Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поступления и использования средств от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников

Қаулы · № 262 · қабылданған 04.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32564/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил поступления и использования средств от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников Күшін жойған Қаулы ·№ 262 ·04.04.2007
05.08.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поступления и использования средств от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников

Күшін жойған Қаулы ·№ 262 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поступления и использования средств от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, музеев и музеев-заповедников
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
262
Қабылданған күні
04.04.2007
Көрсетілген редакция
05.08.2010 AI32564_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000262_
ЭКБ идентификаторы
32564
Редакция идентификаторы
AI32564_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:52

0 Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) (алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 555 Қаулысымен;

2 2) Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесі бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) "Мемлекеттік кітапханалар мен мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 26, 285-құжат);

2

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы N 182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 820 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 34, 335-құжат).

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 сәуірдегі
N 262 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесі

1

1. Осы Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесі»"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 24 және 25-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану тәртібін анықтайды.

2

2. Заңда көзделген мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатты есепке алу үшін ашылған шотына есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмсалады.

3 3. Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:

1 1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;

2 2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;

3 3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);

4 4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;

5 5) кітап қорының, оқу әлеуметтанымының сақталуы мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға;

6 6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;

7 7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге;

8 8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдер);

9 9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және олардың таралымын көбейтуге, мұқабаларды басып шығаруға, тарақты түптеуге;

10 10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбалар, бейнефильмдер, фонограммалар көшірмелерін өткізуге;

11 11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге;

12 12) фото, кино, бейне түсірімдеріне, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;

13 13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге.

4 4. Мемлекеттік мұражай мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:

1 1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;

2 2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;

3 3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);

4 4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алу және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға.

5 5. Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатты есепке алу, оның есептілігі және жұмсалуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

1 Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 сәуірдегі
N 262 қаулысымен
бекітілген
Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету ережесі

Қолданыстағы