Құжат мәтініне өту

О принятии некоторых государственных предприятий в республиканскую собственность

Қаулы · № 340 · қабылданған 27.04.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32921/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О принятии некоторых государственных предприятий в республиканскую собственность Қолданыста Қаулы ·№ 340 ·27.04.2007
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии некоторых государственных предприятий в республиканскую собственность

Қолданыста Қаулы ·№ 340 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии некоторых государственных предприятий в республиканскую собственность
Атауы (қаз.)
Кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды республикалық меншікке қабылдап алу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
340
Қабылданған күні
27.04.2007
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI32921_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000340_
ЭКБ идентификаторы
32921
Редакция идентификаторы
AI32921_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:42

0 Кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды республикалық меншікке қабылдап алу туралы

"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Алматы қаласы әкімдігінің мынадай мемлекеттік кәсіпорындары

(бұдан әрі - кәсіпорындар):

1 1) Алматы қаласы Коммуналдық меншікті басқару департаментінің "Орталық стадион" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

2 2) Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Биік таудағы»Медеу" спорт кешені" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдап алынсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде "Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-1 және 15-2-жолдармен толықтырылсын:
"15-1. Алматы қаласындағы "Орталық стадион" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15-2. Алматы қаласындағы "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы