Об утверждении Правил застройки территорий города Приозерска Күшін жойған
Басқа 0
Приозерск қаласының аумағында
құрылыс салу Қағидасын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Приозерск қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасы бекітілсін
(қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Сәулет және қала құрылысы
бөлімінің басшысы
_______________А.Күнесбаев
«2» апреля 2007 жыл
Құрылыс бөлімінің басшысы
______________Т.Алтынбеков
«2» 04 2007 жыл
Приозерск қаласы бойынша
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау Департаменті филиалының басшысы
________________Л.Батанаева
«2» 04 2007 жыл
Приозерск қаласының өртке қарсы
қызмет бөлімінің бастығы
ішкі қызмет майоры
______________Н.Сасаев
«2» 04 2007 жыл
Басқа 4. Приозерск қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасы
Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы
3 сәуірдегі №234/38 шешімімен
бекітілген
Приозерск қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасы
Приозерск қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасы (онда әрі – Қағида)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өткізуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысына және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жасалынды.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қала аумағы құрылысы осы Қағидаға, қаланың бас жоспарына, нақты жобалау жоспарына және қаланың тұрғылықты және өндірісті аудандары құрылысына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 2
2. Осы Қағида ведомствалық бағыныштылығымен меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен заңды тұлғалар үшін, сонымен қатар Приозерск қаласының жаңа игерілген және қайта жөнделген аумағында ғимараттар құрылысын салу және абаттандыруды, жобалауды іске асырушы жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылды.
Тармақ 3
3. Жобалау аумағында мәдени және тарихи ескерткіштердің барлығын анықтау үщін мыналар қолданылды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы аймағында орналасқан бүкіл әлемдік мұралық ескерткіштер тізбесі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен, республикалық маңызы бар мәдени және тарихи ескерткіштер тізімі.
Тарау 2. 2. Негізгі ұғымдар
2. Негізгі ұғымдар
Тармақ 4
4. Қала әкімі – Приозерск қаласының әкімі.
Тармақ 5
5. Қаланы абаттандыру – қала аумағында адамның денсаулығына, ыңғайлы, қолайлы тіршілік қызметін құруға жіберілген жұмыс және элементтер кешені.
Тармақ 6
6. Сәулет – қала құрылысы Кеңесі – Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органының жанындағы кеңестер органы.
Тармақ 7
7. Қала құрылысы регламенті – басқа жылжымайтын мүлік объектілері және аумақтық пайдалануды (жер учаскелері) шектеу (сервитуттарды және міндеттіліктерді, тыйым салуларды қосқанда), рұқсат беру тәртібі, сонымен қатар заң тәртібінде бекітілген, олардың әр түрлі өзгерістер жіберілген сипаттары.
Тармақ 8
8. Қала құрылысы және сәулет құрылысы құжаттамасы – елді-мекендерде және аумақ құрылысы, құрылыс объектілері (кеңейту, жетілдіру және сақтау,) сонымен қатар құрылысты, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіруді ұйымдастыру.
Тармақ 9
9. Қала құрылысы жобаларының негізгі түрлері:
Тармақша 1
1) Приозерск қаласының бас жоспары;
Тармақша 2
2) маңызды аумақтардың (өндірісті, көпшілік пайдаланатын және басқа да) бас жоспары;
Тармақша 3
3) нақты жобалау жоспары;
Тармақша 4
4) құрылыс салу жобалары;
Тармақша 5
5) сәулеттік жоспары.
Тармақ 10
10. Тапсырыс беруші – азаматтық зандылыққа сәйкес, құрылысқа мердігерлік келісім-шарт жасаушы және өз міндеттіліктерін іске асырушы жеке және заңды тұлға; тапсырыс беруші болып құрылыс салушы немесе құрылыс салушының сенім көрсетілген басқа тұлғасы бола алады, сонымен бірге құрылыс салушы өкілетті тұлғаға мемлекеттік бақылау органдармен және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынастардағы өзінің қызметін сеніп тапсыра алады.
Тармақ 11
11. Құрылыс салушы – өзіне тиесілі меншік құқығы бар немесе жер пайдалану, жер учаскесін пайдалануға рұқсат алу немесе құрылыс салуға жер учаскесін беру туралы әкімдік шешімін алған және нақты бір объектінің құрылысын іске асырушы жеке және занды тұлға.
Тармақ 12
12. Инженерлік, транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылым – инженерлік құрылымның коммуникациясы (су құбыры жерлері, канал жіберу, жылу беру, электро- желілері және т.б. ) және құрылыс, байланыс,транспорт (автокөлік жолдары, аялдамалар, көлік қою және т.б.), сонымен қатар қалаға қызмет ету және берік дамуын қамтасыз ететін, елді мекендерді әлуметтік және мәдени – тұрмысты объектілер кешені.
Тармақ 13
13. Қызыл сызықтар – Приозерск қаласындағы алаңдар және квартал, шағын аудандарды және көше, өту жолдарын жоспарлау құрылымындағы басқа элементтерін бөліп тұратын межелер. Қызыл сызықтар, сол сияқты құрылыс межелерін реттеп отыру үшін қолданылады.
Тармақ 14
14. Құрылыс салудың реттеу сызығы – ғимараттар, кешендер, құрылыс салымдарын орнату кезендегі қызыл сызықты және жер учаскесі межесінен шегініс болған жағдайдағы құрлыс салу межесі.
Тармақ 15
15. Приозерск қалалық мәслихаты – Приозерск қаласының жергілікті өкілді органы.
Тармақ 16
16. Қала құрылысындағы жылжымайтын объектілер (одан әрі-жылжымайтын объектілер) - қайта құрастыру, құрылыс пайдалану бойынша қызметтер іске асатын объектілер және осы объектілер орналасқан жер учаскелері және ғимарат, кешендер.
Тармақ 17
17. Жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімі – Сәулет және қала құрылысы саласында қызмет ететін, жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын, мемлекттік атқарушы органның мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік сәулеттік–құрылыс қадағалау органы – құрылыс және қала құрлысы және сәулет саласындағы бақылау–қадағалау қызметін атқаратын, облыстық деңгейіндегі сәулет – құрылысы қадағалау басқармасы.
Тармақ 19
19. Жоба – жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептеулер) нысанында ұсынған, адамның мекендеуі мен тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы.
Тармақ 20
20. Қабылдау комиссиясы – объектінің (кешеннің) дайындығына кешенді тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйелерге бақылаушылық сынақ жүргізетін және салынған объектіні пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган.
Тармақ 21
21. Мемлекттік қадағалау органы – құрылысы, санитарлық, экологиялық табиғат қорғау және басқа қағидаларға сәйкес, құрылыс және жоба жұмыстарын келістіруді іске асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 22
22. Құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) – көлемдік жоспарлық, конструкция, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын жобалау (жобалау – смета) құжаттамасы, сондай –ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, объектілер құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады.
Тармақ 23
23. Сәулет жоспарлау тапсырмасы – объектінің мақсатына, негізгі параметірлеріне және оны нақты жер учаскесіне орналастыруға қойылатын талаптар кешені.
Тармақ 24
24. Қоныстану аумағы – тұрғын үй, қоғамдық (іскерлік) рекреациялық аймақтарды, сондай – ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, иорналастыру мен қызметі арнаулы санитарлық – қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі.
Тармақ 25
25. Мердігелік ұйым – қызмет түріне лицензиясымен сәйкес тапсырыс берушімен шарт бойынша құрылыс жұмыстарын іске асыратын заңды тұлға.
Тармақ 26
26. Жобалаушы – тиісті жоба қызмет түрлерін іске асыруға лицензиясы бар заңды және жеке тұлға.
Тармақ 27
27. Қала құрылысында жер учаскілерін және басқа жылжымайтын объектілерді пайдалануға рұқсат берілген – қала құрылысы регламентіне сәйкес жылжымайтын объектілерді пайдалану.
Тармақ 28
28. Өздігіне құрылыс салу - өздігінен салынған (жүргізген ) (Қазақстан Республикасының осы мақсат үшін белгіленбеген жер учаскілерінде пайда болған тұрғын үйлер, басқа құрылыстар, ғимараттар немесе басқа жылжымайтын мүліктер) құрылысы.
Тармақ 29
29. Құрылыс алаңы - еңгізілген объектіні, уақытша құрылыс салу және ғимарат, техника, топырақ үйіндісі, құрылыс жабдықтарын , өнімдерін, қондырғыларын жинақтау және құрылыс біріктіру жұмыстарын орындау үшін пайдаланатын аумақ.
Тармақ 30
30. Құрылыс нормалары және ережелері – құрылысты және жобалауды іске асырудағы міндетті орындауға жататын, нормативті – техникалық құжаттар.
Тармақ 31
31. Пайдаланатын ұйым – инженерлік коммуникцияларды (су құбырлық, канализациялық, электірлік, газдық, жылуқуаттық жерлері, байланыс) пайдалануды іске асыратын ұйым.
Тарау 3. 3. Жер учасклерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде субъектілерді пайдалану бойынша талаптар мен міндеттер
3. Жер учасклерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде субъектілерді пайдалану бойынша талаптар мен міндеттер
Тармақ 32
32. Қала құрылыстарының жобаларын бекіту, келістіру және дайындау Қазақстан
Республикасының құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес жүргізілді.
Тармақ 33
33. Қала құрылысының негізгі түйінді мәселелері Приозерск қаласының әкімдігі жанындағы сәулет-құрылысы Кеңесінде, қала құрылысы регламентіне анықтайтын әкімшілік және жобалық шешімдерді шектеу мақсатында қарастырылады.
Тармақ 34
34. Приозерск қаласы қорғауды аумақты сызбасы есебімен қала аудандары құрылысының жобалары және нақты жоспарлау жобасы бойынша. Қаланың бас жоспарының құрамды бөлігі ретінде қалыптастыру.
Тармақ 35
35. Қала құрылысы регламенттері және шектеулері жер пайдалану актісіндегі «жер учаскісіне міндеттеу» жолындағы және жер учаскесін жалға алу келісім шартында көрсетілген.
Тармақ 36
36. Құрылыс ұйымдастыру үшін алаң таңдау кезінде, учаскені орналастыру сызбасында көрсетілген жоспарлау шектігін (құрылысты, қорғау аймағын, ауытқулар, ажыраулықты реттеу сызығы) сақтау қажет.
Тармақ 37
37. Жер учаскесін шектеу жоспары жергілікті сәулет және қала құрылысы және жергілікті жер кадастры бөлімімен орындалады.
Тармақ 38
38. Аралас учаскілерді аймақтау өзара жоспарлау байланысында болуы керек.
Тармақ 39
39. Учаскенің маңызды пайдалануын өзгерту, жергілікті атқару органдары рұқсатымен іске асады.
Тарау 4. 4. Приозерск қаласының аумағында құрылыс салу және жобалау бойынша
міндеттемелер мен талаптар
4. Приозерск қаласының аумағында құрылыс салу және жобалау бойынша
міндеттемелер мен талаптар
Бөлім 1. 1. Жалпы бөлім
1. Жалпы бөлім
Тармақ 40
40. Жобалық-сметалық құжаттарымен құрамы және бекіту, келістіру, дайындау тәртібі Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және қағидаларына сәйкес анықталады.
Тармақ 41
41. Сәулет-құрылыс құжаттары сәулет-қала құрылысы Кеңесінде жоба-құрылысты шешімдерін анықтау мақсатында қарастырылды.
Тармақ 42
42. Объект құрылысы кезіндегі қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына кері әсер ететін алаң тандау және жоба дайындау кезендерінде қоршаған ортаны қорғаудың облыстық аймақтық басқармасымен келістіру қажет. Тұрғындарының денсаулығына әсер ететін немесе тұрмыстық құқығының бұзылуына әкеліп соғатын әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілеріне және тұрғын үйге жақындықтағы көпшілік пайдалану орнына бұндай объектілерді орнатқан жағдайда, құрылыстың осы аудандағы тұрғындардың экологиялық сараптамасын, жиналысын өткізу қажет,
Тармақ 43
43. Жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімімен берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасымен нақты жер учаскесіне (трасса, алаң) объектіні орнату және негізгі параметрлер тағайындауға талап ететін кешендерді, сонымен қатар Приозерск қаласы үшін қала құрылысы регламентіне сәкес, құрылысқа және жобалауға орнатылған міндетті талаптар мен шектеулерді орындауға.
Тармақ 44
44. Жер учаскесінде құрылыс, жобалау және құрылыс жобасы негізінде іске асуы тиіс.
Тармақ 45
45. Жобалау, салу және құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және қайта салынатын аумақтар мен басқа елді мекендерді абаттандыру кезеңінде мүгедектерді тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кіріп-шығуы қамтамасыз етілуі қажет;
Тармақ 46
46. Құрылыс жұмыстарын орындауға тиісті жұмыс істеуге лицензиялары бар құрылыс ұйымдары және кәсіпорындар, сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысын өз күшімен іске асырушы құрылысшыға рұқсат беріледі;
Тармақ 47
47. Су құбыры ретінде орталықтандырылған су жинау және су жүргізу кешендерін колдану қажет. Оларды пайдалану немесе болмаған жағдайда, құрылыстың су құбыры жүйесі жергілікті санитарлық – эпидемиологиялық бақылау органының келісімімен жер асты суын пайдалануды қарастыру керек;
Бөлім 2. 2. Қоныстау аумақтарында құрылыс салу
2. Қоныстау аумақтарында құрылыс салу
Тармақ 48
48. Құрылымдық – жоспарлық тұрғыдан Приозерск қаласының тұрғылықты аумағы тұрғылықты ғимарат, тұрғылықты квартал, шағын аудандар, тұрғылықты аудандар және қалыптасқан тұрғылықты кенттер үлгілері топтары түрінде көрсетілген;
Тармақ 49
49. Жаңа тұрғын үй құрылысы тұрғылықты ортаның қалыптасуын, осы және құрылыстың басқа түрлері үшін экономикалық тұрақтану, инженерлік қамтамасыз ету деңгейін және елді мекендерге шағын әлументтік қызмет ету кепілденген, өмір сүру жайлылығын қамтамасыз ететін қала құрылысы кешендері және кварталдар түрінде қарастырады.
Тармақ 50
50. Тұрғын үй аумағының құрылысы сәулет – қала құрылысы құжаттары негізінде іске асады
Тармақ 51
51. Тұрғын үй аумағының және тұрғын үлерді орналастырудағы жобалауда, олардың орналасқан жер учасклерін және үйлерді күтіп ұстау және қамтамасыз ету мақсатында тұрғылықты және тұрғылықсыз көп пәтерлі тұрғын үйлер ғймараттарының меншік иелерінің кондоминиумдарын ашу мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
Тармақ 52
52. Көп пәтерлі тұрғын үйлер кешендерін жобалауда санитарлық және өртке қарсы талаптары есебімен, бет қабатына шаруашылық және спорттық, балалар ойнайтын алаңдар орнатумен гараж және инженерлік кондырғылар ғимараты үшін жер асты кеңістігін барынша пайдалану қажет.
Тармақ 53
53. Бұрыннан тұрған құрылысын қайта құру және тығыздау есебінен ғимарат және кешендер құрылысы өртке қарсы, санитарлық – эпидемиялық қарсы құрылыс нормативтерін және қала құрылысы құжаттары талабын орындаған жағдайда іске асыру қажет.
Тармақ 54
54. Тұрғын ұй құрылысын жобалауда (жаңа құрылыс салу және реканструкциялау) алаң құрамын және өлшемдерін орнату, сонымен қатар олардың тұрғын үйлер және көпшілік ғимараттарға дейін ара қашықтары 2 қосымшасында келтірілгеннен кем болмауы қажет, Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы және ережелері.
Тармақ 55
55. Жеңіл автокөліктерді, тұрғын үйлер және көпшілік ғимараттарына дейінгі техникалық қамтамасыз ету станцияларын уақытша және тұрақты сақтау үшін тағайындалған ашық көлік тұрақтар, жер үсті –жер асты гаражды ара қашықтық, сонымен қатар көпшілік пайдаланатын аймақта орналасқан мектеп, балалр бақшасы-яслилері және стационар түрінде емдеу мекемелері учаскелеріне дейін 3 қосымшасында келтірілген кестеден кем қабылдамау қажет, Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары және ережелері. Қоныстау аумағында бір көлік – орынға гараж көлемі қабырғаға кіндігінен 4х6 метірден аспауы қажет.
Тармақ 56
56. Жер үсті және жер асты гараждары, уақытша және тұрақты сақтау үшін тағайындалған ашық көліктұрақты, жеңіл автокөліктерді, техникалық қамтамасыз ету станцияларын орнату бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жүргізілді
Квартал, үй маңындағы аймақтарға метал гараждар орнату Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және соларға теңестірілген адамдарға, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге уақытша қысқа мерзімге жер пайдалануды сәулет-қала құрылысы талаптары болған жағдайда рұқсат етіледі.
Тармақ 57
57. Автотұрақ аумақтарына автокөліктерді орналастыру келесі арақашықтарды ұстаумен орындалады:
автокөліктің ұзындық жақтары арасы -1,1 метрден кем емес;
автокөліктің шет жақ аралары – 0,5 метрден кем емес;
автокөліктің шет жағынан қоршауға дейін – 0,5 метрден кем емес;
автакөліктің шет жағына стационарлы технологиялық қондырғыларға дейін - 03 метрден кем емес;
автокөлік аймағында ғимарат және кешендерден (көлік жуу, техникалық қамтамасыз ету станциясы, күзет ғимаратын) бақылау өткізу пунктерінен – автокөлікті сақтау орындарына дейін – 9 метрден кем болмауы керек.
Тармақ 58
58. Автокөлік аймағына ішкі жүргізу жолдарының өлшемдері, сақтау орындарына, автокөлік аумағы қоршауына қозғалыстағы автокөліктің ұсынылған жақындауы есебімен 1 қосымшада келтірілген.
Тармақ 59
59. Тұрғын үй және жалпы тағайындаудағы көп қабытты ғимараттарды қосымша құрылыстардың құрылысына жобалы шешім міндетті түрде мемлекеттік өрт бақылау органдарымен келістіріледі.
Тұрғын үйлерге қосымша құрылыс салуға рұқсат, тапсырыс берушілермен барлық үйдің қас бетіне жоба шешімін тапсырған жағдайда беріледі.
Тармақ 60
60. Сауда объектілерінің тұрғылықты пәтерлерден реканструкцияларының сауда залдарының көлемі 70 шаршы метрден асқан жағдайда екіден кем емес эквациялық шығару жолы Қазақстан Республикасы құрылысы нормаларына және ережелеріне 2. 02-05-2002 сәйкес болу қажет.
Тармақ 61
61. Өртке қарсы автокөлік көп қабатты ғимараттарға қызмет ету үшін жүргізу жолдары аумағына орналысқан жазғы кафе алаңдарын орналастыру және жобалау жеңіл ауыстырмалы төзімді қондырғылардан рұқсат етілді (үстел, орындықтар қоршаулар, шатырлар және тағы басқа жабдықтар).
Жазғы кафелерді орнату жеке тұрған мамандандырылған ғимараттар үшін рұқсат етіледі.
Бұнымен қоса кафелерді үй аралары аумағына орнатуға рұқсат етіледі.
Тармақ 62
62. Жанатын жадығаттардан жасалған жазғы кафе алаңдарындағы, ғимаратқа таяу орналасқан шатырлар мен төсемдердің ауданы отқа төзімділік 1,2,3 дәрежелері 50 шаршы метрден аспауы керек.
Тармақ 63
63. Мангалдарды ашық отқа орналастыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 64
64. Автокөлікті газ толтыру станцияларын орналастыру және жобалауда Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары және ережелеріндегі өртке қарсы талаптарын басшылыққа алу қажет.
Тармақ 65
65. Автокөлікті жеңіл жалындайтын сұйықтар және жанар–жағар май толтыру бойынша автокөлікті газ толтыру станцияларын және жанар–жағар май құю станцияларын бірге орналастыруға болмайды. Автокөлік жеңіл жалындайтын сұйықтар және жанар- жағар май толтыру бойынша автокөлікті газ толтыру станцияларының ғимараттары мен кешендерін жанар жағар май құю станцияларының ғимараттары мен кешендеріне дейінгі арақашықтық 100 метрден кем болмауы керек.
Тармақ 66
66. Жүру жолдары мен жаяу жүру жолдарын жобалағанда, тұрғын үйлер мен көпшілік ғимараттарға, оның ішінде қосымша салынған ғимараттарымен, және әр пәтерлер мен ғимараттарға автобаспалдақ немесе автокөтергіштермен өртке қарсы көліктері жүре алатын жолды қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 67
67. Жүру жолы шетіне ғимарат қабырғасына дейінгі ара қашықтық, ереже бойынша 10 қабатқа дейінгі ғимараттар үшін 5-8 метр және 10 қабаттан жоғарғы ғимараттар үшін 8-10 метрден алу қажет. Бұл аймақта қоршаулар, электроберудің ауа желісін орналастыру және ағаштарды қатар отырғызуға рұқсат етілмейді.
Тармақ 68
68. Көлік кіретін жолы жоқ ғимарат қасбетінің шетіне, топыраққа немесе жабындыға тиісті ауырлық есебімен өртке қарсы көліктің жүру жолы үшін қажет болатын, ені 6 метр жазықтықты қарастыруға рұқсат етіледі.
Қатар отырызылған ағаштар жағдайында, көрсетілген аймақта, көлік баспалдағы және көліккөтергіш орнатуға және қозғалысқа бөгет болатын (ғимаратқа қатысты ұзынынан, қарама қарсы) ағаштарды (көпжылдық жапырақты есебімен) орналастыру қажет.
Тармақ 69
69. Ғимараттың сыртқы эвакуациялық есіктерінің ішінен кілтсіз ашылмайтын бөгеттері болмауы керек.
Тармақ 70
70. Жалпы дәлізге апаратын баспалдақ торының есіктері, лифті дәліздерінің және шлюз тамбурлардың есіктері жаппаларының тығыздалу және өз бетімен жабылу үшін дайындығы болу керек және олардың кілтсіз ашылуына кедергі келтіретін бөгеттер болмауы керек.
Тармақ 71
71. Эвакуация жолындағы эвакуациялық шығатын есіктерінің және басқа есіктер ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылуы керек.
Тармақ 72
72. Жер қабаты және төменгі қабат бөлігімен, эвакуация жолы есебінде ескерілген, ғимараттарың баспалдақ торының қабат бойынша қатынастарға рұқсат етілмейді.
Тармақ 73
73. Эвакуциялы болып табылатын жер қабаты және төменгі қабат бөлігінен шығатын есіктері ғимараттың жалпы баспалдақ торынан тікелей сыртқа оқшауланған болу қажет.
Бөлім 3. 3. Приозерск қаласы аумағына сервистің басқа объектілерін және жарнама кешендерін, павильондарын, сауда дүңгіршектерін орналастыру
3. Приозерск қаласы аумағына сервистің басқа объектілерін және жарнама кешендерін, павильондарын, сауда дүңгіршектерін орналастыру
Тармақ 74
74. Көшелердің бойына балмұздақ, газеттер, журналдар сататын дүңгіршіктер орналастыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 75
75. Стационарлық сипаттағы жеке тұрғын жарнама іргетасын орнату (билбордтар, жарық таблосы, стелла, пилон, жарнама ілу транспоранттары) Приозерск қаласының аумағының нақты жағдайында сәулет және қала құрылыс бөлімі анықтайды. Көшелердің жүру жолдары бөлігіне жарнама, ілу-транспоранттарын 6 метрден төмен емес, орналастырумен бағанда тұрған билборттардың арақашықтығы 50 метрден кем емес, жарық таблосы, стелла, пилондар арақашықтықтары 50 метрден кем есес, жарнама ілу – транспоранттары 100 метрден кем емес болуы қажет.
Тармақ 76
76. Бір және одан көп уақыттағы, жеті күннен аса мерзімімен ақпараттық (жарнама) хабарламаларсыз сыртқы жарнама (визуалды) стационарлы объектілерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тармақ 77
77. Қолданыстағы сауда дүңгіршектері уақытша жер пайдалану құқығы аяқталғанға дейін орналастырылады, бұнымен қоса жаңа сауда дүңгіршектерін орнатуға рұқсат берілмейді.
Тармақ 78
78. Сауда дүңгіршектері, павильондар, жарнама іргетасы және сервис объектілері орналасқан жер учаскелері сауда дүңгіршектері павильондар, жарнама іргетасы және сервис объектілері иелеріне қысқа мерзімді жер пайдалануға беріледі.
Бөлім 4. 4. Инженерлік желілер және іргетастардың құрылысы және жобасы
4. Инженерлік желілер және іргетастардың құрылысы және жобасы
Тармақ 79
79. Магистралды инженерлік желілер және іргетастар құрылысы және жобалау қалалық ұйымдар және қызметтер немесе қызмет етулер тапсырысы бойынша іске асады. Приозерск қаласындағы магистралды инженерлік желілер және іргетастар құрылысына мүдделі болған заңды және жеке тұлғалар, сонымен қатар келісім шарт негізінде қызмет ету немесе тиісті қала қызметтері баланысына желілерді беру мен олардың құрылысына және жобалауына тапсырыс беруші болып қатыса алады.
Тармақ 80
80. Объектілердің қызмет етулерін қамтамасыз етуші инженерлік желілердің ішкі алаңдық және шешілімдерін, сонымен қатар олардың ұзындықтарына тәуелсіз кешендер мен ғимараттардың ішкі желілерін жобалау қаланың инженерлік қызметтерінің техникалық талаптарына сәйкес тапсырыс бойынша іске асады. Іргетастар мен инженерлік желілерді жобалау, тиісті лицензиялары бар жеке тұлғалар және жоба ұйымдарымен іске асады.
Бұнымен қоса жер үсті ішкі кварталды инженерлік желілер құрылысына рұқсат етілмейді.
Тармақ 81
81. Барлық кезеңдегі және түрдегі инженерлік желілер жобасы 1:500 масштабта толықтай және қазіргі топогеоздикалық негізде пайдаланылуы керек. Дайындалып жасалған инженерлік желілер жобасы жергілікті сәулет және қала құрылысы инженерлік желілер бөлімімен міндетті келістіруге жатады.
Инженерлік іргетас жобаларына (насосты, электр үйшігі станциясы) сараптама органдары анықтамасы болуы керек.
Тармақ 82
82. Инженерлік желілер салуға шешімді жергілікті атқару органы қабылдайды.
Инженерлік желілер және іргетастары құрылысын орындаушы геодезиялық түсірілімде трасса таңдау жобасына өкілетті органмен келістіру бойынша іске асыру қажет.
Тармақ 83
83. Құрылыс немесе инженерлік желілерді және іргетасты жөндеу бойынша жұмыстарды жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімінің немесе жұмыс өндіруге мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау, инспекциялау және лицензиялау аймақтық басқармасының рұқсатынсыз іске асырған құрылыс ұйымдары, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңдарына сәйкес әкімшілік жазалауға тартылады.
Бөлім 5. 5. Көше-жолдары желілерін және транспорт құрылыстарын жобалау
5. Көше-жолдары желілерін және транспорт құрылыстарын жобалау
Тармақ 84
84. Көше-жолдары желілері және транспорт құрылыстарына жасалған жоба құжаттары жобаларды сараптау органына, сонымен қатар Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі басқармасының жол полициясының бөлімімен және жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісуге жатады.
Бөлім 6. 6. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау
6. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау
Тармақ 85
85. Тарихи, археологиялық, қала құрылысы және сәулет, алып өнерлердің ескерткіштерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы Заңымен анықталған тәртіпте қорғау аймағы, құрылысты реттейтін аймақ және табиғат ландшафтасын қорғайтын аймақтарын орнатады.
Тармақ 86
86. Қорғау аймағы, құрылысты реттейтін аймақ және табиғат ландшафтасын қорғайтын аймақтары шекарасы тарихи-мәдени мұраларды пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан Республмкасының мемелекеттік органымен келісу бойынша қала құрылыстық құжаттамамен анықталды. Қорғау аймағының үш топтағы аумағы болады.
аумақтың бірінші тобы - барлық қалалық ландшафт тарихи ескерткіш болып саналатын бөтен ортадағы тарихи-сәулет ескерткіштеріне және қала құрылыстық үлгіде жеке тұрғандарға жанасып тұрғандар;
аумақтың екінші тобы - бұл аймақтың шекаралары ескеркішке шолу жасауды қамтамасыз ететін шарт құру есебімен берілген. Жаңа және ескі құрылыстардың сәулетін және масштабын ортамен келістіреді, биіктікті көрермен көзқарасымен ұтымды жерлерімен басымды оймен қарау мүмкіндігімен шектейді.
аумақтың үшінші тобы - бұл олардың қабылдауына әсер ететін құрылыстың, басшылыққа алынған ескерткіш аймағының айналасындағы участок.
Қорғау аймақтарының сыртқы шекараларына ретту аймақтары жанасып тұрады.
Тармақ 87
87. Тарихи-мәдени мұралар объектілерінің қорғау аймақтарын пайдаланудағы ережелері мен тәртіптері:
Тармақша 1
1) көрсетілген аймақ шегінде құрылыс, жер және басқа жұмыстар өндіру, сонымен қоса Приозерск қаласы бойынша тарихи-мәдени мұраларды қорғау туралы инспекциясының қызметін жүргізуге рұқсат етілмейді.
Тармақша 2
2) бірінші деңгейдегі аймақ шегінде жаңа құрылыстар, айшықтау элементі, жарнама және ақпараттар орнатуға рұқсат етілмейді;
Тармақша 3
3) екінші деңгейдегі аймақ шегінде жаңа құрылыстар, айшықтау элементі, жарнама және ақпараттар орнатуға рұқсат етіледі, сонымен қатар алыстан шолу болашағын ашу жоспарлау қажет;
Тармақша 4
4) реттеу аумағының аймағында құрылыстың батыл қайта жаңаруына рұқсат берілді. Жаңа құрылысқа рұқсат етіледі, бірақ алыстан болжаумен тарихи-сәулет ансамблінің негізгі ядросының басым идеясын шолуды қамтамасыз ететін қабаттарды шектеумен, құрылымның пайда болу сабақтастығын сақтау талабымен, жоспарлауды өзгерту мүмкіндігіне де рұқсат етіледі.
Тармақ 88
88. Егер автокөлік қозғалысы ескерткіштерге жанасып тұрған немесе қорғау аймағы арқылы жүріп, ескеркіштердің тұруына қауіп тудыратын болса, онда бұл жолдар бойынша автокөлік қозғалысына тыйым салынады және шектеу қойылады.
Бөлім 7. 7. Объектілердің аяқталмаған құрылысы
7. Объектілердің аяқталмаған құрылысы
Тармақ 89
89. Тұрғын үй және әлеуметтік тұрмыс объектілерінің аяқталмаған құрылыстары бар меншік нысанына қатыссыз, жеке және заңды тұлғаларды өкілетті мемелекеттік органдардың бекітілген және келістірілген міндетті түрде мына құжаттар болуы керек:
Тармақша 1
1) құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес жоба-сметаларық құжататтар;
Тармақша 2
2) абаттандыру және көгалдандыру жобасы;
Тармақша 3
3) әлеуметті тағайындау объектілері үшін, жұмыс өндіру және объект құрылысының аяқталу кестесі.
Тармақ 90
90. Құрылыстың аяқталмаған көлемінен объектінің жүру аумағы болуға тиісті:
Тармақша 1
1) жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін ені 1 метр маңдайшасымен, 2 – метрден кем емес биіктігімен тегіс дуалмен қоршалған;
Тармақша 2
2) құрылыс немесе басқа қоқыстардан бос болуға;
Тармақ 91
91. Құрылысы аяқталмаған объекті аймағына шығарда объект иесінің аталымы және мекен-жайы, телефоны көрсетілген ақпарат қалқаны орнатылуы тиіс.
Тармақ 92
92. Құрылысы аяқталмаған объектісі құрылысқа жабылатын қақпалары және тәулік бойы күзеттері болуға тиіс.
Бөлім 8. 8. Инженерлік желілер және іргетастардың құрылысы
және жөндеу бойынша жұмыс өндірісінің ережесі
8. Инженерлік желілер және іргетастардың құрылысы
және жөндеу бойынша жұмыс өндірісінің ережесі
Тармақ 93
93. Инженерлік желілер және іргетастардың бүлінулеріне қажетті ескерту және сақтық шараларын қолдану үшін, жұмыс өндірісіне жауапты тұлға мүдделі ұйымдар өкілін шақыруға, солармен бірге тұрған инженерлік желілер және іргетастардың нақты орнату орнын және олардың толық сақталуына шаралар қолдануға міндетті.
Жұмыс өндіру кезіндегі өздеріне тиесілі инженерлік желілер және іргетастарды сақтап қалуды қамтамасыз ету үшін, қажетті талап-тәртіптерді сақтау бойынша мүдделі ұйымдардың басшылары толықтай жазбаша хат жібереді және өз өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 94
94. Жұмыс өндіру үшін жауапты тұлғалар, жұмыс басталғанға дейін мыналарды орындауға міндетті:
Тармақша 1
1) қазбалау шекарасы бойынша орнатылған үлгідегі ескертпе беретін жол белгілерін және қоршауларын орнату;
Тармақша 2
2) жаяу жүрушілердің қозғалыс орындарына жаяу жүретіндер үшін қолдығы бар көпірлерді дайындауға және түнгі уақытта қазбалау учаскісіне жарық беруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) арық желілердің тынымсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қолдану;
Тармақша 4
4) механизмдер жұмыс аймағында жасыл желектер болған жағдайда, олардың сақталуына кепілдік беретін мықты қалқандармен қоршауды, қазбалау кезінде жолдарды жабуды қажет ететін, тиісті белгілермен айналып өту жолы анық көрсетіледі;
Тармақша 5
5) көшелердің жүру жолы бөлігінің жабындысын былғайтын, саз, балшық болған көлік құралының дөңгелектерін тазалауды ұйымдастырады.
Тармақ 95
95. Траншеяларды дайындау жұмыстарын жол жамылғыларының ұзақ сақталуына кепілдеме беретін алдын ала дайындықсыз бастауға тыйым салыныды.
Тармақ 96
96. Жұмыс орындау орындарына жадығаттарды жұмыс орындау басталғанға дейін 24 сағаттың ішінде жеткізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 97
97. Көшелерде, алаңдарда және басқа да абаттандырылған аймақтарда жер асты коммуникацияларын төсеу үшін траншеялар мен шұңқырларды қазу келесі талаптарды орындаумен өндіріледі:
Тармақша 1
1) жұмыс өндіру жобасына сәйкес жұмыстар қысқа учаскелермен орындалады;
Тармақша 2
2) келесі учаскелерге жұмыстарды аумақтарды тазалау және қалпына келтіру жұмыстарын қосқанда, қазіргі учаскелердегі барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін бастауға рұқсат беріледі;
Тармақша 3
3) траншеялар мен шұңқырлардан шыққан топырақтар жұмыс орындарынан шұғыл түрде санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың жергілікті орнымен келісілген жерлерге алынуы керек;
Тармақша 4
4) траншеяларға қайтадан жабулар қабатты тығыздаумен оңтайлы-қиыршық тас араласпасымен өндірілуі қажет;
Тармақша 5
5) магистралды инженерлік желілерді (қызыл сызықтан параллельді қызыл сызыққа дейін) өткізу кезіндегі асфальтбетонды жабындысының ені 4-7 метр көшелер бойынша тұрған жолдардың жалпы еніне асфальтбетонды жабындыларды қалпына келтіру траншея және құрылыс механизімі жұмыстары аймағында орындалады;
Тармақша 6
6) асфальтбетонды жабындылардың 1,5-2 метр енімен тротуарлар бойынша телефон канализациясын, электржелісін және басқа инженерлік желілерді өткізу кезінде асфальтбетонды жабындылар тротуардың жалпы енімен қалпына келтіріледі;
Тармақша 7
7) Жол жабындыларын қалпына келтіру, осы жолды тұрғызып жатқан кәсіпорындар күшімен желілерді өткізу бойынша тапсырыс берушімен өндіріледі.
Тармақ 98
98. Траншеяларды өңдеудің аяқталуы бойынша, жұмыс өндіру үшін жауапты тұлға инженерлік желілер жобасымен траншеяларды дайындалуына сәйкес, мемлекеттік сәулет-құрылысты қадағалау басқармасының өкіліне куәландыруға және осы сәйкестікті келісіммен рәсімдеуге міндетті.
Тармақ 99
99. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы немесе өндіру кезіндегі инженерлік желілер трассасы жобасына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылысты қадағалау басқармасымен бұл желілердің қайта салынуына нұсқау беріледі. Жобаға сәйкес келтіру үшін инженерлік желілерді қайта орнатуға олардың қондырғыларына шығындар осы жұмыстарды өндіретін ұйымдар есебінен орындалады.
Тармақ 100
100. Топырақ жолдарын қазу кезіндегі қазба жұмысын өндірген ұйым, жұмыс аяқталғаннан кейін, топырақты қабатты тығыздаумен қайтадан жабуға міндетті. Топырақты қайтадан жабуға мүмкін болмаған жағдайда «бірікпейтін» топырақпен орындауға.
Тармақ 101
101. Инженерлік желілер өткізген орындарда асфальтбетонды жабындының жоғарғы қабаты бүлінген жағдайда желілер иесі екі жыл ішінде, асфальтбетонды жабындыны қалпына келтіруге он күн мерзімінде міндетті.
Тармақ 102
102. Инженерлік іргетастың құрылысы және инженерлік желілердің жинақтауының аяқталуымен, бірақ аяғына топырақпен жабуға дейін құрылыс ұйымы атқарушы топографты-геодезикалық түсірілімін жасайды.
Құдықтары және люктері (бұрылыстың бұрышынсыз тікелей учаскелерде) коммуникациялардың атқарушы түсірілімі, траншеяларға топырақ сепкеннен кейін және сыртқы абаттандыру элементтерінің толық қалпына келтіргеннен кейін орындалуы мүмкін.
Тармақ 103
103. Құрылысы аяқталған инженерлік желілерін пайдалануға беру мемелекеттік немесе жұмыс комиссияларымен іске асады.
Тармақ 104
104. Инженерлік желілерін пайдалануға беру, аббаттандыру элементтерін толық қалпына келтіруді және құдықтармен люктерді орнатуларды қосқанда, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін іске асуға қажет.
Тармақ 105
105. Қаланың ішкікварталды аумағындағы және көшелердегі құдықтар, жылу камералары, люктеріне жауапкершілікті, осы инженерлік желілері бар жүргізудегі пайдаланушы ұйымдар немесе ведомствалар мойнына алады.
Тармақ 106
106. Топографты геодезиялық жоспарда көрсетілмеген жер асты инженерлік желілерінің жобалы-ізденісті жұмыстар жүргізудегі және құрылыс кезінде бүлінген жағдайда, жауапкершілікті қала жоспарына өз желілерін ұйымдастырмаған, осы желілердің иелері мойнына алады.
Тарау 5. 5. Жылжымайтын жаңа объектілердің құрылысына
және орнатуға рұқсат беру тәртібі
5. Жылжымайтын жаңа объектілердің құрылысына
және орнатуға рұқсат беру тәртібі
Тармақ 107
107. Жер учаскелерін беру, осы мақсат үшін қала құрылысы құжаттарында қарастырылған аумақтарда іске асырылады. Құрылыс салушыларға ғимараттар мен кешендер құрылысы үшін жер учаскісін беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен анықталады.
Тармақ 108
108. Жергілікті атқарушы органы қаланың бас жоспарын, нақты жоспарлау жобасын және қала аумағының құрылыс салу жобасын дайындайды және жоба негізінде құрылыс салушыларға жер учаскілерін беру жүргізіледі.
Тармақ 109
109. Құрылыс салушы жылжымайтын жаңа объект құрылысына және орнатуға рұқсат алу үшін жер және қалақұрылысы кадастыры белгілері бойынша жаңа немесе өз аумағында алаң іздестіруді және оңды нәтиже тапқан жағдайда жергілікті атқарушы органға өтінім береді.
Өтінімге жаңа аумаққа немесе өзінің жеке меншік учаскесіне, қалаған учаскесінің шекарасы, оның мақсатты тағайындауы, құрылыстың тығыздық көрсеткіші және объектінің қуаттылығы белгіленген объектіні орналастыру сызбасы қоса беріледі.
Тармақ 110
110. Жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімі, қала құрылысы құжаттарының бекітілген материалдары бойынша меншіктің ұсынылған қалпына дәйектемелер, учаскелердің шектеулері және қала құрылысы регламенттерінің тізбесі, қала құрылысы қадастырының тіркеу формасы бойынша учаскенің мақсатты тағайындауы, құрылыс салуды реттеу сызықтары, көшелердің учаскелеріне жанасып тұрған қызыл сызықтар, нақтыланған шекаралармен учаскелердің жоспарлы шектеу жоспарын орындайды. Қала құрылысында басқа жылжымайтын объектілердің және рұқсат берілген жер учаскелерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін, жер учаскесін беру туралы шешім қабылдау және жер-кадастыры істерін құру үшін бұл бастапқы берілгендер болып саналады.
Тармақ 111
111. Жергілікті атқарушы орган шешімі негізінде құрылыс салушыға жер пайдалануға немесе объект құрылысына және жобалауға құқық беретін құжат беріледі.
Тармақ 112
112. Құрылыс салушымен тапсырылған жобаларды қарау жергілікті сәулет және қала құрылысы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қадағалау жергілікті органдарымен екі апта мерзімде іске асырылады.
Тармақ 113
113. Тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін, объектілер құрылысының басталуына мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қортындысы болған жағдайда рұқсат беріледі.
Тармақ 114
114. Учаске шекараларының, ғимарат немесе кешендердің белдіктерін нақты іс жүзінде келтіру жер ресурстарын басқару бойынша жергілікті орган және сәулет және қала құрылысы бөлімімен жеке құрылыс салушылар өтінімдері бойынша, қажет болған жағдайда басқа қызметтермен орындалады.
Тармақ 115
115. Құрылысқа тәуелді жер учаскелерін таңдау актілерін келістіру және қарау, мемлекеттік өртке қарсы қадағалау, жол полициясы, қоршаған ортаны қорғау, жергілікті органдарымен таңдау актісін қарастыру бойынша Приозерск қаласының жер комитетінің комиссиясы жұмысымен тікелей дайындалады. Жоспарланған учаскеге барумен, олардың орналастыру мүмкіндігі туралы мәселенің шешімін қажет ететін объектілер бойынша қосымша дайындаулар, немесе жер учаскесінің таңдау актілеріне теріс қорытындылар үш күн ішінде дайындалады.
Тармақ 116
116. Мемлекеттік өртке қарсы бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жергілікті органдарда қортындылар мен нұсқаулар берумен құрылысқа жоба құжаттары мына мерзімдерде қарастырылады:
сәулеттік және эскизді жобалар – 10 күн ішінде;
құрылысқа жұмыс құжаттамалары – 30 күн ішінде.
Тармақ 117
117. Ғимараттың қайта жөндеу жобасын қайта жоспарлау, қайта жабдықтау немесе тұрғын үй ғимаратының басқа бөлігіне немесе оларға дәлелді теріс жауап берген жағдайда және бастапқы берілгендерді беру үшін жергілікті сәулет және қала құрылысы бөліміне өтінім берушімен тапсырылған құжаттарды қарастыру мерзімі, өтінім берілген күннен бастап үш күннен, ал жобаның қиындығына байланысты екі жұмадан аспауы қажет.
Тармақ 118
118. Желілерге таяу орналасу талаптарын келістіру және желілерге қосуға техникалық талаптар беру туралы қызмет ету жабдықтаушыларының өтінімдерін қарау мерзімі – 10 күн.
Тарау 6. 6. Құрылыс - жөндеу жұмыстары өндірісіне рұқсат беру
6. Құрылыс - жөндеу жұмыстары өндірісіне рұқсат беру
Тармақ 119
119. Құрылыс жөндеу жұмыстарының басталуына рұқсат (дәлеліі теріс жауапқа) сәулет-құрылысты бақылау басқармасының лауазымды тұлғаларымен беріледі. Құрылыс жөндеу жұмыстары өндірісіне рұқсат алу үшін тапсырыс беруші мына келесі құжаттармен материалдарды тапсырады.
Тармақша 1
1) рұқсат алуға өтінім;
Тармақша 2
2) жеке меншікке құқығы бар тапсырыс берушіге тиесілі немесе уақытша жер пайдалануға құқығы бар құрылыс учаскісін беру туралы Приозерск қаласының әкімінің қаулысының көшірмесі;
Тармақша 3
3) жұмыс түрлері тізбесімен, мердігер ұйымдарының мемелекеттік лицензиясының көшірмесі;
Тармақша 4
4) сараптаманың оң қортындысымен жобаның жергілікті бөлімдері немесе орнатылған тәртіптегі бекітілген және келістірілген жоба;
Тармақша 5
5) Приозерск қаласының инженерлік қызметтерімен келісілген, құрылыстың бас жоспары;
Тармақша 6
6) құрылыс жобасын дайындаудағы авторлық бақылауды іске асырудағы жобалы ұйымдармен (жоба жасаушылармен) келісім-шарты;
Тармақша 7
7) құрылыс үрдісінің технологиялық жолдама қызметін іске асыруына келісім-шарты;
Тармақша 8
8) бас мердігердің және тапсырыс берушілердің жауапты тұлғаларынан қолхат;
Тармақша 9
9) ғимараттың отыру актісі;
Тармақша 10
10) құрылыс салуды іске асыруда қоқысты шығаруға өкілетті органмен жасалған шарт.
Тармақ 120
120. Өндірісті объектілер, өзендердің су-қорғау аймақтарында орналасқан және қоршаған ортаға тастамалармен байланысты автокөлікпен қамтамасыз ететін объектілер және басқа объектілер бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын өндіруге қызметтердің трансшекаралық, стратегиялық және экологиялық қауіпті түрлері үшін облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мемелекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы да рұқсат болып табылады.
Тармақ 121
121. Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қажетті құжаттар тапсырыс берушінің тапсыруы бойынша, қажетті құжаттармен өтініш берген сәттен бастап 14 күннің ішінде рұқсат береді. Рұқсат беру мерзімінің әрекеті құрылысқа қажетті уақыт жиілігінен тапсырыс берушінің өтінімі есебінен бекітіледі, бірақ бір жылдан артық емес. Рұқсат беру әрекетінің мерзімі аяқталған жағдайда, тапсырыс беруші бір жұманың ішінде мерзімін ұзартуға міндетті. Құрылыс-жөндеу жұмыстарын қажетті жағдайда рұқсат беруді қайта тіркеуден өтпеген немесе рұқсат алмаған, ұзартылмаған немесе рұқсат беруде көрсетілмеген жұмыстар өз бетімен салынған құрылыс болып табылады.
Тармақ 122
122. Құрылыс ұйымдары өкілдерімен бірге азаматтар және заңды тұлғалар құжаттарды объект шекараларын түсіру немесе алу кешендері туралы жер қатынастары бойынша өкілетті органдарға ресімдейді және оларды қадағалауға жауапты болады.
Тармақ 123
123. Құрылыс жұмыстарын өндіруге рұқсаттары бар азаматтар және заңды тұлғалар, бес күн ішінде сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдерін объект құрылысының басталуы туралы ескертеді. Жұмыс өндіру жобада бекітілген құрылыс мерзіміне сәйкес іске асады.
Құрылыс кезінде жобада және құрылыс жөндеу жұмыстары сапасына және сылау жұмыстарына заң бұзушылықтар жасаған азаматтар және заңды тұлғалар заңға сәйкес міндеттілікті өз мойнына алады.
Тармақ 124
124. Жанасып тұрған аумаққа, ғимарат және кешендерге тіршілік әрекетті, қауіпсіздікті, ыңғайлы технологиялық үрдісті ұйымдастыру, экологиялық және санитарлы-техникалы талаптарын, құрылысқа эстетикалық қабылдауды құруды қамтамасыз ету мақсатында объект немесе кешендер құрылысы уағында құрылыстың бас жоспарына және жұмыс өндіру жобасына сәйкес, құрылыс орындарын жайғастыру – қоршаулар орнату, жаяу жүретін және жүретін жолдарды ұйымдастыру, объектіден шыққан автокөліктің дөңгелегін жуу, шаң жұтқызбайтын құрылыс ормандарын қоршау және басқа шаралар міндетті түрде қарастырылады.
Тармақ 125
125. Тапсырыс берушілер объект немесе кешендер құрылыстарының аяқталу бойынша объектіні пайдаланып қабылданғанға дейін өкілетті органға жер қатынастары бойынша атқарушы топографикалық түсіріліне тапсырыс беруге және тапсыруға міндетті.
Тарау 7. 7. Тұрғын жылжымайтын объектілерін өзгертуге (қайта профильдеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жөндеу, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат беру үрдісінің өту ережесі
7. Тұрғын жылжымайтын объектілерін өзгертуге (қайта профильдеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жөндеу, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат беру үрдісінің өту ережесі
Тармақ 126
126. Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережелері Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысымен орындалады.
Тармақ 127
127. Тұрғын үйде тұрғылықты және тұрғылықсыз жайда сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергілікті атқарушы органы және сәулет және қала құрылысы бөлімінің рұқсатынсыз қайта жабдықтауға және қайта жоспарлауға, тұрғындардың жалпы жиналысы немесе пәтер иелерінің коперативі келісімісіз рұқсат берілмейді.
Тармақ 128
128. Жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау басқа меншік иелері мүдделі болған жағдайда, онда олардың жазбаша келісімі қажет етілмейді.
Тармақ 129
129. Ғимаратты өзгерту бойынша жұмыс өндірудің басталуына рұқсат беру немесе рұқсат бермеген жағдайда, рұқсат беру мерзімі жобаны келістіруге берген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен асырылмауы қажет.
Тарау 8. 8. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау
8. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау
Тармақ 130
130. Объектілер мен кешендердің құрылысы, қайта жөндеу, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта өңдеу және күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін, пайдалануға қабылдау мемлекеттік қабылдау комиссиясымен іске асады.
Тармақ 131
131. Пайдалануға мемлекеттік қабылдау актісін рәсімдеуге дейін, құрылыс ұйымдарымен және қала қызметтерімен тапсырыс беруші мына құжаттарды дайындайды:
Тармақша 1
1) уақыт аралық қабылдау туралы актілер;
Тармақша 2
2) жұмыс орындаулар актілері;
Тармақша 3
3) қондырғыны сынау туралы актілер;
Тармақша 4
4) құрылыс жадығаттарына және құрылымдарына паспорттар мен сертификаттар;
Тармақша 5
5) жоба құжаттарына сараптама анықтамалары.
Тармақ 132
132. Объектілер мен кешендерді пайдалануға қабылдау қала әкімімен бекітілген, мемлекеттік комиссия актілерімен ресімделеді.
Тарау 9. 9. Қала құрылысы қызметін іске асырудағы бақылау
9. Қала құрылысы қызметін іске асырудағы бақылау
Тармақ 133
133. Қала құрылысы қызметін іске асырудағы бақылау бас жоспармен және басқа қала құрылысы құжаттарымен, осы құрылыс салу қағидасымен, мемлекеттік қала құрылысы нормативтерімен және ережелеріне сәйкес қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 134
134. Жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімі және сәулет-құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары өз құзіреттерінде мыналарға құқықтары бар:
Тармақша 1
1) құрылысқа рұқсат беру, мемлекеттік қала құрылысы нормативтері және ережелері жобалы құжаттама және қала құрылысы талаптарын, қала құрылысы қызметі субъектілерімен орындау туралы ақпараттарды алу мақсатында жылжымайтын объектілерді жөндеу, құрылысқа, қайта жөндеуге бақылау жүргізуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңын бұзудағы кінәлі тұлғаны белгілі тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын бұзудағы кінәлі тұлғаға тиісті шара қолдану үшін құжаттарды құзіретті органдарға жіберуге;
Тармақша 4
4) егер зиян келтіру Қазақстан Республикасының «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын бұзу жолымен болған жағдайда, тіршілік әрекеті ортасына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы сотқа талап беруге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын бұзу жолымен іске асқан құрылысты қысқартуға немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Заңдарына қарама-қайшы келмейтін басқа да шараларды қолдануға.
Тарау 10. 10. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
10. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
Тармақ 135
135. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жеке, заңды, лауазымды тұлғалар, егер іс-әрекеттері қылмыстық жазалау белгілерін ұстамаса, Қазақстан Республикасының «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 136
136. Осы Қағиданың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес әр бақылаушы органдар өз құзіреті шегінде іске асырады.
Тармақ 137
137. Осы Қағида бойынша өкілетті органдардың әрекеттері және шешімдері жөнінде сотқа шағым арыз беруге болады.
Тарау 11. 11. Қорытынды ереже
11. Қорытынды ереже
Тармақ 138
138. Құрылыс салу Қағидасы редакциясына бекітілген қандай да бір өзгерістер, толықтырулар, түзетулер, анықтаулар жергілікті атқарушы орган ұсынысы бойынша осы бекітілген Қағидаға енеді.
Басқа 211
Приозерск қаласының аумағында
құрылыс салу Қағидасына
1 қосымша
Автокөлік аумағына ішкі жүргізу жолдарының өлшемдері
Автокөлік түрлері , класс
Автокөлікті орнатудағы автокөлікті қорғау органдарында ішікі жүру жолының ені, метрлерде
Алдыңғы жүру
Артқы жүру
Қосымша іс-қимылсыз
Іс-қимылмен
Қосымша іс-қимылсыз
Жүру жолы кіндігіне автокөлі к орнату бұрышы
45º
60º
90º
45º
60º
90º
Ерекше шағын кластағы жеңіл көліктер
2,7
4,5
6,1
3,5
4,0
5,3
шағын кластағы жеңіл көліктер
2,9
4,8
6,4
3,6
4,1
5,6
орта кластағы жеңіл көліктер
3,7
5,4
7,7
4,7
4,8
6,1
өкілдік кластағы жеңіл көліктер
3,7
5,4
7,7
4,7
4,8
6,1
Шағын автобустар
3,8
5,8
7,8
4,8
5,2
6,5
Басқа 212
Приозерск қаласының аумағында
құрылыс салу Қағидасына
2 қосымша
Тұрғын үй құрылысын жобалауда (жаңа құрлыс салу және реконструкциялау)
алаң құрамы және өлшемдері
Алаңдар
Алаңдардың жеке мөлшері, шаршы метр/адам
Алаңдарды тұрғылықты және жалпы ғимараттар әйнегіне дейінгі ара қашықтық, метрлерде
Мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балалар ойыны үшін
0,7
12
Ересек тұрғындардың демалысы үшін
0,1
10
Денешынықтрумен айналысу үшін
0,2
10-40
Шаруашылық мақсат және иттерді қыдырту үшін
0,3
20 Шаруашылық мақсат үшін 40 (иттерді қыдырту үшін)
Автокөлік тұрақ жайы үшін
0,8
10 кесте бойынша
Басқа 213
Приозерск қаласының аумағында
құрылыс салу Қағидасына
3 қосымша
Жеңіл автокөліктерді, тұрғын үйлер және көпшілік ғимараттарына дейінгі техникалық
қамтамасыз ету станцияларын уақытша және тұрақты сақтау үшін, тағайындалған
ашық-көлік тұрақтар, жер үсті және жер үсті -жер асты гараждары, сонымен қатар
көпшілік пайдаланатын аймақта орналасқан мектеп, балалар бақшасы-яслилері
және стационар түріндегі емдеу мекемелері ара қашықтығы.
Ара қашықтық анықталған ғимарат
Ара қашықтық, метрлерде
Гараждар мен ашық тұрақтардан жеңіл автокөлік есебінен
Пост есебіндегі техникалық қамтамасыз ету станциясынан
10 және одан аз
11-50
51-100
101-300
10 және одан төмен
11-30
Тұрғын үйлер
10
15
25
35
15
25
Тұрғын үйлердің әйнексіз бүйірлері
10
10
15
25
15
25
Көпшілік ғимараты
10
10
15
25
15
25
Жалпы білім беретін мектептер және мектепке дейінгі балалар мекемелері
15
25
25
50
50
Стационарлық емдеу мекемесі
25
50
50