Құжат мәтініне өту

Об установлении ставок сбора за государственную регистрацию залога движимого имущества и ипотеки судна или строящегося судна

Қаулы · № 325 · қабылданған 24.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32866/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении ставок сбора за государственную регистрацию залога движимого имущества и ипотеки судна или строящегося судна Күшін жойған Қаулы ·№ 325 ·24.04.2007
31.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ставок сбора за государственную регистрацию залога движимого имущества и ипотеки судна или строящегося судна

Күшін жойған Қаулы ·№ 325 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ставок сбора за государственную регистрацию залога движимого имущества и ипотеки судна или строящегося судна
Атауы (қаз.)
Жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
325
Қабылданған күні
24.04.2007
Көрсетілген редакция
31.12.2008 AI32866_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000325_
ЭКБ идентификаторы
32866
Редакция идентификаторы
AI32866_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:44

0 Жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын белгілеу туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік тіркегенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кездегі алым ставкалары белгіленсін.

2

2. "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын белгілеу туралы және Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі N 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 17, 175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыпта "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын белгілеу туралы және" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақ алынып тасталсын.

3 3. "Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 392 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 214-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік тіркегенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кездегі алым ставкалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 25 сәуірдегі
N 325 қаулысына
қосымша
Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік тіркегенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кездегі алым ставкалары

1 1. Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары:

жеке тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткішті;
заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.

2 2. Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кездегі алым ставкалары:

жеке және заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

Қолданыстағы