Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық атқару кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы бастығының 2007 жылғы 30 қаңтардағы №14/28-32-27, Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының хаттарын ескере отырып, сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 29.03.2007 г. № 259 (Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру нысанасы деп «Ақсайжылуэнерго» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны (Бранов М.Ж.) белгіленсін.
2. «Ақсайжылуэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны (Бранов М.Ж.) сотталғандардың қоғамдық жұмыстан тапқан қаржысын аудандық бюджетке ай сайын аударып тұратын болсын.
3. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 274 «Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы» қаулысы жойылсын.
4. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 6 наурыздағы № 235 «Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы» қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.К. Утешевке жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бөрлі аудандық қылмыстық-атқару
Инспекциясының бастығы
Әділет капитаны
Туралиев Берик Шориевич
__________________ қолы
27.03. 2007 жылы