О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Акима города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Акима города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Әкiмiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 457
- Қабылданған күні
- 20.05.1999
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2000 3312_231734.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99R000064_
- ЭКБ идентификаторы
- 3312
- Редакция идентификаторы
- 3312_231734
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:09
0 Алматы қаласы Әкiмiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әділет басқармасының НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 21.07.2000 қорытындысы.
Қоршаған ортаны сақтау тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi
жұмысты күшейту мақсатында Алматы қаласының Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң мынадай шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлсiн:
Комиссия мүшелерi:
1.1. 1998 жылғы 24 шiлдедегi №708 шешiмiне:
- "Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелу және сату сапасына бақылауды
үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы" N 1 қосымша мына
редакцияда берiлсiн:
1. В.В. Храпунов - Алматы қаласының Әкiмi - төраға.
2. Я.И. Заяц - Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары - төрағаның орынбасары.
3. А.И. Калинин - Алматы қаласы Әкiмiнiң кеңесшiсi - төрағаның орынбасары.
Комиссия мүшелерi:
1. Е.И. Шатов - қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы.
2. Б.Б. Ысқақов - Алматы қалалық төтенше жағдай жөнiндегi басқарманың бастығы.
3. С.Н. Әдiрiсқалиев - Алматы қаласы бойынша қалалық көлiктi бақылау комитетi
басқармасының» бастығы.
4. А.С. Садықов - "Алматы стандарттау, метрология және сертификаттау" орталығы КМК
директоры.
5. В.А. Меркер - санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының бастығы.
6. Қ.Н. Қасымов - Алматы қалалық Iшкi iстер бас басқармасының бастығы.
7. В.У. Қалижанов - Алматы қалалық Салық комитетiнiң төрағасы.
8. Е.С. Ысмағұлов - Алматы қалалық Бас кеден басқармасының бастығы.
9. С.Қ. Баймағамбетов - Сәулет және қала құрылысы департаментiнiң
бастығы.
10. А.Е. Сапаров - Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттiң
төрағасы.
11. К.Т. Наратауов - "Жайлы көлiктiк қызмет көрсету орталығының"
Алматы бөлiмшесiнiң бастығы.
12. Р.З. Ысмағылов - комиссия хатшысы.
1.2. 1998 жылғы 7 қазандағы № 966
шешiмiне:
- 8 тармақтағы "ЖЖМ тәуелсiз сараптаулар" сөзi "Мұнай өнiмдерiн
зерттеу" сөзiне алмастырылсын;
- N 1 қосымшада:
"Осы тәртiптегi негiзгi қолданылатын түсiнiк" бөлiмiнде:
- 8 тармақтағы "ЖЖМ тәуелсiз сараптаулар" сөзi "Мұнай өнiмдерiн зерттеу" сөзiне алмастырылсын;
"ЖЖМ түсiнiгi" алынып тасталсын;
"Мұнай өнiмдерi түсiнiгi мынадай редакцияда берiлсiн: "Мұнай өнiмдерi дегенiмiз - бұл шикi мұнайды және газды термокаталитикалық және мұнай химиялық синтез және басқа әдiстегi өңдеу нәтижесiнде алынған өнiм және қоспалар Осы өнiмнiң»тiзбесi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 P951035_ қаулысымен бекiтiлген (N 1 қосымша)".
3 бөлiмдегi "Автожанармай құю стансасының қызметiн бақылау және оларды қосу тәртiбiне" мыналар енгiзiлсiн:
3.3. тармағы мына редакцияда берiлсiн: "ЖЖМ қызметi ведомствоаралық комиссияның берген куәлiгiмен ғана жүзеге асырылады";
3.4. тармағы мына редакцияда берiлсiн: "Қоршаған ортаны қорғау талабын бұзғаны үшiн ГОСТ СНИТ-тi, "Техникалық пайдалану және өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзғаны үшiн, оның иесiне ҚР КОАП-на сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiк жүктеледi және Ведомствоаралық комиссияның куәлiгi одан алынады. Куәлiктi қайталап беру аталған тәртiп бұзушылықты жойғаннан кейiн берiледi";
3.5. тармағы мына редакцияда берiлсiн: "Куәлiк мынадай жағдайларда қайта ресiмдеуге жатады: - ЖЖМ тетiктерi мен бақылау-өлшеу жабдықтарын алмастырғанда; - жағар және жанармайларды тарату түтiкшесiн ауыстырғанда; - мұнай өнiмдерiн сақтау үшiн резервуарлар көлемiн алмастырғанда; - ЖЖМ иесiн ауыстырғанда".