Жамбыл ауданының ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттің білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданының ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттің білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Занының 41-бабыныц 4-тармағының 2- тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданының ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне 2007 жылғы бюджет қаражаты eceбінен отын сатып алу 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімі (Сансызбаев Дулат Муратұлы) әлеуметтік көмектің қаржыландыруын қамтамасыз eтciн.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық білім бөлімі (Ермекбаева Гүльнара Өмірбекқызы) және жамбыл атындағы № 6 кәсіптік мектеп (Шаяхметов Жүмәділ) қызметкерлердің жеке күәлігінің нөмері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, банктегі есеп шотының нөмері қкоса көрсетілген тізімін ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Далабаев Жандарбек Ермекұлына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Жамбыл аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 мамырдағы № 52-182 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 16 маусымда тіркелген, тіркеу № 2-7-22, 2006 жылғы 8 шілдедегі № 33 (5295) «Атамекен газетінде ресми жарияланған») «Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне арналған әлеуметтік көмек туралы» шешімнің күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.