Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации радиоэлектронных средств и условиям работы с источниками электромагнитного излучения"

Бұйрық · № 225 · қабылданған 10.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32841/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации радиоэлектронных средств и условиям работы с источниками электромагнитного излучения" Күшін жойған Бұйрық ·№ 225 ·10.04.2007
11.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации радиоэлектронных средств и условиям работы с источниками электромагнитного излучения"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 225 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации радиоэлектронных средств и условиям работы с источниками электромагнитного излучения"
Атауы (қаз.)
"Радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға және электромагниттік сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
225
Қабылданған күні
10.04.2007
Көрсетілген редакция
11.11.2010 AI32841_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004622_
ЭКБ идентификаторы
32841
Редакция идентификаторы
AI32841_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:50

0 "Радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға және электромагниттік сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына, 17-бабының 1, 16-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған "Радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға және электромагниттік сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т.Омаровқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттігі
2007 жылғы 12 сәуір

0 "Радиоэлектронды құралдарды пайдалануға және электромагниттік сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормалар

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы 10 сәуірдегі
N 225 бұйрығымен
бекітілген
"Радиоэлектронды құралдарды пайдалануға және электромагниттік сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормалар

1 1. Жалпы ережелер

1

1. "Радиоэлектронды құралдарды пайдалануға және электромагниттік сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) қызметі радиоэлектронды құралдармен жұмыс істеуге байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған.
Осы санитарлық ережелердің талаптары құрылықтық жылжымалы радиобайланыс құралдарына, спутниктік байланыстың абоненттік терминалына, теңіз, өзен, әуе және басқа көліктік жылжымалы радиобайланысқа таралмайды.

2 2. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:

1

1) радиоэлектронды құралдар (бұдан әрі - РЭҚ) - бір немесе бірнеше радиотаралымдық және (немесе) радиоқабылдағыш құрылғыдан және қосымша жабдықтардан (егер ондайлар болса) тұратын техникалық құралдар, радиотолқындарды таратуға және қабылдауға арналған. Радиоэлектронды құралдарға жұмыс істеу барысында 9 кГц-дан 400 ГГц дейін жиілікті электромагнитті тербелістерді қолданатын радиостанциялар, радиотелефондар, радионавигациялар, радиоанықтағыштар жүйелері, теледидар мен радиохабардың үлестірімдік жүйелері және басқа құралдар жатады;

2 2) электромагниттік өріс (бұдан әрі - ЭМӨ) - электромагниттің тербелістері көзінің маңында және олардың таралу жолдарына туындайтын өріс;

3 3) екінші қайтара сәуле бөлу - ЭМӨ әсер ететін аймақтағы әртүрлі өткізгіш заттармен және құрылғылармен электромагнит қуатының сәуле бөлуі.

2 2. Радиоэлектронды құралдарды орналастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

3 3. РЭҚ құрылысына, қайта жаңартуға, техникалық жарақтауға, кеңейтуге, орналастыруға және пайдалануға беруге жобалық құжаттама осы санитарлық ережелерге сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы керек.

4 4. Санитарлық қорғау аумағы (СҚА) және құрылысты шектейтін аймақтың (ҚША) шекарасының есебімен мәліметтер мен материалдар, жеткізетін РЭҚ кімнің басқаруында болса, сол заңды немесе жеке тұлғаларға берілуге тиіс.

5 5. Қолданудан жеткізгіштер мен антенналарды біржола алып тастау немесе бөлшектеу барысында ЭМӨ-нің деңгейлеріне өлшеу жүргізу қажет емес.

6 6. 300 мега Герцтан (бұдан әрі - МГц) жоғары жиілікті қуаттылығы 100 ватт (бұдан әрі - Вт) және одан да жоғары РЭҚ, СҚА және ҚША өлшемдері қорытындысына қарамастан, тұрғын үй-құрылыстарынан кемінде 300 метр (бұдан әрі - м) қашықтықта орналасуы керек.

7

7. Тиімді сәуле бөлу қуаты 100 вт артық болатын 3-30 МГц диапазондағы радиоәуесқойлардың радиостанцияларын (бұдан әрі - РРС), 26,5 - 27,5 МГц жиілікті азаматтық диапазондағы радиостанциялардың антеннасын орналастырғанда, антеннаны орнату аумағына оның кез-келген нүктесінен кемінде 5 м қашықтыққа адамдардың еркін бару мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз ету керек.

8

8. Қуаттылығы 100 Вт және одан да жоғары РЭҚ тұрғын үй-жайлардан, балалар, жасөспірімдер және емдеу-алдын алу ұйымдарынан, санитарлық-қорғау есептерінің қорытындысына және құрылысты шектеу аумағына қарамастан 300 метрден жақын қашықтыққа орналаспауға тиіс. Әкімшілік ғимараттың шатырына орналастырғанда антенна шатырдың деңгейінен кем дегенде 5 м биіктікте орнатылуы керек.

9 9. РЭҚ қойылған жерде антенналық жабдықтарына тікелей қызмет көрсетуге қатысты адамдардан басқалардың баруы шектелуге тиіс.

10 10. Қабылдағыш антенналарды орналастырғанда ғана шектеу қойылмайды және ЭМӨ деңгейлеріне аспаптық бақылаулар жүргізілмейді.

11 11. Тұрғын үйлерде, ұйымның жұмысшы үй-жайларында (кабинеттерінде), қонақ үйлердің тұрғын бөлмелерінде, аурухана палаталарында, мектеп жасына дейінгі балалардың және жалпы білім беретін ұйымдарда қабылдау-беру антенналарды орнатуға рұқсат етілмейді, шатырлардан басқа.

12 12. СҚА шекаралары жерден 2 м биіктікте анықталуға тиіс. СҚА-ның көлемі антеннаның түбінен, РТН-ның перспективалық дамуын ескере отырып есептеледі. Аймақтың сыртқы шекарасындағы жерден 2 м биіктіктегі құрылысты шектеу, ЭМӨ деңгейлері шектелген - рұқсат етілген деңгейлерден (ШРЕД) аспауға тиіс.

Сыртқы шектеу аймағының шекарасы перспективалық құрылыстың ғимаратының ең жоғарғы биіктігі бойынша анықталуға тиіс, жоғарғы қабатта ЭМӨ деңгейі ШРЕД-тен аспауы керек.

13

13. Санитарлық қорғау аймағын және құрылысты шектеу аймағын селитебті аумақ ретінде тұрақтарға арналған алаңды және барлық көлік түрлері үшін аялдаманы, автокөліктерге қызмет көрсететін объектілерді, бензин құятын станцияларды, мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларын орналастыруға, өнеркәсіптік алаңды кеңейтуге, ұжымдық немесе жеке бау-бақшалық телімдерге қолдануға рұқсат етілмейді.

14 14. СҚА және ҚША шекараларын анықтау барысында ғимараттың элементтерімен, коммуникациялармен, ішкі өткізгішімен сәуле бөлу арқылы ЭМӨ екінші қайтара әсерінен ұйымның қорғау мүмкіндігін ескере отырып жүргізу керек.

3 3. Радиоэлектронды құралдарға қызмет көрсету бойынша жұмыстардың жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

15 15. Қызмет көрсететін қызметкерлер құрамына радиоэлектронды құралдармен туындайтын ЭМӨ әсеріне гигиеналық бағалау, электр өрісінің энергетикалық жүктемесі, магнит өрісі, осы санитарлық ережелердің 1-қосымшасына сәйкес электромагнит энергиясы ағынының тығыздығы бойынша жүргізілуі керек.

16 16. Электромагнит өрісінің шектелген рұқсат етілген деңгейі селитебті аумақта, жаппай демалу орындарында, тұрғын жайлар, қоғамдық және өндірістік үй-жайлардың ішінде, электромагниттік сәуле көздері тәулік бойы әсер еткен жағдайда, осы санитарлық ережелердің 2-қосымшасына сәйкес болуға тиіс.

17 17. Бір диапазонда жұмыс істейтін, олар үшін бірдей ШРЕД белгіленген, бірнеше сәуле көзінен сәулеге ұрынғанда электр өрісі кернеуінің қосындысы және электр энергиясы ағынының тығыздығының қосындысы төмендегі формулалар бойынша анықталуға тиіс:

Е сум.= vЕ 1 2 + Е 2 2 + ... Е П 2 < Е шред
ППЭ сум.= ППЭ 1 + ППЭ 2 +... ППЭ П
Е сум немесе ППЭ сум болуға тиіс < Е немесе < ППЭ шред

18 18. Әртүрлі жиілікті диапазондағы, олар үшін әртүрлі ШРЕД белгіленген, ЭМӨ-нің бірнеше көзінен бір мезгілде сәулеге ұрынғанда электр өрісі кернеуінің қосындысы және электр энергиясы ағынының тығыздығының қосындысы төмендегі формулалар бойынша анықталуға тиіс:

(Е 1 /Е шред1 + Е 2 /Е шред2 + ...Е n / Е шред n ) + ППЭ 1 /ППЭ шре1 + ППЭ 2 /ППЭ шре2 +...+ППЭ n /ППЭ шре n < 1 бұл жерде:
Е - ЭМӨ-нің әрбір көзімен жеке туындайтын, электр өрісінің кернеуі;
Е шред - нормаланатын диапазондағы электр өрісінің шектелетін рұқсат етілген кернеуі, вольт метрге (бұдан әрі В/м);
ЭАТ - ЭМӨ-нің әрбір көзімен жеке туындайтын энергия ағынының тығыздығы, ватт шаршы метрге (бұдан әрі - Вт/м 2 ) см 2 ;
ЭАТ шре - нормаланатын диапазондағы электр өрісінің шектелген рұқсат етілетін кернеуі, Вт/м 2 , мкВт/см 2 .

4 4. Тарататын радиотехникалық нысандармен туындайтын электромагнит өрісінің деңгейлеріне бақылау

19

19. РЭҚ-мен туындайтын ЭМӨ деңгейлерін бақылау үшін есептік және аспаптық әдістер қолданылуға тиіс. Есептік әдістер жобалық материалдарға сараптау жүргізу барысында тарататын құралдардың түрлерін, жұмыс істеу жиілігін, режимдерін және қуатын, параметрлерін және антеннаның орналасу кеңістігін, жергілікті жердің рельефін, қайта шағылыстыратын беттің болуын ескере отырып жүргізіледі. Радиолокациялық станциялардың жобалық материалдарында қосымша импульс жіберу жиілігі, импульстің ұзақтығы және антеннаның айналу жиілігі туралы мәліметтер болуы керек.

20 20. ЭМӨ-нің деңгейлерін бақылау аспаптық әдіспен жүргізілгенде мемлекеттік тексеруін өткен өлшеу құралдары қолданылуға тиіс.

21 21. Электр өрісінің кернеулік деңгейін және ЭМӨ энергиясы ағынының тығыздығын өлшеу жабдықтардың іске қосылып, ең жоғары сәуле бөлуі жағдайында жүргізілуге тиіс.

22 22. ЭМӨ деңгейіне аспаптық бақылау:

1 1) РЭҚ пайдалануға берілгенде;

2 2) ЭМӨ деңгейіне әсер ететін РЭҚ-ың жұмыс жағдайын және режимін өзгерткенде (антеннаның бағдарын өзгерту, жеткізгіштердің қуатын көбейткенде);

4 4) РЭҚ жақын орналасқан аумақтың ахуалдық жоспары өзгергенде;

5 5) мемлекеттік санитарлық қадағалау жүргізгенде;

6 6) ЭМӨ деңгейін төмендету бойынша шаралар жүргізгеннен кейін;

7 7) жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізгенде жүргізілуі керек.

23 23. Жұмысшыларды ЭМӨ-нің қолайсыз әсерінен қорғауды қамтамасыз ету, ұйымдастыру, инженерлік-техникалық және емдеу алдын-алу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асырылуы керек.

24 24. Ұйымдастыру шаралары төмендегілерді қарастыруға тиіс:

1 1) жабдықтарының ұтымды жұмыс режимін таңдауды;

2 2) ЭМӨ әсер ету деңгейі шектелген рұқсат етілген деңгейден асатын, ол жерде пайдалану шарты бойынша қызметкерлер құрамының қысқа мерзімде болуына да рұқсат етілмейтін аумақты, тиісті ескертетін белгілермен қоршап, белгілеуді;

3 3) жұмыс орындарының орналасуы және қызмет көрсететін қызметкерлер құрамының қозғалу бағыттары ЭМӨ көздерінен ШРЕД сақтауды қамтамасыз ететін қашықтықта орналасуын;

4 4) жабдықтарды жөндеуді басқа көздердің ЭМӨ әсер ету аймағынан тыс жерде жүргізуін;

5 5) ЭМӨ әсер ету жағдайында қызметкерлер құрамының болу ұзақтығын шектеуін;

6 6) жұмыс орындарын ұйымдастыруды ЭМӨ көздерінен ең жоғарғы қашықтықта орналастыруға.

25 25. Инженерлік-техникалық шаралар жұмыс орындарында ЭМӨ деңгейін төмендетуді жаңа технологияларды енгізу және ұжымдық, жеке қорғаныш құралдарын қолдану арқылы қамтамасыз етуі керек.

26 26. Ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары ЭМӨ-ның қолайсыз әсерін төмендетуді қамтамасыз етіп және жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсер етпеуі керек.

27 27. Ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары экрандауға негізделген (шағылысу, ЭМӨ энергиясын сіңіру) технологияларды қолдану арқылы дайындалуға тиіс.

28 28. Жұмысшылардың радиожиілікті диапазондағы ( > 10 кГц - 300 ГГц) ЭМӨ әсер етуінен ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары жұмыс диапазонындағы жиілікті және орындалатын жұмыстың сипатын есепке ала отырып қолданылуы керек.

29 29. ЭМӨ көздерін немесе жұмыс орындарын экрандау, шағылысу құралдары немесе стационарлық сіңіретін немесе тасымалданатын экрандар бойынша жүзеге асырылуы керек.

30 30. Радиожиілікті ЭМӨ-нің шағылыстыратын экрандары металл табақтан, тордан, өткізгіш қабыршықтан, микроөткізгіш матадан, синтетикалық талшықтар негізінде жасалған металданған матадан немесе жоғарғы электр өткізгіштігі бар кез-келген материалдан жасалады.

31 31. Қарайтын терезелерді, аспаптық панелдерді экрандау радиоқорғағыш әйнектің немесе мөлдірлігі жоғары радиоқорғағыш кез-келген материалдың көмегімен жүзеге асырылуы керек.

32 32. Жеке қорғаныш құралдары (қорғаныс киімдері) металданған немесе жоғарғы электрөткізгішті басқа матадан дайындалуға тиіс.

33 33. Қорғаныс киімдеріне мыналар жатады: комбинезон немесе жартылай комбинезон, капюшоны бар куртка, капюшоны бар халат, желет, алжапқыш, қолғаптар, бетке арналған қорғаныш құралы, аяқ киім. Қорғаныс киімінің барлық бөлігі өзара электрлік қатынаста болуға тиіс.

34

34. РЭҚ ЭМӨ көздерінің әсер етуімен кәсіби жұмысы байланысты адамдар жұмысқа орналасу барысында алдын-ала және кезеңдік медициналық тексерістерден нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2780 тіркелген "Олардың кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі мен Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығына сәйкес өтуі керек.

35

35. Қабылдау-таратушы антенналар орналасқан аумақтарда тұрғындар үшін ЭМӨ деңгейі ШРЕД асатын болса және РЭҚ-ға қызмет көрсетуге тікелей байланысты емес адамдардың еркін баруы мүмкін болса, онда аумақты қоршау немесе ескертетін белгілер қойылуы керек. Бұл учаскелерде басқа жұмыстар жүргізілген жағдайда (РЭҚ қызметкерлер құрамынан басқалары) РЭҚ жеткізгіштері өшірілуге тиіс.

1 ТРТН қызметкерлер құрамының жұмыс орындарындағы ЭМӨ рұқсат етілген деңгейлері

"Радиоэлектронды құралдарды пайдалануға
және электромагниттік сәуле шығару
көздерімен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" санитарлық ережелер мен
нормаларға 1-қосымша
30 кГц - 300 МГц жиілікті диапазондағы энергетикалық жүктеме
мына формула бойынша есептеледі:
ЭЖе = Е 2 х Т, (В/м) 2 х с;
ЭЖн = Н 2 х Т, (В/м) 2 х с;
мұндағы: Е - электр өрісінің кернеулігі;
Н - магниттік өріс кернеулігі.
300 МГц - 300 ГГц жиілік диапазонындағы энергетикалық жүктеме
мына формула бойынша есептеледі:
ЭЖэат = ЭАТ х Т, (Вт/м 2 ) х ч/(мкВт/см 2 ) х с
мұндағы: Т - әсер ету уақыты, с;
ЭАТ - энергия ағымының тығыздығы.
300 МГц - 300 ГГц жиілікті диапазондағы ЭМӨ ЭАТ шектелген
рұқсат етілген мәнін қолданыстағы стандартқа сай (ҚР СТ 1151 - 2002
"Радиожиіліктің электромагниттік өрістері. Рұқсат етілген деңгейлер
және бақылау жүргізуге қойылатын талаптар") анықтау керек.
ТРТН қызметкерлер құрамының жұмыс орындарындағы ЭМӨ рұқсат етілген деңгейлері
Па­ра­метр
Жи­і­лік диа­па­зо­ны (МГц)
0,03 - 3,0
3,0 - 30,0
30,0 - 50,0
50,0 - 300,0
300,0 - 300000
Шек­тел­ген рұқ.
сат еті­л­ген мәні
ЭЖе, (В/м) 2 с
20000
7000
800
800
-
Шек­тел­ген рұқ.
сат еті­л­ген
мәні
ЭЖн, (А/м) 2 с
200
-
0,72
-
-
Шек­тел­ген рұқ.
сат еті­л­ген
мәні ЭЖ­эат,
(мкВт/см) 2 с
-
-
-
-
200
Ең жо­ғар­ғы
ШРЕД Е, В/м
500
296
80
80
-
Ен жо­ғар­ғы
ШРЕД Н, А/м
50
-
3,0
-
-
Ен жо­ғар­ғы
ШРЕД ЭАТ,
мкВт/см 2
-
-
-
1000
Кесте­де көр­се­ті­л­ген диа­па­зон­дар, тө­мен­гі­сін шы­ға­рып та­стай­ды
және жи­і­лік­тің жо­ғар­ғы ше­гін қо­са­ды

2 30 кГц-300ГГц жиілікті диапазондағы тұрғындарға арналған ЭМӨ-нің рұқсат етілген деңгейлері

"Радиоэлектронды құралдарды пайдалануға
және электромагниттік сәуле шығару
көздерімен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" санитарлық ережелер мен
нормаларға 2-қосымша
30 кГц-300ГГц жиілікті диапазондағы тұрғындарға арналған ЭМӨ-нің рұқсат етілген деңгейлері
1 кесте
Жи­і­лік
диа­па­зо­ны
30-300
кГц
0,3-3
МГц
3-30
МГц
30-300
МГц
300-
3000
МГц
3-30
ГГц
30-300
ГГц
Нор­ма­ла­на.
тын па­ра.
мет­рі
Электр өрі­сі­нің
кер­не­улі­гі, Е
Энер­гия ағы­ны­ның
тығ­ы­зды­ғы, ЭАТ
(мкВт/см 2 )
Рұқ­сат
еті­л­ген
дең­гейі
25
15
10
3*
12
12
10
25**
* ра­дио және те­ле­ди­дар ха­ба­рын та­ра­ту құ­рал­да­ры­нан бас­қа
(48,5-108; 174-230 МГц жи­і­лік­ті диа­па­зон­да)
** - ай­на­ла шо­лу неме­се ска­нир­леу ре­жи­мін­де жұ­мыс іс­тей­тін
ан­тен­на­дан сәу­ле­ге ұры­ну жағ­дай­ы­на ар­нал­ған
Теледидарлық радиостанцияларымен 48-1000 МГц жиілікті диапазонда туындайтын ЭМӨ рұқсат етілген деңгейі
2 кесте
Ар­на­ның нө­мі­рі
Жи­і­лік МГц
Тол­қын­ның ор­та.
ша ұзынды­ғы, м
ШРЕД, В/м
1
48,5-56,5
5,72
4,9
2
58-66
4,84
4,6
3
76-84
3,75
4,2
4
84-92
3,41
4,0
5
91-100
3,13
3,9
6
174-182
1,68
3,1
7
182-190
1,61
3,0
8
190-198
1,51
3,0
9
198-206
1,48
2,9
10
206-214
1,43
2,9
11
214-222
1,37
2,8
12
222-230
1,32
2,2
21
470-478
0,632
2,1
22
478-486
0,622
2,1
23
486-494
0,612
2,1
24
494-502
0,602
2,1
25
502-510
0,593
2,1
26
510-518
0,584
2,1
27
518-526
0,574
2,0
28
526-534
0,566
2,0
29
534-542
0,558
2,0
30
542-550
0,549
2,0
31
550-558
0,541
2,0
32
558-566
0,534
2,0
33
566-574
0,526
2,0
34
574-582
0,519
2,0
35
582-590
0,512
2,0
36
590-598
0,505
2,0
37
598-606
0,498
2,0
38
606-614
0,492
2,0
39
614-622
0,485
2,0
40
622-630
0,479
2,9
Электромагниттік өрістің рұқсат етілген деңгейі 1)
(амплитудалық немесе жиілік модуляциясының үздіксіз сәуле бөлуі), тәулік бойы әсер етуі
3 кесте
Диа.
па­зон
N
Диа­па­зон­ды метр­лік
бө­лу
Жи­і­лік­тер
Тол­қын.
дар ұзын
дық­та­ры
ШРЕД
5
Ки­ло­метр­лік
тол­қын­дар (тө­мен­гі
жи­і­лік­тер, ТЖ)
30-300 кГц
10-1 км
25 В/м
6
Гек­та­метр­лік
тол­қын­дар (ор­та­ша
жи­і­лік­тер, ОЖ)
0,3-3 МГц
1-0,1 км
15 В/м
7
Де­ка­метр­лік тол­қын­дар
(жо­ғар­ғы жи­і­лік­тер, ЖЖ)
3-30 МГц
100-10 м
8
Метр­лік тол­қын­дар
(өте жо­ғар­ғы
жи­і­лік­тер, ӨЖЖ)
30-300 МГц
10-1м
3 В/м
9
Де­ци­метр­лік тол­қын­дар
(ульт­ра­жо­ғар­ғы
жи­і­лік­тер, УЖЖ)
300-3000М­Гц
1-0,1 м
12 мкВт/см 2
10
Сан­ти­метр­лік
тол­қын­дар (ша­ма­дан
тыс жо­ға­ры
жи­і­лік­тер, ШТ­ЖЖ)
3-30 ГГц
10-1 см
12 мкВт/см 2
11
Мил­ли­метр­лік
тол­қын­дар (ең жо­ғар­ғы
жи­і­лік­тер, ЕЖЖ)
30-300 ГГц
1-0,1 см
10 мкВт/см 2

1 1) Кестеде келтірілген диапазондар төменгісін шығарып

және жоғарғы шектелген жиілікті қосады.
Аталған кестеде келтірілген, ШРЕД, 48-1000МГц жиілікті
диапазонда жұмыс істейтін теледидарлық станцияларға таралмайды
(олар үшін ШРЕД 2-қосымшадағы кестеде келтірілген).
ШРЕД тұрғындарға әсер ету уақытына байланысты қайта
есептеуге рұқсат етілмейді;

2 Радиолакациялық станциялармен туындайтын ЭМӨ-нің шектелген рұқсат етілген деңгейлері (тұрғындар үшін)

2) ** Л-толқынның ұзындығы метрмен; осы диапазон үшін
шектелген рұқсат етілген мән мына формула бойынша анықталады:
Е ШРЕД = 7,45 - 3 *·1g f, бұл жерде
f - жиілік МГц.
Радиолакациялық станциялармен туындайтын ЭМӨ-нің шектелген рұқсат етілген деңгейлері (тұрғындар үшін)
4-кесте
Ра­дио­ла­ка.
ци­я­лық стан­ци­я­ны
қол­да­ну мақ.
са­ты
Ди
ап
аз
он
N
Тол­қын.ұзынд
см
Жұ­мыс ре­жи­мі
ШР
ЕД
мкВт
/см 2
Ан­тен­на
ай­на­лу
жылд.
об/мин.
Ай­на­лу
ке­зе­ңі,
с
Бір­рет­тіл.
қар­қын­ды
лық­пен
сәу­ле­ге
ұры­ну
уа­қы­ты
Сәу­ле
бө­лу­де­гі
жұ­мыс
уа­қыт.
ұз­ақ­тығы
жал­пы
тәу­лік.
те­гі жұ.
мыс уа­қы.
ты­на қа.
ты­на­сы
Ме­тео­ро­ло.
ги­я­лық РЛС
және жұ­мыс
ре­жи­мі бо.
йын­ша оған
ұқсас басқ.
(ра­дио­ло­ка.
тор жұ­мысы.
ның жал­пы
ұз­ақ­тығ­ын­да
тәу­лі­гіне
12 сағ.
ас­пай­тын)
11
0,8 +
0,12
< 6
> 10
ай­на­лу­дың
0,001 ке­зе­ңі
0,5
140
0
-
тәу­лік­те15 сағ. ар­тық  емес
1
10
10
3,0 + 0,60
< 6
> 10
ай­на­лу­дың 0,004 ке­зе­ңі
0,5
60
0
-
тәу­лік­те
12 сағ. ар­тық емес
1
10
9
10,0 + 1,50
0
-
тәу­лік­те 12 сағ. ар­тық
емес
0,5
20
9
10,0 + 1,50
< 6
> 10
ай­на­лу­дың
0,008 ке­зе­ңі
0,5
40
9
17,0 + 2,55
0
-
тәу­лік­те 12 сағ.
ар­тық
емес
0,5
24
0
-
тәу­лік­те 12 сағ. ар­тық
емес
1
12
Аза­мат­тық
авиа­ци­я­ның
шол­ғыш РЛС
және жұ­мыс
ре­жи­мі бой­ын
ша оған
ұқсас бас.
қа­ла­ры.
9
10,0 + 2,0
< 15
> 4
ай­на­лу­дың
0,0063 ке­зе­ңі
1
15
23,0 + 3,45
< 15
> 4
1 ай­на­лу­дың
0,004 ке­зе­ңі
1
20
35,0 + 5,25
< 15
> 4
1 ай­на­лу­дың
0,011 ке­зе­ңі
1
25
Жа­ға­лық және
ке­ме­лік РЛС
және жұ­мыс
ре­жи­мі бой­ын
ша оған
ұқсас басқ.
9
10,0 + 1,50
< 25
> 2,4
ай­на­лу­дың
0,006 ке­зе­ңі
1
25
тәу­лік­те 12
сағ. ар­тық  емес
1
15
тәу­лік­те 6
сағ. ар­тық  емес
1
20
Екі арналы метеорологиялық РЛС туындайтын (аралас сәулелер)
энергия ағынының шектелген рұқсат етілген деңгейлері (тұрғындар
үшін)
5-кесте
Ре­жим­нің си­пат.
та­ма­сы
Ар­на.
да­ғы
толқ.
ұзынд.
Ом
ШРЕД  (мкВт/см 2 )
Ан­тен.
на ай­на.
лу жыл.
дам.
об/мин.
Ке­ңіс.
тікке
үзі­ліс,
тік
ко­эф.
фи­ци­ен­ті
0,8
3
10
17
Ан­тен­на ба­ғы­ты.
ның ұқсас ди­аг.
рам­ма­ла­ры
q 3/10 = 0,04
3 + 0,45
ж/е
10 + 1,50
-
10
25
-
6
240+15%
Ан­тен­на ба­ғы­ты.
ның ұқса­май­тын
диа­грам­ма­ла­ры
q 3/10 = 0,04
0,8 + 0,12
ж/е
10 + 1,50
50
-
25
-
6
2000+15%
0,8 см
ұзын­дық­қа
240+15% 10
см.
ұзын­дық­қа
Ан­тен­на ба­ғы­ты.
ның ұқса­май­тын
диа­грам­ма­ла­ры
q 3/17 = 0,04
3,0 + 0,45
ж/е
17 + 2,55
-
54
-
1)
6
240+15%
үш сантиметрлі арнамен туындайтын, ЭАТ үшін белгіленген,
ШРЕД бақылау жүргізіледі.
Декамертлік диапозондағы радиотарататын станциялармен туындайтын электромагнит өрісінің кернеулігінің шектелген рұқсат етілген деңгейлері(тұрғындар үшін)
6-кесте
Жи­і­лік, МГц
Тол­қын­ның ұзынды­ғы, м
ШРЕД, В/м
3
100,0
6,0
4
75,0
5,6
5
60,0
5,3
6
50,0
5,1
7
42,9
4,9
8
37,5
4,7
9
33,3
4,6
10
30,0
4,4
11
27,3
4,3
12
25,0
4,2
13
23,1
4,1
14
21,4
4,0
15
20,0
3,9
16
18,8
3,8
17
17,6
3,7
18
16,7
3,7
19
15,8
3,6
20
15,0
3,5
21
14,3
3,5
22
13,6
3,4
23
13,0
3,3
24
12,5
3,3
25
12,0
3,2
26
11,5
3,2
27
11,1
3,1
28
10,7
3,1
29
10,3
3,0

Қолданыстағы