О квотировании рабочих мест для трудоустройства инвалидов Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 – бабы 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39-III Заңының 31 – бабына сәйкес және жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерге жұмыспен қамтуда және жұмысқа қабылдауда көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталандыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ж. Баяндинов):
- жұмыс берушілермен келісім бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квоталарды белгіленсін;
- квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етсін;
- кіші және орта бизнестегі жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құрсын;
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құрсын;
- мүгедектердің кәсіптік оқытылуын ұйымдастырсын;
- мүгедектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ай сайын, айдың 25-не дейін жіберсін.
Тармақ 3
3. Аудандық округі әкімдері жұмыс орындарының квоталандырылуын орындау туралы ақпараттарын тоқсан сайын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.П. Кулаковскаяға жүктелсін.
Басқа 5. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталандыру ЕРЕЖЕСІ
Аулан әкімдігінің
2007 жылғы 12 наурыздағы
«Мүгедектерді жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарын квоталандыру
туралы» № 48/3 қаулысымен бекітілген
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталандыру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы жағдайы
1. Жалпы жағдайы
Тармақ 1
1. Жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерді жұмыспен қамтуға және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында жұмыс орындарының (квота) ең аз саны белгіленеді (одан әрі – квоталандырылған жұмыс орындары).
Тармақ 2
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Квоталандырылған жұмыс орындары - жұмыс орналастыруды қажет ететін мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған кәсіпорындар, мекемелердегі және ұйымдардағы жұмыс орындарының бөлігі.
Жұмыс беруші – меншік түріне қарамастан аудан аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер (республикалық бюджеттен қаржыландыратындардан басқа), жеке тұлғалар.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган – тұрғындарды аймақтық деңгейде жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуда көмек көрсетуді қамтамасыз ететін жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Квотаны бекіту тәртібі және шарты
2. Квотаны бекіту тәртібі және шарты
Тармақ 3
3. Квота туралы нақты ұсыныстар жұмысқа орналасуды қажет ететін мүгедектер санын талдау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның аймақтық ұшақты келісім шартқа қол қойған жұмыс берушілердің бірлестіктері мен кәсіподақтар бірлестіктердің, мүгедектер мүдделерін ұсынатын қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аумақтағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс болжамы негізінде жасалады.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның ұсынысы негізінде тиісті қаулымен аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға жұмыс орындарына квоталарды және оны жүргізу мерзімін белгілейді.
Тармақ 5
5. Квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның жолдамасы бойынша іске асырылады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Мүгедектерді жұмыспен қамтуда жұмыс берушілердің жауапкершілігі мен міндеттері
3. Мүгедектерді жұмыспен қамтуда жұмыс берушілердің жауапкершілігі мен міндеттері
Тармақ 6
6. Жұмыс берушілер мүгедектер үшін белгіленген квотаға сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органы жіберген азаматтарды жұмысқа алуға міндетті.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер белгіленген квота шегінде құрылған немесе бөлінген босаған жұмыс орындары жөнінде ақпаратты кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес жұмыс орындары босатылған уақыттан бастап үш күндік мерзім ішінде жұмыспен қамту мәселелері жөнінде өкілетті органға ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 8
8. Жұмыс берушілер квота есебінен бөлінген жұмыс орындарының толтырылуы жөнінде тоқсан сайын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органға хабарлайды.