Қолданыстағы ред. 13.04.2007

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 13.04.2007 г. № 4-368 (Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)

0

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 7 бабының 4 тармақшасына, 18-1 бабына және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Респуликасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының тармағының 13) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қосымшаға сәйкес берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің ipiктеу тәртібі айқындалсын.

2

2. «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыруға, уәкілетті болып табылсын.

3

3. «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т. Жазыбекұлы)

1

1)уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орьшдарына жіберуді жүзеге асырсын;

2

2)осы мақсатқа, әр жылға арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің жұмыссыздардың еңбегіне төленген шығынының ішінара төлемін өтесін;

3

3)төленетін өтемақы екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару ақылы жүзеге асырылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуы бақылау аудан әкімінің орынбасары М.И. Жолжановқа жүктелсін.

5

5. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9

Алакөл ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 13.04
№ 4-368 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктey тәртібі
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақыс төленетін шарттық негізде құралады.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді:

1

1)Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әдейі арналған;

2

2)Жұмыс орныдары уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыруды үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайданылмайды.