Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении "Правил перевозки пассажиров автомобилями-такси, маршрутными такси и организации частного извоза в городе Алматы"

Ереже · № 0 · қабылданған 13.05.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3307/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении "Правил перевозки пассажиров автомобилями-такси, маршрутными такси и организации частного извоза в городе Алматы" Күшін жойған 13.05.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении "Правил перевозки пассажиров автомобилями-такси, маршрутными такси и организации частного извоза в городе Алматы"

Күшін жойған Ереже № 0 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении "Правил перевозки пассажиров автомобилями-такси, маршрутными такси и организации частного извоза в городе Алматы"
Атауы (қаз.)
"Алматы қаласында автомобиль-таксилермен, маршруттық таксилермен жолаушылар тасымалдау және жеке тасымалды ұйымдастыру Ережесiн" бекiту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
0
Қабылданған күні
13.05.1999
Көрсетілген редакция
13.05.1999 3307_226519.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99R0000058
ЭКБ идентификаторы
3307
Редакция идентификаторы
3307_226519
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:10
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Алматы қаласында автомобиль-таксилермен, маршруттық таксилермен жолаушылар тасымалдау және жеке тасымалды ұйымдастыру Ережесiн" бекiту туралы

📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 09.12.2004 N 96 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40, 41 баптарына, "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алматы қаласында автомобиль-таксилермен, маршруттық таксилермен жолаушылар тасымалдау және жеке тасымалды ұйымдастыру Ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономикалық реформалар және нарықтық қатынастарды дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (Костин Ю.В.) және қала Әкiмiнiң бiрiншi орынбасарына (Заяц Я.И.) жүктелсiн.

3 І сайланған Алматы қалалық

Мәслихатының 1999 жылғы
14 мамырдағы ХХҮ сессиясына
қосымша
Алматы қаласында автомобиль-таксилермен және
маршруттық таксилермен жолаушылар тасымалдау
ТӘРТIБI

1

1. Жалпы ережелер

Бұл тәртiп Алматы қаласында және оның төңiрегiнде жеңiл автомобиль-таксилерiмен және маршруттық таксилермен жолаушыларды тасымалдауға ниет еткен жеке тұлғаларды қоса алғанда олардың еңбектi ұйымдастыру мен меншiк нысанына қарамастан көлiк қызметi нарығының барлық субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi және реттейдi.

2

2. Жеңiл автомобиль-таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi

2.1. Жеңiл автомобиль-таксилермен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мен жүргiзуге:

көлiк құралының осы түрiн басқаруға құқық беретiн тиiстi категориядағы жүргiзушi куәлiгi;
такси мен жолаушылар тасымалдауға арналған қолданыстағы заңға сәйкес көлiк мiндеттi түрде сертификатталған меншiк немесе жалдау құқығындағы тиiстi жылжымалы құрамы;
тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң мiндеттi сақтандыру шарты бар заңды, сондай-ақ жеке тұлғаларға рұқсат етiледi.

2.2. Жеңiл автомобиль-таксилермен жолаушылар тасымалдайтын заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және бүкiл шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жалпы негiздерде жүргiзiледi.

2.3. Жеке тұлғалардың»жолаушыларды тасымалдауына салық қызметi органдарынан алынған патент болғанда рұқсат етiледi. Тиiстi патентсiз немесе патенттiк нормалар мен тәртiптердi бұза отырып, автомобильтаксилермен жолаушыларды коммерциялық тасымалдау белгiленген заңдықәкiмшiлiктiк және қылмыстық жауапкершiлiкке алып келедi.

2.4. Жолаушылар тасымалдауға ниет бiлдiрген, алайда қызметтiң осы түрi бойынша тәжiрибесi жоқ заңды тұлғалар осыған өкiлеттi органдарда тиiстi рұқсат алуға тиiс.

2.5. Жеңiл автомобиль-таксилермен жолаушыларды тасымалдауға тек техникалық ақаусыз, кемiнде 4 есiгi және 7-ден артық отырғызатын орны бар автокөлiк құралдарына рұқсат етiледi. Автомобиль-такси қауiпсiздiк белбеуiмен, дәрi-дәрмек қобдишасымен және өрт сөндiргiшпен жабдықталуға тиiс.

2.6. Жеңiл автомобиль-таксилердiң ерекшелiк белгiлерi болуға және қолданыстағы тәртiптер мен стандарттарға сәйкес ресiмделуге тиiс.

2.7. Тасымалданатын жолаушылар саны автомобильдегi отыратын орын санына сәйкес болуы керек. Қосымша жетi жасқа дейiнгi екi баланы отырғызуға рұқсат етiледi. 12 жасқа дейiнгi балаларды автомобильдiң алдыңғы орындығына отырғызуына тыйым салынады. 2.8. Жеңiл автомобиль-таксилермен жолаушыларға қызмет көрсету жеке пайдалану тәртiбiмен жүргiзiледi.

2.9. Қуатты байланыс құралдармен жабдықталған жеңiл автомобиль-таксилерге алдын ала телефон бойынша немесе жолаушылар отыратын iрi нүктелерде орналасқан диспетчерлiк нүктелерге тапсырыс беруге болады (әуежай, авто және темiржол вокзалдары, сауда, мәдени орталықтар және т.б.).

Таксиге алдын ала және күнделiктi тапсырыстарды тасымалдаушылардың»тиiстi диспетчерлiк қызметтер қабылдайды.

2.10. Пәтер немесе қызмет телефонынан тапсырыстар мүлтiксiз, ал телефон автоматтарда Алматы қаласында тұратын азаматтардың тек мекен-жайына ғана қабылданады. Жолаушыға жеңiл автомобиль-таксилерiн беру өте қысқа мерзiмде және шақырылған жерге жақын нүктеден жүргiзiлуге тиiс.

3

3. Таксилердiң тұрақтары

3.1. Халыққа қолайлы қызмет көрсету мақсатында жолаушылар отыратын барлық нүктелерде жолаушыларды отырғызу мен мiнгiзу үшiн такси тұрақтары орнатылады.

3.2. Такси тұрақтары арнайы көрсеткiштермен, жол белгiлерiмен ресiмделедi және көшенiң»өтпелi бөлiгi белгiмен ажыратылады.

3.3. Автомобиль-таксилер тұрақтары жолаушылар отыратын жерге таяу, жолаушылар үшiн ыңғайлы жерге орналастырылуға тиiс.

3.4. Таксиге арналған тұрақтарды басқа көлiк құралдарының» пайдалануына тыйым салынады.

4

4. Автомобиль-таксилердi пайдалану тәртiбi

4.1. Жеңiл автомобиль-таксилерге жолаушылар такси тұрақтарында, сондай-ақ одан тысқары жерде кезек тәртiбiмен отырады. Автомобильтаксидi тоқтату үшiн тұтынушы жолда бұл үшiн, жол қозғалысы ережелерiнде рұқсат етiлген, келуге және түсiруге ыңғайлы орынды таңдауға тиiс.

4.2. Автомобиль-таксимен қол жүгiн, әртүрлi тұрмыстық техниканы, сондай-ақ жұмсақ орындағы басқа жүктi тасымалдауға рұқсат етiледi, олар қозғалыс кезiнде жүргiзушi жұмысына кедергi келтiрмеуге, автомобильдiң iшiн және орындығын былғамауға, оның iшкi мүлiгiн зақымдамауға тиiс. Жүк салатын орында жалпы салмағы автомобильдiң ресiмделген техникалық шарттарынан аспайтын және жүк салатын жердiң» қақпағы толық жабылған жағдайда жүктi алып жүруге рұқсат етiледi.
Жүк оның иесiнсiз тасымалдауға қабылданбайды. Жүктiң сақталуын оның»иесi жүргiзушiнiң жан-жақты көмегiмен қамтамасыз етедi.

4.3. Жеңiл автомобиль-таксиiмен:

тұтанғыш, жарылғыш, улағыш, күйдiргiш және зақымдағыш заттарды, өткiр, кескiш заттар мен атыс қаруын тыссыз және ораусыз;
жұқпалы ауруға шалдыққандарды;
хайуанаттар мен құстарды (тұмылдырғы мен төсенiшi бар иттер, себеттегi немесе сөмкедегi мысық пен басқа ұсақ хайуанаттарды, тордағы құсты қоспағанда) тасымалдауға тыйым салынады.

4.4. Жолаушы такси тоқтайтын жерде жүргiзушiге алдын ала ескертуге тиiс. Шығуға, есiктi ашуға және жүктi түсiруге бұл үшiн жол қозғалысы ережелерiмен тыйым салынбаған кез келген жерде және автомобиль толық тоқтағаннан кейiн рұқсат етiледi.

Таксиге отыруға және одан шығуға тротуар, отырғызатын алаң жақтан немесе жолдың шетiнен ғана рұқсат етiледi.

4.5. Телефон бойынша автомобиль-таксидi шақырған кезде жолаушының» күту 10 минуттан аспауға тиiс. Осы уақыт аяқталғаннан кейiн жүргiзушiнiң бұл туралы өзiне тапсырыс берген диспетчерлiк қызметке хабарлап, кетуге құқығы бар.

5

5. Жол ақысы

5.1. Автомобиль-таксимен тасымалдау бағасы таксометр көрсеткiшi бойынша, ал ол жоқ болса спидометр көрсеткiшi бойынша анықталады.

5.2. Жолаушылардың»саны мен жүктiң бар-жоғына қарамастан автомобильтаксимен тасымалдау тарифi мыналарды қамтиды:

1 километр жүргенi үшiн бiр еселiк тариф;
бос тұрып қалғаны үшiн келiсiм бағасы;
телефон бойынша такси шақыру тарифi;
таксометр немесе спидометрдiң»көрсетуi бойынша алынатын алдын ала немесе ағымдық тапсырыс бойынша такси берiлгендiгi үшiн төлем. Бұл төлем бiр шақырым жол үшiн 8 еселiк тарифтен аспауға тиiс. Алайда таксидi беру құнын жолаушымен келiсiм бойынша диспетчер тасымал үшiн қаланың алыстағы бөлiгiнен автомобиль шақыра алады.
Тасымал бағасының түпкiлiктi көлемi таксидi беру, отырғызу, апару және бос тұру бағасын қосу жолымен анықталады.

5.3. Тасымалдаушы (жүргiзушi) және жолаушы арасындағы автомобильтаксимен сағат бойынша қызмет көрсету кезiнде қызметтiң келiсiм бағасы белгiленедi. 5.4. Жолаушы автомобиль-таксиге отырған бойда жүргiзушi бiрден таксометрдi қосуға, ал ол жоқ жағдайда спидометр көрсеткiшiн айтуға тиiс.

5.5. Такси телефон бойынша шақырылған жағдайда жүргiзушi таксометрдi диспетчерден тапсырма алған бойда қосады. Таксометр жоқ жерде жүргiзушi диспетчерге спидометрдi айтады.

5.6. Бiр автомобиль-таксиге бiрнеше жолаушы қатар мiнген жағдайда төлем олардың әрқайсысынан жол қашықтығына сәйкес алынады.

5.7. Жолаушының»өтiнiшi бойынша тоқтау және күту қажеттiгi жағдайында жүргiзушi онымен жүрiлген жол үшiн толық есеп айырысуға, ал келiсiлген күтетiн уақыт үшiн тиiстi төлем - аванс алуға тиiс. Бұдан кейiн жүргiзушi таксометрдi қосуға (уақытты белгiлеуге) және жолаушыға келiсiлген уақыт аяқталғаннан кейiн таксидiң бос болып саналатындығы және өзiнiң кетуге құқығы бар екендiгiн ескертуге тиiс.

5.8. Жолаушының талап еткен жерiне апару мүмкiн емес жағдайда (көлiк құралдары қозғалысының уақытша шектелуi, ЖҚО, автомобильдiң техникалық ақаулығы және т.б.) жолаушы нақты жүрген жолдың бағасын төлеуге тиiс. 5.9. Таксидi пайдаланғандығы үшiн алынған соманы айғақтайтын анықтама, түбiртек және басқа құжаттар жолаушыға берiлмейдi.

6

6. Маршруттық таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру

6.1. Маршруттық таксилермен жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға және жүргiзуге:

көлiктiң»осы түрiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi жүргiзушi куәлiгi;
маршруттық таксилермен жолаушылар тасымалына арналған қолданыстағы стандарттарға сәйкес көлiк мiндеттi түрде сертификатталған меншiк немесе жалдау құқығындағы тиiстi жылжымалы құрамы;
тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң мiндеттi сақтандыру шарты;
маршрутқа ресми бекiтiлуi;
кәсiпкерлiк қызметтiң осы түрiн жүргiзуге құқық беретiн мемлекеттiк патентi бар заңды және жеке тұлғалар жiберiледi.

6.2. Тасымалдаушылардың маршруттарын бекiту Алматы қаласы Әкiмiнiң»жанындағы тендерлiк комиссияның ашық тендерi арқылы жүргiзiледi.

6.3. Таксидегi жолаушылар тасымалына кемiнде үш жыл жұмыс стажы, 8-ден артық отырғызатын орны бар тұлғалар жiберiледi.

6.4. Маршруттық таксилермен жолаушылар тасымалдауға жолаушыларға арналған арнайы бүйiр есiгi, 7-15 отырғызатын орны бар тек техникалық ақаусыз автокөлiк құралдарына ғана рұқсат етiледi. Шағын автобус дәрiдәрмек қобдишасымен, өрт сөндiргiшпен және автомобильдiң авариялық тұрағы белгiсiмен жабдықталуға тиiс.

6.5. Маршруттық таксилер маршрут схемасында көрсетiлген автобус кестелерi мен аялдамаларына сәйкес, сондай-ақ жолаушылардың аялдамадан тыс нүктелерiнде тоқтату және отырғызатын бос орын болған жағдайда мiнгiзу талаптарына орай жұмыс iстейдi.

6.6. Жүргiзушiлер жол қозғалысының қауiпсiздiгi және жолаушыларды отырғызып-түсiру қауiпсiздiгi талаптарына сай орындарда ғана өтiнiш бойынша тоқтауға мiндеттi.

6.7. Маршруттық таксилерде қоғамдық көлiктегi барлық санаттағы жеңiлдiктi пайдаланушылар үшiн арналған жеңiлдiктер мен жол жүру билеттерi жарамсыз.

6.8. Маршруттық такси режимiндегi жұмыс үшiн өте жайлы, әртүрлi үлгiдегi және орындықтары тыспен қапталған және терезесiне перде iлiнген шағын автобустар жiберiледi.

6.9. Маршруттық таксилерде жұмысқа отыратын орыны 15-тен артық автобустар жiберілмейдi.

7

7. Автомобиль-такси, маршруттық такси жүргiзушiлерiнiң мiндеттемелерi

7.1. Автомобиль-такси, маршрутты такси жүргiзушiлерi мiндеттi:

таза, жарасымды киiм киюге;
жолаушылармен өзiн сыпайы ұстауға;
егер автомобиль iшiнде жолаушылар болса темекi тартпауға;
автомобильдi ақаусыз және таза күйде ұстауға;
жолаушылардың қауiпсiздiгi үшiн барлық қисынды шараларды қабылдауға;
бақылау органдарының қызметкерлерiне (жол, көлiк полициясы және салықтық қызметтер және т.б.) алғашқы талабы бойынша қажеттi ақпаратты беруге;
қолданыстағы заңда қарастырылған жағдайда құзыреттi орган өкiлдерiне көлiк құралдарын тексеру мүмкiндiгiн беруге;
автомобильдi, маршруттық таксидi жолаушылардың мiнiп-түсуi немесе күтуi үшiн алыс жерге тоқтатпауға;
автомобильдi, маршрутты таксидi берген кезде белгiленген тәртiппен такси тұрағындағы көрсетiлген жерде кезек сақтауға;
жолаушыға дәлелдi себепсiз апарудан бас тартуға;
жолаушыға қолданыстағы тарифтер және баратын жерге дейiнгi маршрут туралы шынайы хабарлауға, жұмыс кезiнде ұсақ ақшаның жеткiлiктi мөлшерi болуға;
жолаушыға ақша қайырымын толық беруге;
автомобиль-такси, маршрутты такси iшiнде тасымалданушының фирмалық белгiлерi (егер ол болса) патент нөмiрi, жұмыс уақыты, аты-жөнiн, тегiн iлiп қоюға;
алғашқы медициналық жәрдем қызметiн көрсету әдiстерiн игеруге;
объективтi себептер бойынша қозғалысты жалғастыру мүмкiн емес жағдайда (автокөлiк қозғалысын уақытша шектеу, ЖҚО, автомобильдiң, маршруттық таксидiң»техникалық ақауы және т.б.) өз жолаушыларына қозғалысты жалғастыру үшiн қолдан келген көмектi көрсетуге.

7.2. Автомобиль-таксидiң, маршрутты такси жүргiзушiсiнiң:

диспетчерден қабылдаған тапсырысты кез келген түрде елемеуге немесе бас тартуға;
жолаушыға апаратын жерге дейiн, егер бұл жер қызмет көрсету аймағында және оған баратын арнайы өткелдер болса бас тартуға;
бiрнеше жолаушыны бiр уақытта, егер олардың саны отыратын орын санынан аспаса апарудан бас тартуға;
жұмыс iстемейтiн таксометрмен немесе спидометрмен тасымалдауға;
бұрын отырған жолаушының келiсiмiнсiз басқа жолаушыны алуға;
тасымалдауға тапсырыс қабылданғаннан кейiн автомобильге, маршрутты таксиге жанармай құюға немесе оның әртүрлi жұмыстарын жалғастыруға құқығы жоқ.

8

8. Автомобиль-такси, маршрутты такси жолаушысының мiндеттерi

8.1. Автомобиль-такси, маршрутты такси жолаушысы:

автомобиль-такси, маршрутты такси қызметiн жүргiзушiмен келiсiлген толық көлемде төлеуге;
автомобиль-такси, маршрутты такси иесiне өз iс-әрекетiмен келтiрген залалды өтеу;
тапсырыс бойынша автомобиль-таксидiң, маршрутты таксидiң»шақыру, жүру және бос тұрған құнын оны пайдаланудан бас тартқан жағдайды өтеуге мiндеттi.

8.2. Жолаушыға:

такси жүргiзушiсi жұмысына кедергi келтiруге, жүргiзушiге әдепсiздiк көрсетуге;
басқа жолаушылар үшiн қолайсыз жағдай жасауға;
көрсеткiштi, жазуды қасақана қозғауға, ауыстыруға, бүлдiруге, автомобиль-таксидiң, маршрутты таксидiң әртүрлi приборлары мен қондырғыларын қосуға және ажыратуға;
автомобильдi, маршрутты таксидi жүргiзуге әрекеттенуге, оның есiктерi мен басқа да механизмдерiнiң жұмысына кедергi келтiруге;
автомобильден, маршрутты таксиден қозғалыс кезiнде мiнiп-түсуге, есiгiн ашуға;
автомобильге, маршрутты таксиге осы көлiктердiң тасымалына тыйым салынған заттарды алып кiруге, жүргiзушi рұқсат етпеген жерге заттарды қоюға, автомобиль-такси, маршрутты такси iшiнде шектен тыс айқай-шу жасамауға;
автомобиль, маршрутты таксидiң iшiн ластамауға, одан қозғалыс кезiнде қандай бiр затты лақтырмауға;
автомобиль, маршрутты такси терезесiне транспоранттарды, арды, жалау мен басқа заттарды бекiтуге немесе шығаруға;
автомобиль-таксиге, маршрутты таксиге кiр киiммен немесе мас күйiнде отыруға;
жол ақысы үшiн жеткiлiктi қаражаты болмай таксиге отыруға тыйым салынады.

9

9. Жүргiзушi немесе жолаушы тапқан жоғалған мүлiк

9.1. Автомобиль-такси iшiнде қалған немесе түсiп қалған кез келген мүлiк, оның iшiнде ақша оның иесiне табылған қалпында иесiне қайтаруға жатады.

9.2. Автомобиль-такси жүргiзушiсiне әрбiр сапар немесе жалдау аяқталғаннан кейiн кездей-соқ қалған немесе түсiп қалған мүлiктiң бар-жоғына көз жеткiзу үшiн оның iшiн мұқият қараған жөн.

Егер тексерiс сапар немесе жалдау аяқталғаннан кейiн бiрден жүргiзiлмеген жағдайда, ол мүмкiндiгiнше ертерек жүргiзiлуге тиiс.

9.3. Қалған немесе түсiп қалған мүлiктi байқаған жолаушы, оны автомобиль-такси жүргiзушiсiне беруге мiндеттi.

9.4. Жүргiзушi табылған мүлiктi қысқа уақытта полиция бөлiмшесiнде олжа үстелiне немесе тасымалшыны кәсiпорындағы диспетчерлiк қызметке сақтауға өткiзуге және табылған жағдайда шынайы мазмұндауға мiндеттi.

9.5. Егер автомобиль-такси iшiнде қалған немесе түсiп қалған мүлiктi полиция бөлiмшесiне сақтауға өткiзуден бұрын оның өзiнiкi екендiгiн сенiмдi дәлелдеген адам талап етсе, онда табылған мүлiк тiкелей оның иесiне берiледi.

9.6. Автомобиль-такси iшiнде қалған немесе түсiп қалған және олжа үстелiне өткiзiлген мүлiк онда қолданыстағы заңға сәйкес сақталады.

10

10. Бақылау

10.1. Таксомотор көлiгiндегi тасымалдаушылар жұмысына мiндеттiк бақылау:

а) жылжымалы құрамының техникалық жағдайы, жол қозғалысының қауiпсiздiгi мен жүргiзушiлердiң медициналық куәландырылуы, Алматы қаласының»ҚIIБ-нiң ҚЖПБ-на;

б) патенттiң бар-жоғы, салықтың өз уақытында төленуi, жолдың» белгiленген тарифiнiң белгiленуi Алматы қаласының салық қызметiне; в) жолға шығар алдындағы жылжымалы құрамның iшкi және сыртқы түрi, жүргiзушiлердiң куәландырылуы, жолдағы тәртiп, қызмет көрсету мәдениетi, қозғалыс кестесi мен жұмыс режимiнiң сақталуы тасымалдау кәсiпорнына жүктеледi.

г) көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жолаушыларды тасымалдау тәртiбiн бұзғандығы үшiн олар "2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-ІІ ЗРҚ "Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен сәйкес әкiмшiлiктiк жауапкершiлiкке тартылады. <*>

📌 Ескерту. 10.1 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының
ІІ сайланған ІХ сессиясының 2001 жылғы 04 сәуірдегі
шешімімен .