Қолданыстағы ред. 19.03.2007 (Редакция 32768_214298.kaz)

Аудан бойынша белгіленген салық жиынтығының негізгі төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы от 19.03.2007 г. № 271 (Аудан бойынша белгіленген салық жиынтығының негізгі төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы)

0

Аудан бойынша белгіленген салық жиынтығының негізгі төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Салық кодексінің 373 бабының 2 тармағы мен 393, 394 баптарына сәйкес және «Белгіленген салық жиынтығының ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 23 қазандағы № 1016 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат
ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан бойынша айлық есеп көрсеткішіне сәйкес белгіленген салық жиынтығының ең төменгі көрсеткіші қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы шешім баспасөз бетінде жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

3

2007 жылғы 19 наурыздағы
мәслихаттың Баянауыл аудандық
мәслихаттың (III сайланған XLI сессия)
«Аудан бойынша белгіленген салық
жиынтығының негізгі төлемдерінің
мөлшерін бекіту туралы
№ 271 шешіміне қосымша»
к/с
Салық салу объектісінің атауы
Белгіленген салық жиынтығының негізгі төлемдерінің мөлшері (айлық есеп көрсеткіші есебімен)
1.
Ойын үстелі
2200
2.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
50
3.
Бірнеше ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
80
4.
Электрондық рулетка
100
5.
Тотализатор кассасы
200
6.
Букмекерлік кенсе кассасы
100
7.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыс ұтпайтын ойын автоматы
10
8.
Бірнеше ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыс ұтпайтын ойын автоматы
15
9.
Ойын өткізуге пайдаланылатын жеке компьютер
10
10.
Ойын жолы
55
11.
Карт
25
12.
Бильярд үстелі
30
13.
Лото ұйымдастырушы
80
Ескерту: Салық жиынтығының негізгі төлемдерінің мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға белгіленген.