Шет ауданының кент және ауылдық округтері аумағында тұрғындардың жеке меншік малдарының бағылуы жайындағы Ережені бкіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8,Кент және 15 тармақшаларына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Шет ауданының кент және ауылдық округтері аумағында тұрғындардың жеке меншік малдарының бағылуы жайындағы Ережені бкіту туралы от 09.04.2007 г. № 37/361 (Шет ауданының кент және ауылдық округтері аумағында тұрғындардың жеке меншік малдарының бағылуы жайындағы Ережені бкіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған Шет ауданының кент және ауылдық округтері аумағында тұрғындардың жекеменшік малдарының бағылуы жайындағы Ережесі бекітілсін.
2. Кент және ауылдық округ әкімдеріне жергілікті жерлердегі халықпен келісе және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың 2007
жылғы 9 сәуірдегі XXXYII-
сессиясының №37/361
шешімімен бекітілген
Шет ауданының кент және ауылдық округтері аумағында тұрғындардың жеке меншік малдарының бағылуы жайындағы Ережесі
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» Қазақстан Республикасының «Жер туралы Кодексінің» Заңдарына сәйкес әзірленді, бұл ереже, мал иелерінің, сондай-ақ, көрсетілген елді мекеннің тұрғындары мен мал бағушылардың (бұдан әрі қарай бақташылар) жерді күту мен қорғау, аумақ тазалығын сақтау, санитарлық, көркейту саласындағы жеке тұлғалардың жауапкершілігін анықтайды және басқада қатысты мәселелерді реттейді.
1. Малдың бағылу жайындағы ережелер
1. Кент және ауылдағы (селодағы) жеке меншік малдар (ірі қара, қой-ешкі) арнайы мемлекетжер қорынан бөлінген жерлерде жайылып, көктемгі-жазғы-күзгі (бұдан әрі мал бағымы маусымдарында) мерзімдерде бағылуға тиіс.
2. Кент және ауыл (село) тұрғындарының жеке меншік жылқылары жыл он екі ай бағылады және 1 мамырға дейін жылқы бағуға арнаулы бөлінген жайылым жерлерге шығарылуы керек. Егерде табындағы жылқылардың басы белгіленген мөлшерден көбейіп кететін болса, сонымен қатар жайылым жердің тартылуына (жетіспеуіне) байланысты, шаруа қожалықтары жетекшілері (келісе отырып), жылқыларын өздеріне тиесілі жерлерінде бағылуы мүмкіндігін қарастырсын.
3. Малдардың ай сайынғы бағылу ақысы мал иелерінің және бақташылардың қатысуымен болған кент және ауылдық жиынында белгіленеді және бағым бағасы сол көрсетілген жылға өзгермейді және күшінде қалады.
4. Малдардың бағылу жайы, мал иелері мен бақташының міндеттері мен құқықтары, мал иелерінің және бақташылардың өзара қарым қатынасы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талабы бойынша келісім-шарт арқылы жүзеге асырылады.
5. Ірі қара, қой-ешкі, жылқы малдары, қыс айларында қолда бағылуына байланысты, малқорадан шыққан шөп-шалам, мал тезегі, басқада қалдықтар, мал иелерінің қоршауынан сыртқы жерге шығарылып төгілмеуі керек, қоршаусыртынан тысқары жерге төгілсе (көшеге т.б.) ҚР Заңдары мен заңнамалары актілері негізінде шара қолданылады.
6. Жеке меншік малдар табынға қосылып, бақташы арқылы бағылады немесе мал иелері малдарын кезекпен бағуды жүзеге асырады, сонымен қатар малдарды егінжайға, шабындық жерлерге, кент және ауыл көшесіне, көпшілік қыдыратын жерлерге және басқада орындарға, санитарлық тазалықты сақтау мақсатында бос жіберілмеуін қадағалаулары тиіс, егерде орындамаған жағдайда кінәлі адамдарға нақтылы шаралар қолданылады.
7. Мал бағудың келісім-шарттың орындалуын бақылау мақсатында мал иелері ортасынан өзара келісім бойынша 1 (бір) адам көше өкілі ретінде тағайындалуы мүмкін.
8. Мал бағуға ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі арқылы жұмыссыздар есебінде тұрған, жеке тұлғалардың келісімі арқылы басташы ретінде жұмыс беру ұйымдастырылуы мүмкін.
9. Мал жайылымы жер учаскелерін тиімді пайдалану мақсатында, мал бағымы маусымында жері бар шаруа қожалықтары (жетекшілері) малдарын өздеріне тиесілі жерлеріне бағуды жүзеге асырып, ұйымдастыруға міндетті.
10. Мал бағылуы маусымдарында тұрғындардың қолда ұсталатын малдардан басқа, малдарды келісім-шарт арқылы жеке шаруа қожалықтарының немесе арнаулы бөлінген жерлерде бағылуы мүмкін.
11. Тұрғындардың жеке меншік малдарын бағуда жергілікті жерлердің ерекшеліктері ескріле отырып, бақташылармен келісім-шарт жасау, жайылым жерлер белгілеу, жеке және заңды тұлғалар мүддесіне қайшы келмеу т.б., қарастырылмаған мәселелер назарға алынатын болсын.
12. Мал иелері ветеринарлық заңдылықтарға сәйкес, малдарын тексертіп отыру және ен салып таңбалау, сонымен бірге ауру шыққан малдарды ұстамауға және оларды табынға қоспауды жүзеге асыруы керек.
13. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдылықтарға сәйкес, малдардың аурулығының алдын-алу, малдарды тексеру, егу жұмыстарын өз өкілеттік шеңберінде ветеринарлық дәрігерлер жүзеге асырады.
14. Кент және ауылдық округ әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында өз құзіреті шегінде, мемлекеттік органдар және шаруа қожалықтарымен бірлесе отырып, мал бағуды, жайылым жерлерді белгілеуді ұйымдастыру, сондай-ақ даулы мәселелерді шешуге және үйлестіруге жәрдемдеседі.
2. Ережелерді бұзған үшін жеке заңды тұлғалардың жауапкершілігі
15. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, Осы Ережелерді бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.