Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил включения условий природопользования в разрешения на эмиссии в окружающую среду

Бұйрық · № 112-п · қабылданған 16.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33052/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил включения условий природопользования в разрешения на эмиссии в окружающую среду Күшін жойған Бұйрық ·№ 112-п ·16.04.2007
11.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил включения условий природопользования в разрешения на эмиссии в окружающую среду

Күшін жойған Бұйрық ·№ 112-п · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил включения условий природопользования в разрешения на эмиссии в окружающую среду
Атауы (қаз.)
Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
112-п
Қабылданған күні
16.04.2007
Көрсетілген редакция
11.10.2021 33052_540427.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004656_
ЭКБ идентификаторы
33052
Редакция идентификаторы
33052_540427
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:48

0 Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2007 жылғы 16 сәуірдегі
N 112-Ө бұйрығымен
бекітілген
Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидалары

1

1. Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидалары 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу тәртібін белгілейді.

2

2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар (бұдан әpi - рұқсаттар) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген тәртіпте қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, оның аумақтық бөлімшелерімен және облыстың (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әpi - рұқсат беретін орган) беріледі.

3 3. Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын қызмет түрлері үшін арнаулы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттары енгізілуі мүмкін.

4 4. Оларды сақтау қоршаған ортаны қорғау, өндірістік объектінің ерекшелігіне байланысты экологиялық таза технологияларды қолдану жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ететін шарттар табиғат пайдалану шарттары болып табылады.

5 5. Рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгізу туралы шешімді рұқсат беретін орган қабылдайды.

6 6. Табиғат пайдалану шарттары табиғат пайдаланушыға қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсат берген кезде енгізіледі.

7 7. Табиғат пайдалану шарттарын табиғат пайдаланушы ұсынады және оларды негіздеумен рұқсат алуға өтінімнің құрамында көрсетіледі.

8 8. Рұқсат беретін орган, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, табиғат пайдаланушы ұсынған табиғат пайдалану шарттарын өзгертуі, сондай-ақ табиғат пайдаланудың жаңа шарттарын ұсынуы мүмкін.

9 9. Өзгертілген, сондай-ақ жаңа табиғат пайдалану шарттары оның қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсат алу өтінімін қарау барысында табиғат пайдаланушымен жазбаша түрде (хаттар, келіссөздер хаттамасы) келісілуі тиіс.

10 10. Рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарын міндетті түрде орындау.

11 11. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсатқа енгізуге тыйым салынады.

Қолданыстағы