Қолданыстағы ред. 11.04.2007 (Редакция 32770_329987.kaz)

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрған үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы от 11.04.2007 г. № 344-XXXYIII (Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрған үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы)

0

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрған үйді
ұстаудан басқа) және коммуналдық
қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге
тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасынынң 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туарлы» Заңының 6 – бабың 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94–I «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңың басшылыққа алып және аудан әкімиятының 2007 жылғы 6 наурыздағы № 72 қаулысының ұынысы негізінде Құрманғазы аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аз қамтылған отбасыларына (азамттарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі бекітілсін.

2

2. Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 20 мамырдағы № 267-XXXIII «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы» (2003 жылы 11 маусымда № 1533 мемлекеттік тіркелген)шешімінің күші жойылсын.

3

3. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 15 наурыздағы № 329-XXXYII «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.

4

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннаң кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі 94-I «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңыңа аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.

2

2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдану көрсету болып табылады.

2. 2. Тағайындау тәртібі

2. Тағайындау тәртібі

3

3. Тұрғын үй көмегі аудан бюджетіне осы мақсатқа қаралған қаражаттар шегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (одан әрі бөлім) тағайындалады.

4

4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін бөлімге төмендегі құжаттарды тіркеп арыз беріледі:
1/отбасы құрамы туралы мәлімет
2/ пайдаланып отырған тұрған үйдің жалпы көлемін растайтын құжат.
3/қызмет көрсетуші мекемелерден алынған тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер шығындарының есептелген сомалары жөнінде анықтамалар (немесе басқа растайтын құжаттар);
4/ отбасының жиынтық табысы жөнінде мәлімет;
5/жеке меншігінде тұрған үйі (үй, пәтер) бар екендігін растайтын құжат;
6/жұмыссыз ретінде тіркелген туралы анықтама;
7/егер тиісті органдарда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, оны растайтын тиісті құжаттар тапсыру қажет (еңбек кітапшасы тұрғылықты жерден анықтама)
Арыз беруші қолданысты заңдарға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.
Бөлімге тұрғын үй көмегінің жоғары немесе заңсыз тағайындалуга апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін үйді жалға алушы (меншік иесі) бұзушылық анықталған тоқсаннан бастап төрт тоқсаң бойы тұрғын үй алу құқығынан айырылады, ал тұрған үй жәрдемақысы ретінде заңсыз алынған қаражат қайтарылуға жатады.

5

5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.

6

6. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрған үй көмегін тағайындау туралы арыз түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.

7

7. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда бөлім оның себебі көрсетілген шешімінің көшірмесін қоса барлық құжаттары арыз иесіне қайтарады.

8. 8. Бөлім тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығына жауап береді.

8. Бөлім тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығына жауап береді.

9

9. Тұрғын үй көмегі, тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы және тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының нормативтері шегіндегі, бірақ нақты пайдаланып отырған жалпы көлемінен және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтына (сумен, газбен, электрмен жылумен қамтамасыз ету канализация қоқыс шығару шығындары нормативтерінен артық емес тоқсандағы шығындары отбасының сол тоқсандағы осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы шығындар үлесінең асқан жағдайда тағайындалады.Тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақыларын төлеуге жұмсалатын шектеулі рауалы үлесі отбасының үлесі отбасының жиынтық табысының 11 пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленеді
Көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушының) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.

10

10. Өтеамақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы:
1/отбасы құрамында 2 және одан көп адамы бар, екі және одан көп бөлмелі тұрғын үйде тұратын отбасылары үшін тұрғын үй заңдылығымен белгіленген отбасының әр мүшесі тиісті тұрғын нормасына сәйкес бірақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспайтын болу керек
2/жалғыз тұратын азаматтар үшін 31 шаршы метр;
3/бір бөлмелі пәтерде тұратын отбасылары (азаматтар) үшін тұрғын үйдің нақты пайдаланып отырған аумағы
Есепке алынатын тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтерің пайдалану (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету канализация, қоқыс шығару) жергілікті атқарушы және өкілі органдармен белгіленеді

11

11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тоқсанға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға есептелген нақты сомадан аспауы керек.

12

12. Белгіленген нормадан тыс тұратын үйлері ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жалпыға бірдей негізде төленеді.

13

13. Тұрғын үй көмегі егер осы көмекті тағайындауға барлық қажетті құжаттармен бірге арыз ағымдағы тоқсанның екінші айының 15 – дейін тапсырылса арыз берілген тоқсанның алдынғы тоқсанына тағайындалады.

14

14. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер,үй) немесе тұрғын жәйлі жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Егер отбасында мүгедектерді күтумен немесе жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын тұлғалардан басқа,жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және тиісті органдарда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамсыз тұлғалар болса, осыны растайтын тиісті құжаттар тапсыру қажет (еңбек кітапшасы, тұрғылықты жерден анықтама).

15

15. Тұрғын үй көмегі қаражаты арыз берушілердің тілегіне қарай олардың жеке есеп шоттарына немесе коммуналдық қызметтерг төлемдерді азайту үшін коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің шоттарына аудару жолымен төленеді

16

16. Тапсырылған құжаттары қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып оның бір данасы үй жалдаушысында (меншік иесінде) сақталады.

17

17. Бөлім берілген ақпараттың дұрыстығына күмәнданған жағдайда тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстар туралы мәліметті сұратуға құқылы,ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге міндетті

18

18. Отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының шектеулі рауалы үлесі отбасының табыстары,сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифтері мен ставкалары өзгерген кезде бөлім бұрып тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеутеу жүргізіледі.
Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері немесе оны алу құқығына өзгерту негіз бола алатын кез келген өзгерістер, сондай – ақ тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайлар туралы бөлімге 10 күн ішінде хабардар етуге міндетті.

19

19. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңнамамен берілген тәртіпте шағым беруге жатады.

20

20. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз барлық тіркелген құжаттармен бірге сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешіммен хаттама немесе шешіммен көшірме алушының жеке ісінде сақталады.

3. 3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептек тәртібі

3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептек тәртібі

21

21. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы бөліммен есептеледі.

22

22. Жиынтық табысты есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік және тұрғын үй жәрдемақысынан басқа) есепеледі.

23

23. Жиынтық табысы арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәліметтер негізінде есептеледі.

24

24. Отбасының жиынтық табысы құрамы туралы анықтамады көрсетілген барлық тұлғалардың тоқсан ішіндегі табыстарын қосу жолымен есептеледі

25

25. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілді алынған кезде жиынтық табысқа табыстың барлық сомасын алынған айлардың санына бөлінген, үш айға көбейтілген мөлшердегі табыс сомасы есептеледі.

26

26. Шетелдік валютамен алынған табыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысын белгілеу сәтінде белгіленген бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.

27

27. Жиынтық табысты есептеудің басқа тетіктері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін заңнамада белгіленген ұқсас тәртіпте анықталады.

28

28. Арыз беруші беріп отырған табыстар туралы мәліметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап береді.

4. 4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

29

29. Бөлім әр айдың 5 – не дейін өткен тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасы және алушылар санын анықтайды.Ай сайын тағайындалатын тұрғын үй көмегінің жиынтық тізімін жасап әр айдың 5 – іне кешіктірмей ауданық пошта – байланысы торабына жібереді, сондай – ақ аудандық қаржы бөліміне сұраныс береді.

30

30. Қаржы бөлімі сұраныс негізінде бөлімге тұрғын көмегін төлуге бюджетте қаралған қаржыны бөледі. Бөлім ағымдағы шотында қаржы түскеннен кейін 3 күн ішінде пошта – байланысы торабының шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын, сондай – ақ екі арадағы агенттік келісімге сәйкес коммисиялық сыйақыларды аударады.

31

31. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық пошта – байланысы тобымен бөлім берген алушыла тізімі негізінде алушының жеке басын куәландыратын құжатын көрсету арқылы төленеді.

5. 5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі

5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі

32

32. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп беру, бақылау және есептік жүргізу бөлімге жүктеледі.

33

33. Бөлім әр тоқсанның бірінші айының 10 – на дейін пошта – байланысы торабымен өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру актілерін негізінде белгіленген нысанда қаржы жоғары тұрған органдарға тұрғын үй көмегінің төленген сомалары бойынша есеп береді.

34

34. Тұрғын үй көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы сондай – ақ уақытылы төленуін бақылау уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.

35

35. Лауазымды тұлғалардың тұрғын үй көмегін дұрыс емес тағайындау салдарынаң немес бөлім біле тұра заңсыз тағайындауға апарып соқтырсын дұрыс емес мәліметтер берген арыз берушінің кінәсінең заңсыз төленген тұрғын үй көмегінін сомасы кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.