Қолданыстағы ред. 18.04.2007

Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек беру туралы от 18.04.2007 г. № 45-252 (Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек беру туралы)

0

Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

1

1. Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

2

2. Ақсу аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 6 мамырдағы «Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы» 32-169 нөмірлі (Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2006 жылғы 26 мамырда мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-4-27 нөмірімен тіркелген және аудандық «Ақсу өңірі» газетінде 2006 жылғы 3 маусымда № 23 санында жарияланған) шешімнің күші жойылсын.

3

3. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он кун өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Мәслихат хатшысы
Серпербаев Серікбек