Құжат мәтініне өту

О перечне объектов, не подлежащих передаче в концессию

Жарлық · № 294 · қабылданған 05.03.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32502/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О перечне объектов, не подлежащих передаче в концессию Күшін жойған Жарлық ·№ 294 ·05.03.2007
14.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О перечне объектов, не подлежащих передаче в концессию

Күшін жойған Жарлық ·№ 294 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О перечне объектов, не подлежащих передаче в концессию
Атауы (қаз.)
Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
294
Қабылданған күні
05.03.2007
Көрсетілген редакция
14.11.2017 32502_257022.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U070000294_
ЭКБ идентификаторы
32502
Редакция идентификаторы
32502_257022
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:59

0 Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы

"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1 1. Қоса берілiп отырған, концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

3 Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2007 жылғы 5 наурыздағы
N 294 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi

1 1. Жер, су (концессия шартын iске асыру мақсатында жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiк әлемi және жануарлар дүниесi.

2 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

3 3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажеттi штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер.

4 4. Магистральды темiр жол желiсі, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер.

5 5. Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):

1 1) Астана;

2 2) Алматы;

3 3) Ақтау;

4 4) Ақтөбе;

5 5) Атырау;

6 6) Қарағанды;

7 7) Көкшетау;

8 8) Қостанай;

9 9) Қызылорда;

10 10) Павлодар;

11 11) Петропавл;

12 12) Талдықорған;

13 13) Тараз;

14 14) Орал;

15 15) Өскемен;

16 16) Шымкент;

17 17) Семей;

18 18) Түркістан;

19 19) Теміртау;

20 20) Екібастұз;

21 21) Рудный;

22 22) Жезқазған;

23 23) Кентау;

24 24) Балқаш;

25 25) Жаңаөзен;

26 26) Сәтпаев;

27 27) Ақсу;

28 28) Риддер;

29 29) Арыс;

30 30) Степногорск;

31 31) Шахтинск;

32 32) Саран;

33 33) Қапшағай;

34 34) Арқалық;

35 35) Лисаковск;

36 36) Приозерск.

6 6. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы, апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.

7 7. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.06.28 № 348 Жарлығымен.

8 8. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.06.28 № 348 Жарлығымен.

9 9. Мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектiлерi.

Қолданыстағы