосымша
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi және мемлекеттiк қатысу үлестерi "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам және жауапкершілiгi шектеулi серiктестiк
Р/с
N
Ұйым атауы
Акциялардың
мемлекеттiк
пакетi,
мемлекеттiк
қатысу
үлесi, %
1
"Қазқараметавтоматика" акционерлiк қоғамы
90
2
"Республикалық тау-кен геомеханика және
маркшейдер iсi ғылыми орталығы"
жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi
100