Қолданыстағы ред. 29.03.2007

Материалдық көмек көрсету туралы от 29.03.2007 г. № 31 (Материалдық көмек көрсету туралы)

0

Материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Теректі ауданының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына материалдық көмек көрсету, төменде көрсетілген азаматтарға рұқсат етілсін:

1

1) аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде, материалдық көмек көрсетілсін;

2

2) аз қамтылған отбасыларға, жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан, 20 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде, емделуге материалдық көмек көрсетілсін;

3

3) жерлеуге төленетін материалдық көмек, азамат қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының табыстарына қарамастан, 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде материалдық көмек көрсетілсін;

4

4) бейбіт уақытыңда әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, отбасының табысына қарамастан ай сайын 1000 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жармұхамбетов Ермек Амантайұлына жүктелсін.