Об утверждении Правил осуществления приграничной торговли
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления приграничной торговли
- Атауы (қаз.)
- Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 272
- Қабылданған күні
- 05.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2023 32580_648049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000272_
- ЭКБ идентификаторы
- 32580
- Редакция идентификаторы
- 32580_648049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:51
0 Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңы 26-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы"5"сәуірдегі
N 272 қаулысымен бекітілген
Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасында шекара маңындағы сауда саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумағында сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Шектес мемлекеттің тиісті шекара маңының аумағындағы шекара маңындағы сауда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актілерімен , сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттелетін тауарлардың жекелеген түрлерінің айналымы жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекара маңындағы сауда - Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағында және шектес мемлекеттің тиісті шекара маңының аумағында шекара маңындағы сауда субъектілері жүзеге асыратын сауда қызметі;
Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағы - Қазақстан Республикасы шекара маңының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағы;
шекара маңындағы сауда субъектілері - осы Ережеде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағында және шектес мемлекеттің тиісті шекара маңының аумағында сауда қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар.
Осы Ережеде "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңында (бұдан әрі - Заң) және "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулысында пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар қолданылады.
2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі
4. Шекара маңындағы аумақтарда Заңда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген сауда қызметінің түрлері жүзеге асырылады.
5. Шекара маңындағы сауда бұл үшін арнайы бөлінген мынадай орындарда (бұдан әрі - шекара маңындағы сауда объектілері) жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекарасына таяу орналасқан сауда базарларында, қоғамдық тамақтандыру пункттерінде;
Қазақстан Республикасының шекара маңының аумақтарында орналасқан арнайы экономикалық аймақтарда;
Қазақстан Республикасының шекара маңының аумақтарында орналасқан теңіз және құрлық порттарда;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген объектілерде.
6. Шекара маңындағы сауда объектілерінің жұмыс істеуі техника қауіпсіздігі ережелерін, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасында сауда қызметінің тиісті объектісі үшін белгіленген басқа да талаптарды сақтауды ескере отырып жүзеге асырылады.
7. Қызметі лицензиялауға жататын шекара маңындағы сауда субъектісі лицензиялануға тиіс, тұтынушыларға лицензияның нөмірі мен қолданылу мерзімі туралы, сондай-ақ оны берген орган туралы ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген ақпарат сатып алушылар танысу үшін ыңғайлы жерлерге орналастырылады.