Об установлении водоохранных зон и полос поверхностных водных объектов в административных границах города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и полос поверхностных водных объектов в административных границах города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының әкімшілік шекарасындағы су нысандарындағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөнінде
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/341
- Қабылданған күні
- 11.03.2007
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2008 AI32484_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07R000741_
- ЭКБ идентификаторы
- 32484
- Редакция идентификаторы
- AI32484_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:58
0 Алматы қаласының әкімшілік шекарасындағы су нысандарындағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөнінде
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 116 баптарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы шегіндегі су нысандарының азаюын және ластануын болдырмау мақсатында, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1 қосымшаға сәйкес, Алматы қаласы әкімшілік шекарасындағы жер үсті су нысандарындағы суды қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2 2. 2 қосымшаға сәйкес, Алматы қаласы әкімшілік шекарасындағы су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі жер үсті су нысандарын шаруашылық мақсатында пайдалану режимі белгіленсін.
3 3. Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы департаменті (С.Қ. Баймағамбетов) 2007 жылы жер үсті су нысандарының белдеулері мен су қорғау аймақтары шекарасындағы жер мен нысандарға түгендеу жүргізсін.
4 4. 2007 жылғы 01 қарашаға дейін Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті (С.А. Мәкежанов) су нысандарының азаюын және ластануын болдырмау жөнінде іс-шараларын жасасын, оны жүзеге асыру мерзімін көрсетсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
7 Схеманың жалғасы
8 Алматы қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 наурыздағы
№ 2/341 қаулысына № 2 қосымша
Алматы қаласы әкімшілік шекарасындағы су қорғау
аймақтары мен белдеулері шегіндегі жер үсті су нысандарын
шаруашылық мақсатында пайдалану режимі
1 1. Су қорғау шегіндегі аумақта тыйым салынады:
1 1) авиациялық - химиялық жұмыстарды жүргізу;
2 2) арам шөптер, өсімдіктердің ауруларымен зиянды жәндіктермен күресте химиялық құралдарды қолдану;
3 3) топырақты тыңайту үшін көңді қолдану;
4 4) лас суды жинайтын, зират және мал зираттарын, өндірістік, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қоқыстарын көму және тиісті орындарға жинау, улы химикатты аппаратты толтыру алаңдары, ферма және мал шаруашылығының кешені, минералдық тыңайтқыш және майлау материалдары, улы химикат қоймаларын орналастыру;
5 5) көң мен қоқысты жинау;
6 6) автокөліктерді, тракторларды және басқа механизмдерді жөндеу және жуу, май құю;
7 7) 3 градустан жоғары құламалы құз жанындағы аумақты және 100 метрден кем емес судан қорғау аумағының көлемінде саяжай және бау-бақша учаскелер орналастыру;
8 8) көлік құралдарының тұрағын орналастыру, оның ішінде саяжай аумағы және бау-бақша учаскелерінің аумақтарында да орналастыру;
9 9) олардың судан қорғау аумағының су нысандарының бекітілуін және ластануын болдырмайтын, қайта жаңартылған жаңа нысандарды пайдалануға беру;
10
10) жер ресурстарын басқару және елді мекендердің санитарлық - эпидемиологиялық жағдайын жақсартуда суды қорғау қорын, қоршаған ортаны қорғауды пайдалануда жергілікті органдардың және облыстық өкілетті органдардың келісімінсіз, құрылыс жүргізу, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстары, ғимараттарды жаңарту, коммуникацияларды және басқа нысандарды қайта жаңарту, сонымен қатар пайдалы жер қазбаларын алу, жер қазу және басқа жұмыстарды жүргізу;
11 11) судың гидрохимиялық құрамын бұзатын, малды жуындыру және санитарлық емдеу және басқа да шаруашылық қызметтің түрлері.
Суды қорғау аймақтары және санитарлық қорғау аймақтары түйіскен жағдайда, сонымен қатар санитарлық нормалар және ережелерді басшылыққа алған жөн;
12
12) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, ықтимал сел қаупі бар су объектiлерiнде - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның келісімінсіз ғимарат, кәсіпорын және басқа да құрылыс нысандарын салу тыйым салынады.