Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присуждения государственной стипендии в области культуры

Қаулы · № 266 · қабылданған 04.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32568/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил присуждения государственной стипендии в области культуры Күшін жойған Қаулы ·№ 266 ·04.04.2007
03.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил присуждения государственной стипендии в области культуры

Күшін жойған Қаулы ·№ 266 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присуждения государственной стипендии в области культуры
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
266
Қабылданған күні
04.04.2007
Көрсетілген редакция
03.10.2023 32568_658860.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000266_
ЭКБ идентификаторы
32568
Редакция идентификаторы
32568_658860
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:52

0 Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын бекіту туралы

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2007 жы­л­ғы 4 сәу­ір­де­гі
N 266 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары

1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия (бұдан әрі – мемлекеттік стипендия) беріледі.

3. Мемлекеттік стипендия алуға:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын;

2) Қазақстан мәдениетін дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады.

4. Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімінің негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Комиссия өз міндеттерін қоғамдық бастама негізінде орындайтын уәкiлеттi орган мен шығармашылық одақтардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және жеті адамнан кем болмауға тиіс.
Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

5. Мемлекеттік стипендияны алуға ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі басталардан бұрын екі айдан кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

6. Қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары уәкiлеттi органға ағымдағы жылғы бірінші тамызға дейін мынадай құжаттарды: мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат пен шығармашылық мiнездеменi қағаз немесе электронды түрде жібереді.

Мемлекеттік стипендия алушыға келіп түскен құжаттарды уәкiлеттi орган қабылдайды және бір күн мерзімде тіркеп, Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия отырысы ағымдағы жылғы бесінші қыркүйектен кешіктірілмей өткізіледі.

7. Комиссияның мемлекеттік стипендияны беруге кандидатураны бекіту туралы шешімі Комиссия отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Егер Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.
Комиссия шешімі хаттамамен (бұдан әрі - хаттама) ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
Уәкілетті орган тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын хаттама көшірмесімен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы бірінші қазаннан кешіктірмей енгізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарап, ағымдағы жылғы бірінші қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2007 жы­л­ғы"4 сәу­ір­де­гі
N 266 қа­улы­сы­на қо­сым­ша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 288-құжат).

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 482-құжат).

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 және 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1370 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 49, 567-құжат).

4

"4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 94-құжат).

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 588 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 236-құжат).

Қолданыстағы