О создании республиканских государственных казенных предприятий "Центр олимпийской подготовки по боксу", "Центр олимпийской подготовки по видам борьбы", "Центр олимпийской подготовки по велосипедному спорту", "Центр олимпийской подготовки по тяжелой атлетике" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании республиканских государственных казенных предприятий "Центр олимпийской подготовки по боксу", "Центр олимпийской подготовки по видам борьбы", "Центр олимпийской подготовки по велосипедному спорту", "Центр олимпийской подготовки по тяжелой атлетике" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы", "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы", "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы", "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 359
- Қабылданған күні
- 04.05.2007
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI33048_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000359_
- ЭКБ идентификаторы
- 33048
- Редакция идентификаторы
- AI33048_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:40
0
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы", "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы", "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы", "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы
Спорт резервін және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт
комитетінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы", "Күрес түрлері
бойынша олимпиадалық даярлау орталығы", "Велосипед спортынан
олимпиадалық даярлау орталығы", "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3 3. Спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті, оның ішінде ресми халықаралық жарыстарға қатысу үшін спорт резерві мен ұлттық құрама командаларды даярлауды жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2 2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі "2. Мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-4, 15-5, 15-6, 15-7-жолдармен толықтырылсын:
"15-4. "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15-5. "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15-6. "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15-7. "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".