Об утверждении дополнений и изменений в Инструкцию об организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении дополнений и изменений в Инструкцию об организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерiстердi бекiту жөнiнде
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 20.06.1999
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2010 AI3328_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V990000820_
- ЭКБ идентификаторы
- 3328
- Редакция идентификаторы
- AI3328_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:06
0 Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерiстердi бекiту жөнiнде
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 295 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзілсiн.
2 2. Банктiк қадағалау департаментi (Жүмағұлов Б.Қ.).
1
1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2 2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерiстердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына жiберсiн.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
6 Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерiстер
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 137 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерiстер
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 295 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 1. 1.1-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi азатжолмен толықтырылсын: "уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер - қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыратын кредиттiк серiктестiктер";
2 2. 1.2-тармақтағы "уәкiлеттi банктер" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
3 3. 1.3-тармақтағы "уәкiлеттi банктер" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
4 4. 2-бөлiмнiң атауындағы "айырбастау пункттерiн" деген сөздер "және кредиттiк серiктестiктер" деген сөздермен толыктырылсын;
5 5. 2.1, 2.2-тармақтардағы "Уәкiлеттi банктердiң" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
6 6. 2.4-тармақтағы "үй-жайларында" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң үй-жайларында" деген сөздермен толықтырылсын;
7 7. 2.5., 2.6-тармақтардағы "уәкiлеттi банктiң" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң" деген сөздермен толықтырылсын;
8 8. 2.7-тармақтағы:
"уәкiлеттi банктердiң" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Сонымен қатар уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң айырбастау пункттерiнiң (тiркеу, қайта тiркеу) есебi жеке тiзбемен жүргiзіледi";
9 9. 2.8-тармақтағы "уәкiлеттi банктiң" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң" деген сөздермен толықтырылсын;
10 10. 2.9-тармақтағы "уәкелеттi банк", "уәкiлеттi банктiң" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк", ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң" деген сөздермен толықтырылсын;
11 11. 2.10., 2.11-тармақтардағы "Уәкiлеттi банктiң", "уәкiлеттi банктер" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк", ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
12 12. 2-бөлiм мынадай мазмұндағы 2.12-тармақпен толықтырылсын:
"Осы қызметтi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттiк почта байланысы ұйымдарының айырбастау пункттерiн ашу уәкiлеттi банктердiң айырбастау пункттерiн құру сияқты жолымен жүргiзiледi.";
13 13. 4.1-тармақтағы "Банктiң" деген сөзден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң" деген сөздермен толықтырылсын;
14 14. 4.2-тармақтағы "Уәкiлеттi ұйымдардың" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
15 15. 4.3-тармақтағы "Айырбастау" деген сөздiң алдынан "Уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң" деген сөздермен толыктырылсын;
16 16. 4.6-тармақтағы "Уәкiлеттi банктердiң" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
17 17. 4.7-тармақтың үшiншi азатжолындағы "уәкiлеттi ұйымның" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң" деген сөздермен толықтырылсын;
18 18. 4.8-тармақтағы "уәкiлеттi банктердiң" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
19 19. 5.1-тармақтағы "уәкiлеттi банк" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк" деген сөздермен толықтырылсын;
20 20. 5.2-тармақтағы "уәкiлеттi банктер" деген сөздерден кейiн ", уәкілеттi кредиттiк серiктестiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
21
21. 5.5-тармақтағы "уәкiлеттi банктер" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер" деген сөздермен, "уәкiлеттi банк" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк" деген сөздермен, "уәкiлеттi банктер" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
22 22. 5.10-1-тармақтағы "Уәкiлеттi банктер" деген сөздерден кейiн ", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер" деген сөздермен толықтырылсын;
23 23. 5.11-тармақтағы:
"ғана" деген сөз алынып тасталсын;
", уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер" деген сөздермен толықтырылсын;