Қолданыстағы ред. 13.02.2007

Біржолғы талондардың құны туралы от 13.02.2007 г. № 204 (Біржолғы талондардың құны туралы)

0

Біржолғы талондардың құны туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 373 бабына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Созақ ауданының базарларында тауар сатуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 7 каңтардағы №75 «Әр түрлі қызмет көрсету саласындағы біржолғы талондардың құны туралы» шешімінің (1628 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 22 қаңтарда «Молшылық үшін» газетінде жарияланған) күші жойылсын.

3

3. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.