Об утверждении Правил создания, ведения и использования Национальных реестров идентификационных номеров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил создания, ведения и использования Национальных реестров идентификационных номеров
- Атауы (қаз.)
- Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 343
- Қабылданған күні
- 27.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2023 32955_653376.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000343_
- ЭКБ идентификаторы
- 32955
- Редакция идентификаторы
- 32955_653376
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:42
0 Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
3 Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 сәуірдегі
N 343 қаулысымен
бекітілген
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі
4 Жалпы ережелер
1. Осы Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасында сәйкестендіру нөмірлерін енгізу негізінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтерді тіркеудің және есепке алудың бірыңғай жүйесіне көшуді қамтамасыз етеді.
6 Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау
2. Қазақстан Республикасы Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі - ЖСН) мен бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі - БСН) есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізген кезде ақпараттық жүйелердің негізінде құрылады.
3. Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі мен дербес деректерді қамтамасыз ету мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері кіріктірілген және тіркеу-өндірістік деген бөліктерге бөлінген.
4. Ақпараттық жүйенің тіркеу-өндірістік бөлігінде құжаттарды беру туралы өтініштерде қамтылған деректердің негізінде ЖСН қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
5. Ақпараттық жүйенің кіріктірілген бөлігі мынадай міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
1) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларына өзекті сипат беру және ақпараттың қайталануын болғызбау;
2) ақпараттық ресурстарды басқару мен пайдалану тетігін жетілдіру;
3) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын олардың жүгінуі кезінде рәсімдерді жеделдету және оңайлату арқылы жетілдіру.
6. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі БСН беру жолымен заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік (есептік) тіркеуді немесе қайта тіркеуді есепке алудың бірыңғай жүйесін, ақпаратты сыныптау және кодтау жүйесін, электрондық хабарлау арқылы деректермен алмасудың бірыңғай форматын, ақпараттық-іздестіру жүйесін, модульдардың ақпараттық-телекоммуникациялық байланыстарын және ақпараттық сұратуларды өңдеуді өзіне қамтиды.
15 Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу
7. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орындайтын мемлекеттік уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
8. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу тіркеуші органдардың жеке тұлғалар туралы уәкілетті органға ұсынған мәліметтерін есепке алу және өзектендіру жолымен жүргізіледі.
9. Туу туралы куәлікті берген кезде ЖСН-ін беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:
1) тегі;
2) аты;
3) әкесінің аты;
4) жынысы;
5) азаматтығы;
6) ұлты;
7) туған күні;
8) туған жері;
9) құжаттың түрі;
10) құжаттың нөмірі;
11) құжаттың сериясы;
12) құжаттың берілген күні;
13) құжатты кім берді.
10. Жеке басты куәландыратын құжаттарды және салық төлеушінің
куәлігін берген кезде ЖСН-ін беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:
1) тегі;
2) аты;
3) әкесінің аты;
4) жынысы;
5) ұлты;
6) туған күні;
7) туған жері;
8) азаматы болып табылатын елдің коды (азаматтығы болған жағдайда);
9) портреттік бейнесі (сандық фотосурет) және қолы;
10) туған жері;
11) құжаттың түрі;
12) құжаттандыру себебі;
13) мекен-жай мәліметтері.
11. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ЖСН мынадай жағдайларда алып тасталады:
1) жеке тұлға қайтыс болғанда;
2) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгенде;
3) жеке тұлға шетелге тұрақты тұруға кеткен және азаматтығын ауыстырған кезде;
4) резидент емес жеке тұлға резидент-банктегі ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
5) резидент емес жеке тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған кезде;
6) резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кеткен жағдайда.
12. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен бұрын алып тасталған ЖСН, жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, қайта қалпына келтірілуге тиіс.
13. ЖСН Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен:
1) соттың жеке тұлғаны хабарсыз кетті деп тану туралы шешімі күшіне енгеннен кейін, өзінің құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілетін көлемдегі және мерзімдегі мәліметтер;
2) резидент еместер Қазақстан Республикасынан кеткен кезде;
3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн шартты түрде алынып тасталады.
13-1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтадан және одан кейiн тiркеу кезінде, сондай-ақ бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бұрын қалыптастырылған ЖСН бар құжат берiледi.
14. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізіледі. Алып тасталған немесе шартты түрде алып тасталған сәйкестендіру нөмірлері Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде сақталуға тиіс.