Материалдық көмек көрсету туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Теректі ауданының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына материалдық көмек көрсету, төменде көрсетілген азаматтарға рұқсат етілсін:
Тармақша 1
1) аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде, материалдық көмек көрсетілсін;
Тармақша 2
2) аз қамтылған отбасыларға, жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан, 20 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде, емделуге материалдық көмек көрсетілсін;
Тармақша 3
3) жерлеуге төленетін материалдық көмек, азамат қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының табыстарына қарамастан, 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде материалдық көмек көрсетілсін;
Тармақша 4
4) бейбіт уақытыңда әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, отбасының табысына қарамастан ай сайын 1000 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жармұхамбетов Ермек Амантайұлына жүктелсін.