Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении изменения и дополнения в Положение о небанковских финансовых учреждениях

Қаулы · № 135 · қабылданған 20.06.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3327/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении изменения и дополнения в Положение о небанковских финансовых учреждениях Күшін жойған 15.08.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении изменения и дополнения в Положение о небанковских финансовых учреждениях

Күшін жойған Қаулы № 135 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении изменения и дополнения в Положение о небанковских финансовых учреждениях
Атауы (қаз.)
Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыруды бекіту жөнінде
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
135
Қабылданған күні
20.06.1999
Көрсетілген редакция
15.08.1999 AI3327_1.kaz
Соңғы өзгеріс
15.08.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000818_
ЭКБ идентификаторы
3327
Редакция идентификаторы
AI3327_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:06
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыруды бекіту жөнінде

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 221 қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.

2. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):

1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны және Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулыны және Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына жіберсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

6 Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 135 қаулысымен бекітілген
Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге
өзгеріс пен толықтыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 221 қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1. 6-тармақтағы "атқарушы" деген сөз алынып тасталсын.

2. 25-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:

"Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі болған
жекелеген жағдайларда банктік емес қаржы ұйымына Қазақстан Республикасы
Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы" Заң күші бар Жарлығында көзделген басқа да банк операцияларын
жүргізуге лицензия беруге құқылы".