Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарқа"

Қаулы · № 212 · қабылданған 19.03.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32394/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарқа" Қолданыста Қаулы ·№ 212 ·19.03.2007
19.09.2014 редакциясы
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарқа"

Қолданыста Қаулы ·№ 212 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарқа"
Атауы (қаз.)
"Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
212
Қабылданған күні
19.03.2007
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI32394_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000212_
ЭКБ идентификаторы
32394
Редакция идентификаторы
AI32394_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:57

0 "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

"Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1. Заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақмола және Қарағанды облыстарының коммуналдық меншiгiндегi акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi мемлекеттiк қатысу үлестерi республикалық меншiкке қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Ақмола және Қарағанды облыстарының әкiмдiктерiмен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті заңнамада белгiленген тәртiппен "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Сарыарқа" ӘКК ҰК" АҚ) орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi (бұдан әрi - акционерлiк қоғамдар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) мемлекеттiк қатысу үлестерiне бағалау жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi мемлекеттiк қатысу үлестерiн беру жолымен "Сарыарқа" ӘКК ҰК" АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және орналастырылатын акцияларға ақы төлеудi қамтамасыз етсiн.

5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Қарағанды облысы" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 214-1, 214-10-жолдар алынып тасталсын;

2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 20-1-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 286-жол алынып тасталсын;

3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 Акцияларының мемлекеттік пакетi және мемлекеттiк қатысу үлестерi республикалық меншiкке қабылданатын және "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 19 наурыздағы
N 212 қаулысына
1-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакетi және мемлекеттiк қатысу үлестерi республикалық меншiкке қабылданатын және "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер
Р/с
N
Ұй­ым ата­уы
Мем­ле­кет­тiк
қа­ты­су
үле­сі, %
1
"Қа­ра­ған­ды­Лифт­Мон­таж" ак­ци­о­нер­лiк қо­ға­мы
77,69
2
"Те­мiр­тау қа­ла­сы­ның Ин­ду­стри­я­лық пар­кi"
жа­у­ап­кер­шiлi­гi шек­те­улi ceрiк­те­стi­гi
100
3
"UniScien Tech тех­но­пар­кi" жа­у­ап­кер­шiлi­гi
шек­те­улi серiк­те­стi­гi
25,77
4
"Жо­ба­лық-өн­дiрiстiк сәу­лет-жос­пар­лау бю­ро­сы"
жа­у­ап­кер­шiлi­гi шек­те­улi серiк­те­стi­гi
100
5
"Сәу­лет-жос­пар­лау бю­ро­сы" жа­у­ап­кер­шiлi­гi
шек­те­улi серiк­те­стi­гi
100
6
"Ау­ру­ха­на­ара­лық дәрi­ха­на" жа­у­ап­кер­шiлi­гi
шек­те­улi се­рік­те­стi­гi
100
7
"Көк­ше­та­у­қа­ла­а­уы­лжо­ба" жа­у­ап­кер­шiлi­гi
шек­те­улi ceрiк­те­стi­гi
100

2 Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi және мемлекеттiк қатысу үлестерi "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам және жауапкершілiгi шектеулi серiктестiк

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2007 жылғы 19 наурыздағы
N 212 қаулысына
2-қосымша
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi және мемлекеттiк қатысу үлестерi "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғам және жауапкершілiгi шектеулi серiктестiк
Р/с
N
Ұй­ым ата­уы
Ак­ци­я­лар­дың
мем­ле­кет­тiк
па­кетi,
мем­ле­кет­тiк
қа­ты­су
үлесi, %
1
"Қаз­қа­ра­ме­тав­то­ма­ти­ка" ак­ци­о­нер­лiк қо­ға­мы
90
2
"Рес­пуб­ли­ка­лық тау-кен гео­ме­ха­ни­ка және
марк­шей­дер iсi ғы­лы­ми ор­та­лы­ғы"
жа­у­ап­кер­ші­лi­гi шек­те­улi серiк­те­стi­гi
100

Қолданыстағы