Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра лицензий на право занятия деятельностью в сфере игорного бизнеса

Бұйрық · № 1-2/35 · қабылданған 28.02.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32628/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра лицензий на право занятия деятельностью в сфере игорного бизнеса Күшін жойған Бұйрық ·№ 1-2/35 ·28.02.2007
30.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра лицензий на право занятия деятельностью в сфере игорного бизнеса

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1-2/35 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра лицензий на право занятия деятельностью в сфере игорного бизнеса
Атауы (қаз.)
Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-2/35
Қабылданған күні
28.02.2007
Көрсетілген редакция
30.12.2011 AI32628_4.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004576_
ЭКБ идентификаторы
32628
Редакция идентификаторы
AI32628_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:00

0 Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.А.Өскенбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Е.В.Журина) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Х.Н.Мусинге жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігінің
2007 жылғы 28 ақпандағы
N 1-2/35 бұйрығымен
бекітілді
Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесі

1 1. Осы ереже "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2

2. Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімі осы ережелермен белгіленген қосымшаға сәйкес нысанда, ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар туралы, сондай-ақ қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта басталған немесе тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты қамтитын журнал болып табылады.
Тізілімнен үзінді көшірме Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Интернеттегі ресми сайтында жарияланады.
Тізілімді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (лицензиар) жүргізеді және ол ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензияларды есепке алуды жүйелеуге арналады.

3 3. Тізілім қағаз (журнал) және электронды (компьютер) нұсқаларда жүргізіледі. Журнал нөмірленіп, жіппен қайымдалып, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің мөрімен бекітілуі тиіс.

4 4. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады. Тізілім тек қара және көк түсті сиямен толтырылады, оның мәтінінде түзететін сұйықты қолдану арқылы жасалған түзетулер болмауға тиісті.

5 5. Тізілім келесі бағандардан тұрады:

1 баған - реттік нөмірі;
2 баған - лицензиардың атауы;
3 баған - лицензияның берілген күні және нөмірі;
4 баған - жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты;
5 баған - жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері;
6 баған - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
7 баған - жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту куәлігінің нөмірі және берілген күні;
8 баған - заңды тұлғаның атауы;
9 баған - заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны;
10 баған - заңды тұлғаның орналасқан жері;
11 баған - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
12 баған - қызмет түрі;
13 баған - ойын мекемесінің атауы;
14 баған - ойын мекемесінің орналасқан жері;
15 баған - лицензияның қолданыс мерзімі;
16 баған - төлем тапсырмасының нөмірі және лицензиялық алымды төлеген күні;
17 баған - тоқтата тұрылды (лицензияның қолданысын тоқтата тұру негіздемесі және күні);
18 баған - қайта басталды (лицензияның қолданысын қайта бастаудың негіздемесі және күні);
19 баған - тоқтатылды (лицензияның қолданысын тоқтатудың негіздемесі және күні);
20 баған - қайта ресімделді (лицензияны қайта ресімдеудің негіздемесі және күні);
21 баған - лицензияны алушының тегі, аты, әкесінің аты және қолы;
22 баған - ескерту.

6

6. Деректер лицензия алушы ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алған күннен бастап, немесе лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап немесе лицензияның қолданысын тоқтату немесе лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңдық күшіне енген күннен бастап тізілімге енгізілуге тиісті.

7 7. Тізілімге оны жүргізуге, сақтауға жауапты адамдардың, сондай-ақ онда жүргізілген жазбалардың толықтығын бақылауды жүзеге асыратын адамдардың рұқсаты болады.

Тізілім тұрақты сақталуға тиісті.

1 Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімі

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігінің
2007 жылғы 28 ақпандағы
N 1-2/35 бұйрығымен бекітілген
ойын бизнесі саласындағы қызметпен
айналысу құқығына берілетін
лицензиялардың тізілімін жүргізу
ережесіне қосымша
Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімі
N
Ли­цен­зи­ар-
дың ата­уы
Ли­цен­зия-
ның
бе­рі­л­ген
кү­ні және
нө­мі­рі
Ли­цен­зия алушы­ның ата­уы
же­ке кә­сіп­кер­лер
Те­гі,
аты,
әке­сі­нің
аты
Тұр­ғы­лық-
ты же­рі
Же­ке тұл-
ға­ның же­ке
ба­сын куә-
лан­ды­ра­тын
құ­жат­тың
де­ректе­рі
Же­ке тұл­ға-
ның же­ке
кә­сіп­кер
ре­т­ін­де
мем­ле­кет­тік
тір­ке­уден
өту ку­ә­лі-
гі­нің нө­мі­рі
және бе­рі­л­ген
кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Ли­цен­зия алушы­ның ата­уы
Же­ке
сәй­кес-
тен­ді­ру
нө­мі­рі
(ЖСН)
неме­се
биз­нес-
сәй­кес-
тен­ді­ру
нө­мі­рі
(БСН)
Қыз­мет
тү­рі
Ой­ын
ме­ке­ме-
сі­нің
ата­уы
Ой­ын
ме­ке­ме-
сі­нің
ор­на­лас­қан
же­рі
заң­ды тұ­лға­лар
Заң­ды
тұл­ға­ның
ата­уы
Заң­ды
тұл­ға­ның
ұй­ым­дық-
құқық­тық
ны­са­ны
Заң­ды
тұл­ға­ның
ор­на­лас-
қан
же­рі
8
9
10
11
12
13
14
кестенің жалғасы
Ли­цен-
зи­я­ның
қол­да­ныс
мер­зі­мі
Тө­лем
тап­сыр-
ма­сы­ның
нө­мі­рі
және
ли­цен-
зи­я­лық
алым­ды
тө­ле­ген
кү­ні
тоқ­та­та
тұ­рыл­ды
(ли­цен-
зи­я­ның
қол­да-
ны­сын
тоқ­та­та
тұ­ру­дың
негіз-
де­ме­сі
және
кү­ні)
қай­та
ба­стал-
ды
(ли­цен-
зи­я­ның
қол­да-
ны­сын
қай­та
ба­стау-
дың
негіз-
де­ме­сі
және
кү­ні)
тоқ­та-
тыл­ды
(ли­цен-
зи­я­ның
қол­да-
ны­сын
тоқ­та-
ту­дың
негіз-
де­ме­сі
және
кү­ні)
қай­та
ре­сім-
дел­ді
ли­цен-
зи­я­ның
қол­да-
ны­сын
қай­та
ре­сім-
де­удің
негіз-
де­ме­сі
және
кү­ні)
Ли­цен-
зи­я­ны
алушы­ның
те­гі,
аты,
әке­сі­нің
аты және
қо­лы
Ес­кер-
ту
15
16
17
18
19
20
21
22

Қолданыстағы