Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек беру туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
Тармақ 2
2. Ақсу аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 6 мамырдағы «Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы» 32-169 нөмірлі (Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2006 жылғы 26 мамырда мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-4-27 нөмірімен тіркелген және аудандық «Ақсу өңірі» газетінде 2006 жылғы 3 маусымда № 23 санында жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он кун өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. Сессия төрағасы, Мәслихат хатшысы Серпербаев Серікбек