Қолданыстағы ред. 20.03.2007

Жамбыл ауданының ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттің білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек туралы от 20.03.2007 г. № 67-233 (Жамбыл ауданының ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттің білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек туралы)

0

Жамбыл ауданының ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттің білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Занының 41-бабыныц 4-тармағының 2- тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жамбыл ауданының ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне 2007 жылғы бюджет қаражаты eceбінен отын сатып алу 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленсін.

2

2. Аудандық қаржы бөлімі (Сансызбаев Дулат Муратұлы) әлеуметтік көмектің қаржыландыруын қамтамасыз eтciн.

3

3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.

4

4. Аудандық білім бөлімі (Ермекбаева Гүльнара Өмірбекқызы) және жамбыл атындағы № 6 кәсіптік мектеп (Шаяхметов Жүмәділ) қызметкерлердің жеке күәлігінің нөмері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, банктегі есеп шотының нөмері қкоса көрсетілген тізімін ұсынсын.

5

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Далабаев Жандарбек Ермекұлына жүктелсін.

6

6. Жамбыл аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 мамырдағы № 52-182 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 16 маусымда тіркелген, тіркеу № 2-7-22, 2006 жылғы 8 шілдедегі № 33 (5295) «Атамекен газетінде ресми жарияланған») «Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне арналған әлеуметтік көмек туралы» шешімнің күші жойылсын.

7

7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.