Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық атқару кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы бастығының 2007 жылғы 30 қаңтардағы №14/28-32-27, Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының хаттарын ескере отырып, сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру нысанасы деп «Ақсайжылуэнерго» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны (Бранов М.Ж.) белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақсайжылуэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны (Бранов М.Ж.) сотталғандардың қоғамдық жұмыстан тапқан қаржысын аудандық бюджетке ай сайын аударып тұратын болсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 274 «Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 6 наурыздағы № 235 «Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.К. Утешевке жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Бөрлі аудандық қылмыстық-атқару Инспекциясының бастығы Әділет капитаны Туралиев Берик Шориевич __________________ қолы 27.03. 2007 жылы