Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 7 бабының 4 тармақшасына, 18-1 бабына және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Респуликасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының тармағының 13) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің ipiктеу тәртібі айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыруға, уәкілетті болып табылсын.
Тармақ 3
3. «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т. Жазыбекұлы)
Тармақша 1
1)уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орьшдарына жіберуді жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2)осы мақсатқа, әр жылға арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің жұмыссыздардың еңбегіне төленген шығынының ішінара төлемін өтесін;
Тармақша 3
3)төленетін өтемақы екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару ақылы жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуы бақылау аудан әкімінің орынбасары М.И. Жолжановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Алакөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13.04 № 4-368 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктey тәртібі 1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақыс төленетін шарттық негізде құралады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді:
Тармақша 1
1)Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әдейі арналған;
Тармақша 2
2)Жұмыс орныдары уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыруды үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайданылмайды.