О специальном городском пособии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О специальном городском пособии
- Атауы (қаз.)
- Арнаулы қалалық жәрдемақы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 501
- Қабылданған күні
- 03.06.1999
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2013 AI3311_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99R000063_
- ЭКБ идентификаторы
- 3311
- Редакция идентификаторы
- AI3311_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:07
0 Арнаулы қалалық жәрдемақы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.12.2013 № 4/1119 қаулысымен.
Шешімнің мәтіні мен шешіммен бекітілген Ереже бойынша "Ереже" сөзі "Қағида" деген сөзбен ауыстырылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005.03.09 № 1/131 қаулысымен.
Қалалық мәслихаттың 1 шақырылған 14 мамыр 1999 ж. XXV сессиясының "Арнаулы қалалық жәрдемақы жөнiндегi" шешiмiн жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Әкiмi ШЕШТІ:
1 1. Арнаулы қалалық жәрдемақыны тағайындау және төлеудiң ретiнiң Қағидасы бекiтiлсiн.
2 2. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ. Тәжібаев) Арнаулы қалалық жәрдемақыға төленетiн қаражатты уақтылы бөлудi қамтамасыз етсiн.
3 3. Еңбек, жұмыспен қамту және Халықты Әлеуметтiк қорғау Департаментi (Н.I. Сүлейменов) Қалалық арнаулы жәрдемақының уақтылы тағайындалуы мен төленуiн қамтамасыз етсін.
4 4. Алматы қаласы Әкiмiнiң № 11, 9 қаңтардағы 1997 жылғы, № 18, 22 қаңтардағы 1997 жылғы шешiмдерi күштерiн жойды деп есептелсiн.
5 5. Бұл қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Ә.Ж. Ыбыраевқа жүктелсiн.
6 Қағида
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 4 маусымдағы
№ 501 шешiмiмен "Бекiтiлдi"
📌 Ескерту. Қағида мәтіні бойынша "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау" сөздері "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" деген сөздермен ауыстырылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005.03.09 № 1/131 қаулысымен.
Қалалық арнаулы жәрдемақыны тағайындаудың
және төлеудiң тәртiбi туралы
Қағида
Осы Қағида I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы ХХV сессиясының "Қалалық арнаулы жәрдемақы туралы" шешiмiне сәйкес қалалық арнаулы жәрдемақыны (әрi қарай - жәрдемақы) тағайындаудың, төлеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Қалалық арнаулы жәрдемақыны тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi
1 1. Тиiстi құқығы бар азаматтарға жәрдемақыны тағайындау Алматы қалалық Мәслихатының шешiмiмен белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.
2 2. Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар зейнетақы алатын орны бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтарына өтiнiш жасайды және келесi құжаттарды тапсырады:
- өтiнiш (жеке iсiне тiгiледi);
- жәрдемақы алушының жеке басын куәландыратын құжат - жеке басының куәлiгi;
- зейнеткердiң куәлiгi;
- тiркелген номерi туралы анықтама (РНН);
- халықтық банкiнiң тиiстi филиалындағы арнаулы есебi бар жинақ кiтапшасы.
Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттар, оларды тiркеу үшiн түпнұсқа күйiнде ұсынылуы тиiс, одан соң өтiнiш иесiне қайтарылады.
3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтары қажеттi құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және жаңа жеке iстердi қалыптастырады, әрбiр алушыға жәрдемақы тағайындау туралы шешiмдi әзiрлейдi, бұл шешiмге аудандық орталықтың бастығы, орындаушы маман қол қояды және мөр басылып, куәландырылады.
4 4. Жәрдемақыны төлеу өткен ай үшiн жүзеге асырылады.
5
5. Жәрдемақы мемлекеттiк арнаулы жәрдемақыны алатын азаматтарға тағайындалмайды созылмалы бүйрек ауруы бар І-ші топтағы мүгедектерден және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендері мен медальдерімен марапатталған тұлғалар, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кем дегенде алты ай жұмыс (қызмет) жасаған мемлекеттік наградалармен марапатталмаған тұлғалардан басқасы.
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - Алматы қаласы Әкімінің 1999.12.21 N 1229 шешімімен және Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005.03.09 N 1/131 қаулысымен.
6 6. Қалалық арнаулы жәрдемақыны алуға құқылы азаматтар:
- қалалық тiркелiмi бар зейнеткерлер;
- "Халық қаһарманы" жоғары атағы бар азаматтар;
- созылмалы бүйрек ауруы бар І-ші топтағы мүгедектер;
- Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендері мен медальдерімен марапатталған тұлғалар, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кем дегенде алты ай жұмыс (қызмет) жасаған мемлекеттік наградалармен марапатталмаған тұлғалар.
📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - Алматы қаласы Әкімінің 1999.12.21 N 1229 шешімімен және Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005.03.09 N 1/131 қаулысымен.