Қолданыстағы ред. 25.03.2007 (Редакция 32988_180598.kaz)

«Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек» от 25.03.2007 г. № 3-1605 («Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек»)

0

«Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек»
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қоргау туралы" Заңның 16 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 14-ші тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әр баласына тоқсан сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін.

2

2. Облыстық психология-медикопедагогикалық комиссиясы берген аиықтамада көрсетілгендей, мүгедек балаларды үйде оқытып тәрбиелеу қажеттілігі танылған сәттен бастап, отбасының табысына қарамастан бір жылға ата-анасының біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, мүгедек болып туылған, асырап алынған және қамқорлыққа алынған 18 жасқа дейінгі (мемлекет қамқорлығындағы мүгедек балалар және әкесі-шешесі құқығынан айрылғандарды қоспағанда) мүгедек балаларға әлеуметтік қосымша көмек көрсету бекітілсін.

3

3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі Мемлекеттік Мекемесіне (Құматаев Нурлан Орынбасарұлына):

1

1) Мүгедек балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуінің немесе ата-анасының орнындағы адамның отініші негізінде түрғылықты жеріне байлаңысты аудандық Ашық Акционерлік Қоғамы « Казпочта» құрылымдық бөлімшесінен ашқан есеп шотының номірін корсетіп,қосымша әлеуметтік көмектің тағайындалып төленуі төмендегі құжаттар бойынша қамтамасыз етілсін:

2

2) Өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оралмандар үшін -оралман куәлігі;
- мүгедек баланың -туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясында куәрландырылғаны
туралы актінің көшірмесі;
- жергіліклі тұратын жерінен жанұя құрамы туралы анықтама;
-облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қортындысы.

4

4. Аудандық қаржы бөліміне (Дуйшенбаева Ляззат Балиханқызына) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасына әлеуметтік көмекке сұраныс жоспар бойынша аудандық каржыда қаралган міндетті төлем көлемінде дер кезінде шешілсін.

5

5. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы ауылдық және кенттік округтер Әкімдері тұрғындар арасында түсініктеме жұмысын жүргізсін.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ерболата Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсін.

7

7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«___»______ 2007 жыл
«___»______ 2007 жыл
«___»______ 2007 жыл
«___»______ 2007 жыл
«___»______ 2007 жыл