Об утверждении инструкции по квотированию рабочих мест для трудоустройства инвалидов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жөніндегі нұсқауды бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңының 30 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы туралы» Заңына сәйкес, мүгедектердің кәсіптік және еңбектік мәселелерін ақтауды дамыту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жөніндегі қоса берілген нұсқау бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын және нұсқауды жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру аудан әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.
Басқа 4. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша НҰСҚАУ
Железин аудан әкімдігінің 2007 жылғы «13» наурыз № 97/3 қаулысымен бекітілді Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша НҰСҚАУ Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жұмысқа орналасуға мұқтажды мүгедектердің жұмыспен қамтылуына және жұмысқа қабылдануына қолдау жасау мақсатында квоталанатын жұмыс орындарының ең төменгі мөлшері белгіленді.
Тармақ 2
2. Нұсқауда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады: квоталандырылатын жұмыс орындары (квота) – кәсіпорындардағы, мекемелердегі және ұйымдардағы, жұмысқа орналасуға мұқтажды мүгедектердің жұмыс орындарындағы үлесі (бөлігі); жұмыс беруші – аудан аумағында қызметін атқаратын, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарынан басқалары), жеке тұлғалар; жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті орган – өлкелік деңгейде тұрғындарды жұмыспен қамтуға және жұмыссызқтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қолдау жасайтын, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар.
Тарау 2. 2. Квоталар белгілеудің талаптары және реті
2. Квоталар белгілеудің талаптары және реті
Тармақ 3
3. Квота туралы нақты ұсынастарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган – жұмысқа орналасуға мұқтажды мүгедектердің санын талдау негізінде, сүранысты және өлкеге қажетті жұмыс күшін болжамдау бойынша әзірлейді.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органның ұсыныстарының негізінде аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына квота және оны ендіру мерзімін белгілейді. Квотаны белгілеген шақта мүгедектердің жыныстық-жастық құрамы, кәсіби және біліктілік деңгейі, дәрігерлік-әлеуметтік сараптамалық ұсыныстар, сондай-ақ қызмет түрі, жұмыс тәртібі, кәсіпорындардағы, мекемелердегі және ұйымдардағы жұмыс сипаттамасы және әлеуметтік-тұрмыстық жағдай ескеріледі.
Тармақ 5
5. Қабылданған шешім туралы жұмыс берушілер хабарландырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңына сәйкес жыл сайын бір жылдан кем емес мерзімге барлық жұмыс орнының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленеді.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қажетті жұмыс орындарын құрады немесе бөледі.
Тармақ 8
8. Жұмыс орындарына орналастыру, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органның жолдамасының негізінде жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етудегі жұмыс берушілердің міндеттері мен жауаптылығы
3. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етудегі жұмыс берушілердің міндеттері мен жауаптылығы
Тармақ 9
9. Мүгедектер үшін бергіленген квотаға сәйкес жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органның жолдамасының негізінде жұмыс берушілер азаматтарды жұмысқа қабылдауға міндетті.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілер кәсіпорындарында, мекемелерде және ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес босаған жұмыс орындары немесе құрылған жұмыс орындары жөнінде үш күндік мерзімде жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органға ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер квота есебіне бөлінген жұмыс орындарының толығуы туралы ай сайын жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органға ақпарат береді.
Тармақ 12
12. Квота есебіне бөлінген жұмыс орындарының толығуына бақылауды жергілікті атқарушы орган, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган және мемлекеттік еңбек инспекциясының органы жүргізеді.