О внесении дополнений в некоторые приказы Председателя Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в некоторые приказы Председателя Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 281
- Қабылданған күні
- 07.05.2007
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2009 AI33340_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004679_
- ЭКБ идентификаторы
- 33340
- Редакция идентификаторы
- AI33340_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:40
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1
1) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарлама мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алу туралы акті нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 19 шілдедегі N 3738 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 5 тамыздағы N 143 (877); 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 174 (908) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарламада:
"шоттары болмаған" деген сөздерден кейін"немесе банк шоттарындағы (шотындағы) ақша жеткіліксіз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алу туралы актіде:
"банк шотының болмауына" деген сөздерден кейін"немесе банк шоттарындағы (шотындағы) ақшаның жеткіліксіз болуына" деген сөздермен толықтырылсын;
2
2) "Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алып қою туралы акті нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының м.а. 2005 жылғы 27 шілдедегі N 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 25 тамыздағы N 3814 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2005 жылғы N 19, 160-құжатында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алып қою туралы актіде:
"агентте банк шотының жоқтығына" деген сөздерден кейін "немесе банк шоттарындағы (шотындағы) ақшаның жеткіліксіз болуына" деген сөздермен толықтырылсын.