Құжат мәтініне өту

Об оказании ежегодной единовременной материальной помощи ко Дню Победы отдельным категориям граждан

Өзге акт · № 41/399 · қабылданған 04.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32900/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об оказании ежегодной единовременной материальной помощи ко Дню Победы отдельным категориям граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 41/399 ·04.04.2007
16.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании ежегодной единовременной материальной помощи ко Дню Победы отдельным категориям граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 41/399 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании ежегодной единовременной материальной помощи ко Дню Победы отдельным категориям граждан
Атауы (қаз.)
Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41/399
Қабылданған күні
04.04.2007
Көрсетілген редакция
16.04.2010 32900_195942.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07KD000071
ЭКБ идентификаторы
32900
Редакция идентификаторы
32900_195942
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:52

0 Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Жеке санаттағы азаматтарға Жеңіс күніне жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін.

2 2. Жыл сайынғы бір жолғы көмек алатын жеке санаттағы азаматтар анықталсын:

1 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары;

2 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар;

3 3) Ұлы Отан соғысының майдандарында әскери іс-қыймылға қатысқан ерікті жалданғандар және әскери қызметкерлер;

4 4) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

5 5) Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған әскерилердің екінші некеге тұрмаған жесірлері;

6

6) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге байланысты (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);

7 7) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған адамдар;

8 8) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан аз емес жұмыс жасаған азаматтар.

3 3. Жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмек көрсетудің мөлшері анықталсын:

1 1) 2 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген тұлғаларға - 30000 теңге;

2 2) 2 тармақтың 2-8 тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға - 15000 теңге.

4

4. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Қ. Адамова) Балқаш қаласының біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (Б.А. Бекмағанбетов) және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен (Х.Б. Тұяқаева) салыстырылып тексерілген тізімдер бойынша жоғарыда көрсетілгендерге жыл сайынғы бір жолғы материалдық көмекті мезгілінде төлеуді қамтамасыз етсін.

5 5. Қаржы бөлімі (Томпиева Ж.Қ.) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен әлеуметтік көмекті мезгілінде қаржыландырсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылауды қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Е.Қ. Баймағанбетов).

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.

"Келісілді"
Қала әкімі Токушев Қ.Ә.
02 сәуір 2007 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
02 сәуір 2007 жыл
Қаржы бөлімінің
меңгерушісі Томпиева Ж.Қ.
02 сәуір 2007 жыл

Қолданыстағы