Жамбыл ауданының елді
мекендерінің шекарасына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сэйкес және Жамбыл аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің елді мекендерді өркендету жоспары және елді мекендердің шекарасын (шегін) өзгерту жөніндегі жерге орналастыру жобасы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жамбыл ауданының елді мекендерінің шекарасына өзгерістер енгізу туралы от 20.04.2007 г. № 68-239 (Жамбыл ауданының елді мекендерінің шекарасына өзгерістер енгізу туралы)
1. Жамбыл ауданы бойынша жоспарлы картографиялық құжаттарға сәйкес Ұзынағаш селолық округіндегі Ұзынагаш ауылының шекарасынан көлемі 912.0 гектар, Жаңақұрылыс ауылының шекарасынан көлемі 110.0 гектар, Ынтымақ ауылының шекарасынан көлемі 68.0 гектар, Фабричный селолық округіндегі Фабричный ауылының шекарасынан көлемі 461.0 гектар, Қарасу селолық округіндегі Қарасу ауылының шекарасынан көлемі 65.0 гектар, Еңбекшіарал ауылының шекарасынан көлемі 80.0 гектар, Қайназар ауылының шекарасынан көлемі 120.0 гектар, Қарасай ауылының шекарасынан көлемі 10.0 гектар, Ақсеңгір селолық округіндегі Ақсеңгір ауылының шекарасынан көлемі 50.0 гектар, Жайсан ауылының шекарасынан көлемі 55.0 гектар, Көкдала ауылының шекарасынан көлемі 40.0 гектар, Айдарлы селолық округіндегі Айдарлы ауылының шекарасынан көлемі 25.0 гектар, Теміржол селолық округіндегі Қазбек бек бекеті шекарасынан көлемі 230.0 гектар, Мыңбаев селолық округіндегі Мыңбаев ауылының шекарасынан көлемі 60.0 гектар, Шолаққаргалы селолык округіндегі Қасымбек ауылының шекарасынан көлемі 30.0 гектар, Шолаққаргалы ауылының шекарасынан көлемі 10.0 гектар, Үмбеталы ауылының шекарасынан көлемі 40.0 гектар, Самсы селолық округіндегі Самсы ауылының шекарасынан көлемі 50.0 гектар,Тарғап ауылының шекарасынан көлемі 30.0 гектар, Талап селолық округіндегі Сұраншы батыр ауылының шекарасынан көлемі.130.0 гектар, Жамбыл селолық округіндегі Жамбыл ауылының шекарасынан көлемі 25.0 гектар, Үңгіртас селолық округіндегі Үңгіртас ауылының шекарасынан көлемі 20.0 гектар, Қаракастек селолық округіндегі Қаракастек ауылының шекарасынан көлемі 20.0 гектар, Таран селолық округіндегі Б.Қыдырбекұлы ауылының шекарасынан көлемі 60.0 гектар, Аққайнар селолық окруігіндегі Аққайнар ауылының шекарасынан көлемі 10.0 гектар, Шиен селолық округіндегі Шиен ауылының шекарасынан көлемі 20.0 гектар, Қоғамшыл ауылының шекарасынан көлемі 5.0 гектар жер учаскелері қосылып, аталған елді мекендердің шекараларына өзгерістер енгізілсін.
2. Аудандық жер қатынастар бөлімі жер есебі құжаттамаларына тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау бюджет, экономикалық реформалар, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлік пен жекешелендіру, экономика, нарықтық құрылымдарды жетілдіру мен дамыту жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Айдын Сыдықұлы Баямановқа және аудан әкімінің орынбасары Махаббат Садуақасұлы Бигелдиевке жүктелсін.
4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихатының
2007 жылғы 20 сәуірдегі № 68-239
және Жамбыл ауданы әкімдігінің 2007
жылғы 20 сәуірдегі № 346
"Жамбыл ауданының елді мекендерінің
шекарасына өзгерістер енгізу туралы"
бірлескен шешіміне келісу
"КЕЛІСІЛГЕН":
Жамбыл ауданы әкімдігінің бас маман-заңгері
Төлеуқұлова Айнұр Сатыбалдықызы
Жамбыл аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы
Поваковский Владимир Петрович
Жамбыл аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бастығы
Бектасов Темірлан Амангелдіұлы