Қолданыстағы ред. 12.03.2007 (Редакция 32410_331950.kaz)

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау үшін жұмыс орындарын квоталау туралы от 12.03.2007 г. № 51 (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау үшін жұмыс орындарын квоталау туралы)

0

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау үшін жұмыс орындарын квоталау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мекемелерде жалпы жұмыс орындарының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру 2007 жылға квота белгіленсін.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жіберген мүгедек адамдар, тағайындалған квотаға сәйкес жұмысқа міндетті түрде қабылдансын.

3

3. Аудан әкімиятының 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 5 «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау үшін жұмыс орындарын квоталау туралы» қаулысының күші жойылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Меңдігереевке жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.