Біржолғы талондардың құны туралы Қолданыста
Басқа 0
Біржолғы талондардың құны туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 373 бабына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Созақ ауданының базарларында тауар сатуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 7 каңтардағы №75 «Әр түрлі қызмет көрсету саласындағы біржолғы талондардың құны туралы» шешімінің (1628 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 22 қаңтарда «Молшылық үшін» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.