Құжат мәтініне өту

Об отраслевой системе поощрения

Бұйрық · № 111 · қабылданған 12.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33142/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об отраслевой системе поощрения Күшін жойған Бұйрық ·№ 111 ·12.04.2007
27.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об отраслевой системе поощрения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 111 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об отраслевой системе поощрения
Атауы (қаз.)
Көтермелеудің салалық жүйесі туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
111
Қабылданған күні
12.04.2007
Көрсетілген редакция
27.06.2016 AI33142_6.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004651_
ЭКБ идентификаторы
33142
Редакция идентификаторы
AI33142_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:49

0 Көтермелеудің салалық жүйесі туралы

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мәдениет саласы қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі бекiтiлсiн.

2 2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

7 Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі

Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2007 жылғы 11 сәуірдегі
N 111 бұйрығымен бекітілген
Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Көтермелеу) әзірленген.

2 2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.

3 3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында "Мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін" құрмет дипломы (бұдан әрі - Құрмет дипломы) осы Көтермелеудің қосымшасына сәйкес нысанда белгіленеді.

2 2. Құрмет дипломымен марапаттау шарттары

4 4. Құрмет дипломымен мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқан және қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған мәдениет жүйесінің қызметкерлері марапатталады, Құрмет дипломымен осы салада үш жылдан аса еңбек өтілі бар мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталады.

5 5. Құрмет дипломымен марапатталуға бір тұлға қайталап ұсыныла алмайды.

3 3. Материалдарды ұсыну және қарау тәртібі

6

6. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін Құрмет дипломымен марапаттау үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне үміткердің нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жетістіктері мен табыстары жазылуы тиіс мінездеме (аты-жөні, тегі, білімі, еңбек өтілі, жеткен жетістіктері көрсетілуі қажет) ұсынылады, оған кандидатты ұсынған мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы қол қояды.

7 7. Құрмет дипломымен марапаттау мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндеріне орай өткізіледі.

8 8. Материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің қарауына енгізіледі.

9 9. Құрмет дипломымен марапаттау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

4 4. Қорытынды ережелер

10 10. Құрмет дипломын табыстауды салтанатты түрде Министр немесе ол өкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.

11 11. Мемлекеттік органдардың немесе басқа да ұйымдардың кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.

23 Герб

Көтермелеудің салалық жүйесіне
қосымша
нысан
Герб
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛАДЫ
Министр
Астана 20__ жыл №

Қолданыстағы